7. Кӛркемдік әдіс кӛріністері
Әдебиет тарихын, ондағы кезеңдерді сӛз еткенде кӛркемдік әдіс мәселесін
айтпай кетуге болмайды. Ең алдымен кӛркемдік әдіс ұғымының басын ашып
алу керек.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының білгірі, академик
З.Қабдолов бұл туралы: “Стиль, ағым қайталанбайтын құбылыстар болса,
әдіс қайталанып отыратын құбылыс; стиль мен ағым құбылмалы нәрселер
болса, әдіс тұрақты нәрсе…”
35
деген тұжырым жасайды. Ендеше шығарма-
шылық әдіс-ӛмір-болмысты ӛзіне ғана тән ерекшелікпен емес, қалыптасқан
жүйе, сала бойынша бейнелеу, ӛмір шындығынан кӛркемдік ӛнерге тән
кӛркемдік шындық жасау әдісі.
Әдебиет теориясының тағы бір білгірі, академик З.Ахметовтің пікіріне
жүгінсек, ол: “…жазушының ӛмірде нақты болған, яки болатын жайларды,
ӛмір құбылыстарын тірек етуі немесе ӛмірдің ӛзі қандай болуы қажет деген
ӛз ой-түсінігіне сүйенуі… …кӛркем әдебиет пен ӛнердің бүкіл даму
тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой кӛрсетіп келе
35
Қабдолов З. Сӛз ӛнері. –Алматы, 1992. -343- б.
98
жатқан негізгі екі кӛркемдік әдіс – романизм мен реализм деуге болады”
36
деп, анықтама береді. Академик З.Қабдолов осы екі әдістің бірі романтизмді
“ерекше жағдайда ерекше характер жасау жолы” ретінде түсіндірсе,
реализмді “детальдар шындығымен” қоса “типтік жағдайда, типтік характер
жасау” жолы ретінде түсіндіреді.
Әрине, әдістердің ӛзіне ғана тән ерекшеліктері мен қолданыс-тәсілдері
жетерлік. Бірінде алдыңғы қатарға кейіпкерлердің биік рухын, асқақ арманын
биіктете кӛрсету шықса, екіншісі де нақтылық – ӛмірдегі қарапайымдылық
пен шындықтың астасып келуі, осыдан кейін кӛркемдік шындықтың тууы
негізге алынады. Қалай болғанда да бұл екі әдіс жазушының, ақынның ӛмірді
ӛзінше кӛріп, ӛзінше түйіндеуінен мұрат табары анық.
Алайда, академик З.Ахметовтің пайымдауынша екі әдісті “бір-біріне
түгелдей қарама-қайшы нәрсе” деп қарауға болмайды, “оның бірі бар жерде,
екіншісі жалғаса жүреді”. Олар үнемі бір-бірімен жалғасып жатады. Бір
творчестволық тұлғаның шығармаларынан романтизмнің де реализмнің де
іздерін тануға әбден болады. Түрлі әдеби ағым-бағыттар “қалайда осы екі
әдістің біреуін тірек етеді”. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттардан да
осындай бірлікті таба аламыз.
Жаңа ғасыр басындағы әдебиетте осы екі әдіс қабаттаса, қанаттаса кӛрініс
тапты. Бір қатар ақын-жазушылар ӛткен баба ерліктерін асқақ рухпен
жырлап, болашақ күнге қияшыл сезіммен қараса, екінші бір топ ӛз
дәуіріндегі ӛмір шындығын нақты сипаттап, ӛткір сынай білді.
Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, М.Дулатов т.б. шығармалары
бұған нақты дәлел бола алады. Махамбет, Шәңгерей шығармашылығынан
айқын кӛрінген романтизм рухында Мағжан ӛзінің сыршыл да сұлу
жырларын туғызып, әсем де асқақ ойларының ажарын ашты. Қазақ әдебиеті
тарихындағы “ақтаңдақтар ақиқатын” ашқан профессор Т.Кәкішев “Әр да-
рынның тарихта ӛз орны бар” деген мақаласында: “М.Жұмабаев қазақ
әдебиетінде романтикалық арнаның негізін қалаушы деп тауып, ӛзіндік
мектебін жасағанын именбей айтуымыз керек. Мағжанның ақындық мектебін
айтқанда Бернияз Күлеев, Ғұбайдұлла Балақадыровты алғашқы “шәкірттері”
қатарына қосып, “оқта-текте дәріс тыңдағандар” ішінде І.Жансүгіров,
Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев қана емес, осы күнгі “сырттан оқыған” кӛп
ақындардың біразын” жатқызуға болады деп түйіндейді
37
.
Романтизм
Шәкәрім,
Міржақып,
Сұртанмахмұт,
Ахмет
шығармашылықтарынан да кӛрініс тапты. Романтизм әдісінде жазылған деп
Шәкәрім поэмаларын, Міржақып, Ахметтің, Сұлтанмахмұттың азаматтық
лирикаларын атай аламыз. Ахаңның:
36
Әдебиеттану терминдер сӛздігі. –Алматы, 1992 .-186 б.
37
Кәкішов Т. Санадағы жаралар. –Алматы. 1993 .-208 б.
99
Я, құдайым! Аққа жақ!
Ӛзіңе аян-мен нақақ.
Аққа деген жолымның,
Абыройын ашпай, жап…
Мені ұстатып, айдатып,
Зығырданды қайнатып,
Масайрасып, мәз болып,
Қуанғанды ӛзің тап! –
деген жолдары, немесе Мағжанның:
Ерте күнде отты күннен Гун туған,
Отты гуннен от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара кӛзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам, –
деген шумағы бар отты ӛлеңі – ХХ ғасырдың бас кезіндегі романтизмнің
басты кӛріністерінің бірі. Мұны Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Бернияз, т.б.
шығармашылықтарынан байқауға болады.
Қандай бір әдебиетте болмасын, романтизмнің жалпылық ортақ қасиеттері
кӛрініс табуымен бірге, әр елдің тарихи-ұлттық дамуына орай ӛзіндік
қалыптасу ерекшеліктері болатынын естен шығарып алған тұстарымыз
болғанын жоққа шығара алмаймыз. Қазақ әдебиетіндегі романтизмнің пайда
болуы жалпы ұлттық қалыптасудың тарихи негізінен нәр алады. Ол – елдікті,
ұлттық тұтастықты сақтау жолындағы күрес пен отаршылдық езгіге қарсы
күрес идеясының тікелей жемісі. ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар жеке
тұлға бостандығын кӛрсету арқылы, халық бостандығын жырлады. Осы
жолда жеке трагизм арқылы ел қайғысын, ел басындағы қасіретті кӛрсетті.
Мұны біз екіге бӛліп, романтизмді революцияшыл, ӛршіл және реакцияшыл,
кертартпашыл тауып біріншісін ақтап, екіншісін қараладық. Қалай болғанда
да романтикалық шығармалардың басты міндеті - ескілікті жырласа да бір
кезде еркін ел болып, Ертіс пен Еділдің, Орал мен Алтайдың аралығын ен
жайлаған замандарын еске салып, ұлтының рухын кӛтеру.
Романтик-жазушы ӛз алдына тарихи шындықты немесе ӛмір шындығын
дәлме-дәл суреттеуді басты міндет етіп қоймайды. Ол үшін ең бастысы –
тарихқа, ӛмірге деген ӛз кӛзқарасын таныту. Ӛзі жасаған ӛмірдің кӛркем
образдары арқылы ӛз идеялын, ӛзі қабылдамаған ортаның болмысын жеткізу.
Сондықтан да мұндай шығармаларда ақын-жазушылар ӛзі ӛмір сүрген
қоғамындағы қалыптасқан қатынастарды сынап, сол қатынастарды ӛзгертуге
100
ұмтылған кейіпкерлер іс-әрекеті шығарманың бүкіл жүйесін құрап, олардың
ерекше тұлғасына тәнті етеді.
Автордың ӛмір шындығына, айнала қоршаған ортаға ӛзіндік қатынасын
білдіретін мұндай кейіпкерлер ерекше ӛткір сезімдерімен, ӛзі ӛмір сүрген
қоғамдық-әлеуметтік заңдылықтарға ӛзгелердей мойынұсына қоймайтын
жігер-қайратымен ерекшеленеді. Олар айналасындағылардан үнемі жоғары
тұрады. М.Сералиннің “Топ жарғанындағы” Адай жігіт, Шәкәрімнің “Еңлік-
Кебегіндегі” Еңлік, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалындағы” Жамал,
Мағжанның “Батыр Баянындағы” Баян – міне, осындай кейіпкерлер. Олар
кӛбіне жалғыз күреседі. Жалғыздық мәселесі ірі жанрлар емес, майда жанр-
ларда да кӛрініс тауып, автордың ішкі жан-дүниесімен қабысып жатады.
Әрине, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде романтизм түгелдей бір әдеби
бағыт ретінде бой кӛрсеткен жоқ, ол жеке ақын-жазушылардың жеке
шығармаларында, тіпті жеке образдар бойынан бейнелі бедер тапты десек,
жаңылыспаймыз.
“Әдеби әдіс-қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес,
уақыттың кӛркемдік концепциясы”, – дей келіп, академик З.Қабдолов
сыншыл реализм ӛмірдің даму заңдылықтарына орай дәуір тынысына
байланысты туатын құбылыс екенін айтады.
ХІХ ғасырдағы жаңа ӛзгерістер жұқтырған жат қылықтарды, ескіліктің
ӛмір кӛшіне ілесе алмаған кейбір құбылыстарды сынаудан бастау алған қазақ
әдебиетіндегі сыншыл реализм сипаты Абай шығармашылығы арқылы биік
кӛркемдік әдіс ретінде қалыптасты. Бұл әдістің басты ерекшелігі – адам
характерінің әлеуметтік жағдайларымен тығыз байланыста ашылуы. Мұнда
әлеуметтік ӛмірді талдау адам жан дүниесіне тереңдеп бойлау арқылы жүзеге
асырылады. Бұл тұрғыдан алғанда романтизм мен сыншыл реализм арасын-
дағы байланыс барлығы айқын. Яғни сыншыл реализмнің пайда болуының
негізгі романтизм арқылы жүзеге асты. Жеке адам тұлғасының ішкі
болмысына ену, оны ӛмірмен тығыз байланыста кӛрсетуге итермеледі.
ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік ӛзгерістерге байланысты жаңа сатыға
кӛтерілген қазақ жазба әдебиеті ӛмірдің қат-қабатына терең бойлап,
қоғамдық әлеуметтік қайшылықтарды ашуға ұмтылды. Россиядағы саяси
хал-ахуал, қазақ зиялыларының саяси кӛзқарастарының қалыптасуы сыншыл
реалистік әдістің әдебиетте жетекші әдіске айналуына әсер етіп қана қоймай,
осы саладағы әдеби дамуға негіз қалады.
Сӛйтіп сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің кӛрнекті
ӛкілдері Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Мағжан
т.б. дарынды ӛкілдерінің ӛнерпаздық-шығармашылық қызметіндегі басты
кӛркемдік әдіс болды. Олардың барлығы да қазақ елінің дертті мәселелерін
тілге тиек етіп, қоғамдық ӛмірдің кӛлеңкелі тұстарын ашып кӛрсетті.
101
ХХ ғасыр басындағы сыншыл реализм оқу-тоқусыз, мал соңынан ерген
қазақ жастарының, елге тұлға бола алмай, ел тұлғаларын кӛре алмай, жез
түйме мен шенге мәз болып, елін сатқан болыстарының, батыстың ұлттық
болмысқа тән емес ерсі қасиеттерін бойына жұқтырғанына мәз болған
оқыған-зиялыларының сан-қырлы образдарын жасады. Кесепатты, кесірлі,
жағымсыз мінез-құлықтарды аямай сынады. Ащы да болса, шындықты
айтты.
Сыншыл реализм әдісінде “Гүлкәшима”, “Қалың мал”, “Кім жазықты?”
сынды шығармалар жазылды. Тек тың жанрлар ғана емес, тӛл жанр іспетті
ӛлең-жырларда да жоғары дәрежедегі дүниелер туды. Шағын жанрдағы
реализм кӛбіне саяси, азаматтық лирикада кӛрінді. Бұл әсіресе Шәкәрімнің,
Ахметтің, Міржақыптың қазақты “ояту” идеясы тұрғысынан жазылған
ӛлеңдерінен
айқын
кӛрініс
тапты.
Жері тәркіленіп, санасын қараңғылық орап, отаршылдық торына шырмалған
қазақ тағдыры бұрмасыз шындықпен жырланды:
Ахаң:
Қалтылдақ қайық мініп, еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру,
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Міржақып:
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың ӛзгермеді ӛртеген.
Тырп етпейсің бас кӛтеріп кӛрпеден…
деп, қазақтың сол тұстағы тұрмысын шыншылдықпен суреттеді.
Сұлтанмахмұт қаламынан кӛбіне әлеуметтік теңсіздік зардаптарын ащы
айта білген шығармалар туса, Шәкәрім адамдық болмыстың сан-қырлы
құпиясын аршып, адамдық белгісін әркімнің ӛз бойынан табуына үндеген
тәрбиелік мәнді, ӛткір сынды шығармалар жасады. Мұны “Ашу мен ынсап”,
“Анық пен танық”, “Сәнқойлар”, “Ызақорлар”, “Мақтау мен сӛгіс”, “Талап
пен ақыл”, “Бай мен қонақ”, “Еріншек”, “Қалжыңшыл қылжақпас”,
“Құмарлық”, т.б. ӛлеңдерінің тақырыптары-ақ танытып тұр.
Рахым, ұят, арыңның,
Бетін топырақ жасырған.
Қайраты қайтып кәріңнің
Қайғысын сӛйтіп асырған.
102
Бұл жолдар – бүкіл Шәкәрім шығармашылығына тән тұтас желіні
танытатын ой-толғамдар.
Жалпы ХХ ғасырдың басындағы әдебиет ӛкілдері Абай негізін қалаған
сыншыл реализмді одан әрі дамытып, тың табыстарға жетті. Ұлы ақынның
қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды сынай отырып жасаған ӛлмес
образдарын ӛз заманында пайда болған тың бейнелермен толықтырды.
Сонымен ХХ ғасыр басындағы әдебиет романтизм және сыншыл реализм
әдісінде жазылып, ояну, азаттық, күресшілдік сияқты үлкен идеяларды
қозғады, оқу-ағарту, әйел теңсіздігі, надандық, сияқты қазақ қоғамының
дертті мәселелерін тақырып етіп алып, әлемдік әдебиет жеткен биік ӛрені
бағдарлады.
Қорыта келгенде айтарымыз, ХХ ғасыр басындағы әдебиет ӛкілдері жазба
әдебиеттің дамып, әлемдік әдебиеттер қатарына қосылуына, жаңа
жанрлардың игеріліп, мазмұн мен пішіннің бір-біріне сай бірлікте болуы
жолында аянбай еңбек етті. Қазақ ақын-жазушылары кӛркемдік деңгейі
жоғары туындылар тудырып, олар кейінгі асқар биіктерге жол ашқан
шығармалар болды.
103
3-тарау
ДІНИ-АҒАРТУШЫ БАҒЫТТАҒЫ
АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР
1. Бағыттың басты сипаты мен кӛрнекті ӛкілдері
Бҧл бағыттағы ақын-жазушылар негізінен діни білім алып, шығыстық
ӛркениетті мұрат тұтқандықтан замана сыры, қоғамдық-әлеуметтік
ӛзгерістерге сол кӛзқарас тұрғысынан қарайды. Сондықтан да, олардың
кӛпшілігі батыстық үрдістен ӛріс алған Ресейдегі қоғамдық ӛзгерістердің
шынайы себебін, олардың сан қырлы сыр-сипатын нақты ажырата алмағанын
ашық айту керек. Бұлардың шығармашылығында ел қамын ойлаған
тынышсыздану, халықты қайтсем түзу жолға салам деген қиналыс бары рас,
бірақ бұл халден арылар нақты жолды олар түптеп кӛрсете алмады. Ӛз
заманына қарай ілгершіл ой-пікірлері мол болғанымен, кейбірі кӛбіне
біржақтылыққа бой ұрып, жалаң түрдегі діншілдікті насихаттау жолымен
кетті.
Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы ақындар ӛздері нәр
алған шығыстың озық үлгілі әдебиетінен үйреніп қана қоймай, шығыс
шайырларының кӛрнекті шығармаларының бірсыпырасын қазақ тіліне
аударды. Шығыс сюжетіндегі тақырыптарға негіздеп ӛздері де шығармалар
жазды. Сӛйтіп нәзирашылдық дәстүрді дамытты. Шығыстың классикалық
әдебиетінің қазақ сахарасына кеңінен таралуына ең игілікті еңбек еткен осы
бағыттағы ақын-жазушылар. Діни-ағартушы ақындар шығармашылығына
тірек болған қазақ поэзиясының арғы арналарындағы Ахмет, Яссауи,
Рабғузи, Ахмет Жүйнеки т.б. шығармашылықтары, әдебиеттегі діни
сарындар. Бұл бағыттағы ақындардың бір тобына тән ерекшелік-
қиссашылдық, кітаби сюжеттерге еліктеушілік. Жалпы алғанда діни-
ағартушы ақындар ӛз дәрежесінде қазақ поэзиясынан кӛркемдік деңгейін
биікке кӛтерді. ХХ ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан баюына
елеулі үлес қосты.
Діни-ағартушы бағытта шығармашылық мүмкіндіктері әр-түрлі ақындар
еңбек етті. Бірақ шығармасының мазмұны, түрі әрқилы, идеялық
кӛзқарастары сан алуан, шеберлік деңгейі түрліше болғанымен, бұл
бағыттағы ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар. Бірінші белгісі – бұлар
– діни мектептерде оқып мұсылманша білім алған ақын-жазушылар.
Олардың орыс оқуымен, орыс жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана
таныстығы болды. Екіншіден, бұлар – шығыс әдебиетін, оның түрлі әдеби
мектептерін жетік біліп, озық үлгілі дәстүрін, кӛркемдік тәсілдерін ӛз бойына
үйір етіп, ӛз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар. Yшіншіден,
бұлар қаршадайынан діни тақырыптағы шығармаларды, ертегі-аңыздарды,
104
қисса-дастандарды жаттап, ондағы кейіпкерлерге еліктеп, сондағы ӛсиет-
ӛнегеге тұщынып ӛскендер. Кейін құрғақ еліктеуден, мағынасыз жаттаудан
құтылып, діни ілім-білімге бой ұрып, іздегендерін дін жолынан тапқандар.
Тӛртіншіден, бұлардың кӛпшілігі ірі медреселерде білім алып, Ташкент,
Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің
классикалық үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын жетік
меңгергендер болуы.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шәді Жәңіров, Ақылбек
Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы Шораяқтың Омары, Мәулекей
Жұмашев т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысып, шығыс, ислам
сюжеттеріне шығарма жазып, нәзирашылдықты дамытты. Олардың шығыс
сюжетінен, діни кітаптардан аударып, ӛз бетінше жазған шығарма-
дастандарын мынадай топтарға бӛлуге болады. Діни тақырыптағы қиссалар:
“Зарқұм”, “Мәлікаджар”, “Кербаланың шӛлінде”, “Сал-Сал”, “Мұхамед-
Ханафия”, “Сүлеймен пайғамбар”, “Жұм-Жұма”; Қиял-ғайып ертегі іспетті
қиссалар: “Шәкір-Шәкірат”, Сейфіл-Мәлік – Бәдіғұл-Жамал”, “Шаһмарал”,
“Абушахма”; Ғашықтық қиссалар: “Жүсіп-Зылиқа”, “Таһир-Зухра”, “Ләйлі-
Мәжнүн”, Мұңлық-Зарлық”, “Боз жігіт”; Батырлық қиссалар: “Рүстем-
Дастан”, “Кескен бас”, “Ескендір”, “Қисса Баһрам” т.б.
Міне осы шығармаларды жазған, тәржімалаған ақындарды қиссашыл
ақындар деуіміз керек. Ӛйткені оларға тән творчестволық еңбектің негізгі
ӛзегі осы қиссашылдық. Ал енді бізде қиссашыл-кітаби ақындар деген ұғым
бар. Бұл ұғым әлі күнге дейін пікір таластарға арқау болып келеді. Бұл
туралы кезінде ғалым Ы.Дүйсенбаев “Кейбір зерттеушілер “Кітаби ақын”,
“Қиссашыл ақын” деген терминдерді жиі қолданатын болып жүр. Бірақ осы
бір ұғымдардың қалайша туып, нені қамтитынын ешкім жӛнді білмейді”
38
деген болатын. Негізінде бұл топқа бұрынғыдай М.Қалтаевты,
Н.Наушабаевты, М-Ж. Кӛпеевті қосу ӛте қате болар еді. Олар – ӛзіндік стилі,
әдеби беті, бағыты қалыптасқан ақындар. Кітаптарында кейбір арабтан,
парсыдан, татардың жазба тілінен ауысқан сӛздер жүр екен деп “кітаби”
ақын атандыру – ешбір әдеби танымға сиымсыз нәрсе. Онда “Оян, қазақты”
жазған М.Дулатовты да осы топқа жатқызуға тура келеді. Оның осы
кітабында түсініксіз сӛздер жетерлік.
Әңгіме кітаби сӛздер де емес, ақынның мақсатында. Біз ХХ ғасыр бас
кезіндегі түрлі кітаптардағы шығармаларды мейлі ол қарасӛзді болсын, мейлі
ӛлең түрінде болсын тәржімалап, немесе сол сюжетті негізге ала отырып
соған еліктеп шығарма жазған, яғни қисса-дастан тудырған, ӛзгедей
шығармашылықпен айналыспаған ақындарды кітаби-қиссашыл ақындар
деуіміз керек. Бұларға Ақылбек Сабалұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек
38
XXғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. II том. Екінші кітап. –Алматы, 1965. – 27б
105
Шайхысламұлы т.б. жатады. Себебі олар ӛзіндік ӛлең жазып, оны кітап етіп
бастырған емес. Жәй ауыл арасындағы тіршілікте айтқандары бар шығар,
бірақ олары кӛп емес, әрі сапасы да талапқа сай емес. Олардың сіңірген
еңбегі – шығыстық үлгідегі қисса-дастандарды кӛбірек жазып қалдыруы
және оны ӛзгеше бір әдеби дәстүр, әдеби мектеп дәрежесіне кӛтеруі. Бұл
дәстүр Қазақ даласына кеңінен қанат жайған. Ол Алтайда да, Атырауда да,
Сырда да, Жетісуда да ӛз жемісін беріп, небір майталман жүйріктерді
еліктірген.
Кеңестік кездегі әйтеуір сол тұстағы идеяларға жат кӛзқарасты айдар
тағып, ат қойып аластауды әдетке айналдырған мақсаттан туған “Кітаби-
қиссашылдықты” Мәшһүрдей, Мақыштай, Нұржандай ақындық ӛнердің,
асыл сӛздің шеберлеріне айдар ғып тағу, олардың “шекпендеріне” тарлық
жасайды. Олар – діни ағарту тұрғысынан ұлттық поэзиямыздың ӛресін биікке
кӛтеріп, әдебиет тарихында ӛзіне ғана тән ақындық қолтаңбасын қалдырған
ӛнерпаздар.
Мақыш Қалтаев (1869-1916). Ақмола маңында туып ӛскен. М.Қалтаев
шығармаларында діншілдік сарын ӛте басым болып келеді. Жалпы
адамзаттық имандылыққа кӛбірек үндейді. Дінді – адам жанының рухани
тазаруы ретінде ұсынады. Кейде пәни дүниеден жақсылық таппай, бақидағы
қызықты жырлау арқылы қайшылыққа ұрынатын тұстары бар. 1907 жылдан
бастап шығармашылықпен айналысып, 1907-1913 жылдар арасында сегіз
кітап шығарған. М.Қалтаев ХХ ғасырдың басында ең кӛп кітап жазған
ақынның бірі болып табылады.
М.Қалтаевтың “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен манзұмасы“
(1907) “Қазақтың айнасы (1910), “Біраз ғибрат сӛз“ (1910), “Насихат қазахия“
(1911), “Бар оқиға“ (1912), “Тура жол“ (1912) атты жинақтарының
тақырыптары ортақ, бір сӛзбен айтқанда, қазақ жайы. Татар ақындары
З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған “Айна“, “Сақ-сұқ“ ӛлеңдер жинағы бар.
Бұл аудармаларда ақынның ӛзіндік қолтаңбасы айқын сезіліп тұрады.
Діни кӛзқарас жетегінде бола тұра, Мақыш – ӛз кезінде замана шындығын
дұрыс пайымдай білген ақын. Оның жинақтарына енген ӛлеңдерінен
(“Аплотондай адамдар кедей болып“ т.б.) қазақ қозғалысындағы әлеуметтік
теңсіздікті кӛре алғанын айқын байқаймыз. Ақын дүние, тіршілікке ӛз
кӛзқарасын білдіріп, ӛлеңдерінде ӛзіндік ой-пікір қорытуға ӛте шебер.
Шығармаларында алланы шын сүю, Мұхаммедтің үмбеті болу тәрізді рухани
тазарудың ұлы мақсаттарына жетелеумен қатар, ой астарында ӛмірдің
қиындығына тӛзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адами асыл
қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты басымдау жатады. М.Қалтаев ӛлеңдерінде
ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік
ерекше шабытпен жырланады.
106
Алғашқы шығармасы “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен
мәнзұмасының” ӛзінде-ақ қазақ тұрмысына тән, содан туындайтын
әлеуметтік мәселелерді ӛткір кӛтере білді. Діни уағыз айта отырып, ӛмір
шындығынан алшақ кетпей, бақилық шындықтан фәнилік шындықтың
болмысын ашады. Алланы адамға қуат берер рухани күш деп біліп, тіршілік
тірегі іс-әрекет, ізденіс деп түсінеді. Діни-пәлсапалық түйін-дері кӛбіне
қарапайым қазақи ұғыммен астарлас болып келеді. Ӛз дәуіріндегі қазақ
даласында қалыптасқан кейбір кертартпа әдет, теріс мінез-құлықтарды ашық
түрде ащы сынайды.
“Бар оқиға“, “Насихат“ жинақтарындағы ӛлеңдерінде пайдалы іске
ұмтылу, еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттерді дәріптейді. Дінді арамдық
істеріне бүркеу еткен екіжүзділікке қарсы болып (“Қаж хаhында“), дін
тазалығы үшін күрес жүргізуге тырысады. “Ӛнерге тағлым үшін бала берді“,
“Ӛнерге жабыспасақ іс бітпейді“, “Михнат босқа кетпес қиналсаңыз“ атты
ӛлеңдерінде
ӛнерді
дәріптеу
айқын
кӛрініс
табады.
М.Қалтаев
шығармашылығының басты тақырыптарының бірі – әйел теңсіздігі. “Сәбия
қыз“ ӛлеңі – осының нақты мысалы.
“Қазақтың айнасы“, “Біраз ғибрат сӛз“ жинақтарының ӛлеңге қойылар
талап тұрғысына сапасы ӛте жоғары. “Біраз ғибрат сӛз“ жинағындағы мысал
ӛлеңдерінің (“Есектің ойнауы“, “Аз үмітпен кӛп зарар берер“, “Бал құрты
мен шыбын“, “Жақсылыққа жамандық“, “Пақырлық пен Байлық“ т.б.)
тәрбиелік мәні зор. Мақыш – қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын дамытушы,
ӛркендетушілердің бірі.
“Тура жол“ жинағында дүние, жан, рух туралы түсініктер діни ілім-
біліммен астасып жатыр. Ақынның қазақ тарихына кӛз жіберіп, хандар мен
тӛрелердің озбыр іс-әрекеттерін ашар тарихи деректерді алға тартуы
(“Қазақтың ханы болған тӛрелері“) – оның ӛткенге ӛзінше қарайтындығының
белгісі.
М.Қалтаев
шығармашылығына
тән
басты
ерекшелік
адамдық,
адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгершілікті қолдайтыны.
Мақыш – ӛмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы
тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім ақын.
М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы кӛбіне
уақыт тынысын тап басып, замана құбылысын дәл танып, ӛз ӛлеңдерінде
күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтынынан кӛрініс табады.
М.Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың кӛрініс беріп қалатынын
жасыруға болмайды. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы да
бар. Ӛлең жолдары араб, парсы, татар тілдеріндегі сӛздермен араласып кетіп,
қазақ тіліне тән ұйқас, үндестік заңдары бұзылып отырады.
107
Жалпы алғанда, М.Қалтаев – ӛз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап,
халықты оятуға күш салып, ӛнерғылымды насихаттап, ағартушылық
әдебиетке елеулі үлес қосқан ақын.
Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912). Ақтӛбе облысында туып ӛскен.
Әбубәкірдің 1903 жылы “Әдебиет қазақия“ деген кітабы шыққан. Бұл
кітаптың ӛз кезеңіндегі маңызы зор. Ондағы ӛлең-толғаулардың тақырыбы
әркелкі. Ақынның заман жайы, қазақтың бұрынғы хал-жайы, қоғам, адам
жайлы ӛзіндік ой түйіндері ӛте мол. Дін жолына, ғылым-ӛнерге үндеуде ӛз
дәуірі тұрғысынан алғанда ілгершілдік кӛзқарастары бар. Ол ӛз тұсындағы
қазаққа тән емес жат құбылыстарды, ел арасындағы жағымсыз мінез-
құлықтарды аяусыз сынайды. Ӛлеңдерінің кӛбі отаршылдық озбырлыққа
қарсылықты са-рында жазылған. Кӛбіне ӛткен ӛмірдің жақсылықты
жақтарын поэзиясына арқау етіп, бүгіннен түңілгендей сипат танытады.
“Сырқау болып жатқанда“ ӛлеңіндегі ӛмір, адам туралы толғаныстары,
ақындық ой-топшылаулары ӛте мәнді. Адам ӛмірінде ғылымбілімнің алар
орны туралы ақын орнықты ой-пікірлер айтқан. “Заманның опасыз халінде
айтқан ӛлеңінде“ ӛз заманының келбетін кеңінен суреттейді. Ӛсиет-терінің
ӛмірмен тығыз байланыстылығы бар. “Әубәкір молланың ноғай халқына
насихат қылып айтқаны“ толғауында түркі тектес халықтарды бірлікке,
ынтымақтыққа шақырып, діндес, тілдес ұлттардың бірлігін жақтайды. Жалпы
алғанда, Әубәкір шығармашылығындағы ӛмір ӛзгерісін, қайшылықтарды
сынау, ең алдымен, діни ұғыммен астасып отырады.
Нұржан Наушабаев (1859-1919). Қостанай облысында туып-ӛскен.
“Манзұмат қазақия“ (1903), “Алаш“ (1910) атты кітаптарының ХХ ғасыр
басындағы әдебиетте ӛзіндік орны бар. Нұржанның Сапарғалимен айтысы
негізінде “Жұмбақ айтысы“ (1903) кітабы да басылып шыққан. Бұл айтыста
ақындардың білімі, ой-ӛріс кеңдігі кӛрініс тапқан. Нұржан поэзиясындағы
шағын жанрлардың әрқилы түрлері молынан кездеседі. Нұржан назым,
терме, тақпақ т.б. жанрларда елеулі еңбек еткен. Шығармаларында заманаға
деген ӛзіндік кӛзқарастары молынан кӛрініс тапқан. Ӛлеңдеріне тақырып
қоймай, бірінші назым, екінші назым деп атаған. Замана құбылысын
жалпылама сипаттамай, ӛлеңдерін нақтылыққа бейімдей білген. Оның жеке
мінез-құлықты, жағымсыз адами пендешілікті сынау тақырыптарындағы
және әзіл-сықақ ӛлеңдерінде қазақ әдебиетінің бай дәстүрі, ауыз әдебиеті
үлгілерінің сипаты басымдау келеді. Нұржан “Назымдары“ – дарынды
ақынның ӛзіндік ізденістері. Шығармашылығының ӛнбойына діндарлық
арқау болған. Кӛбіне “заман азды“ деген ойды ӛзек етіп, соның мән-
мағынасын ұғынуға ұмтылады. Кейде ӛмір шындығына терең бойлай алмай
қалатын сәттері де кездеседі. Мәселен “Манзұмат қазақия“ атты кітабында
қазақтың шығу тегі туралы ел аузындағы аңыздарды кейінгі діни шежіремен
ӛзектес алып, қайшылыққа ұрынады. Н.Наушабаев шығармаларында ӛз
108
дәуіріне сай жетістіктер де, кемшіліктер де бар. Олардың ара салмағын
алдағы уақыт айқындайды.
Мұса Молда Байзақов (1849-1932). Түркістан ӛңірінде туып-ӛскен. Мұса
молда шығармашылығында шығыс дәстүрі басым. Датқадан шығып,
кедейленген ақын ӛмір шындығын шынайы суреттеуге ӛте бейім боп келеді.
Бұрынғы ӛмір қалпына ӛз заманы шындығынан қарап, сын сӛзімен байыптап,
кемшіліктерін тауып, сынай біледі. Ӛлеңдерінде сыни кӛзқарас мол кездеседі
(“Есім аға“, “Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл“, “Сайлау деген елге бір
бүлік болды“ т.б.). Мұса молда ӛлеңдерінде ғылым-білімге үндеу басым
болып келеді (“Харакетке жаратқан адамзатты“, “Ғылымсыз болып
қартайсаң“, “Жолаушымыз отырсақ, жатсақтағы“ т.б.). М.Байзақов – мысал
жанрын дамытуға ӛзіндік үлес қосқан ақын (“Тышқан мен түйе“, “Жолбарыс
пен түйе“, “Қайырымды қыз бен қайыршы“ т.б.). Ақынның эпикалық жанрда
жазылған шығармалары ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі елеулі
табыс болып саналады. Поэмалары (“Ұры мен жолбарыс“, “Опасыз жар“,
“Сұлу әйел мен молда“) кӛбіне шығыстық желіге, ауыз әдебиетіндегі аңыз
әңгімелерге негізделіп жазылған. Мұса молда – айтыс ӛнерін дамытуға да
үлес қосқан, әдебиетке жазба айтыс үлгісін әкелген ақындардың бірі. Оның
“Манат қызбен айтысы“ хат арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады.
Оңтүстік ӛңірінде жиі кездесетін бұл дәстүрді Молда Мұса биік деңгейге
кӛтерген. Ақын кеңес дәуірінде де біраз шығармалар жазған (“Жаңа заман“,
“Талапты жастар“, “Октябрьдің 14 жылдығына“ т.б.). Жалпы алғанда, Мұса
Молда Байзақов – діни кӛзқарасты ӛз шығармаларында орынды пайдаланып,
тәрбиелік мәні зор шығар-малар туғызған ӛз заманына сай ақын.
Шәді Жәңгіров (1855-1933). Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ
ӛңірінде туып-ӛскен. Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагӛйлік
дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен
сюжеттерді ӛзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа,
тӛл туынды жасаған ақын. Бұл саладағы шығармаларының (“Қисса қырық
уәзір“ (1911), “Назым Шәhир дәуіріш“ (1913), “Қисса Бәлғәм Бағур“ (1910),
“Хайбар қиссасы“ (1913). “Хикаят халифа hәрун Рашит“ (1917) т.б. ХХ ғасыр
бас кезін-дегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы мен
дамуына игі әсері ӛте зор. Шәдінің тӛл тума шығармаларының (“Ресей
патшалығында Романов нәсілінен хұқмынарлық қылған патшалардың
тарихтары, hәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ
халқының ахуалы“ (1912), “Келіннің бетін ашатын терме“ (1915), “Хикаят
Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан оқиғасы“ (1917) т.б.) ХХ ғасыр
басындағы әдебиетте ӛзіндік орны бар. Ақын неге екені белгісіз күнделікті
ӛмірді, қоғам жайын аз жырлап, ӛткен ӛмір мысалдары негізінде жалпы
адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармаларды басымдау жазған.
Оның діни-ағартушы екендігі шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде
109
қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан кӛрініс табады. Жастайынан
ел басындағы ауыртпалықты кӛріп ӛскен ақын ӛзінің тӛл ӛлеңдерінде ел
билеген әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбырлықтарды
еркін сынап отырады. Оның “Бӛрбас байға“, “Отыншы байға“, “Бір молдаға“
т.б. ӛлеңдерінде ӛмір шындығы реалистік түрде кӛрсетілген. Жалпы алғанда,
Шәді шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі эпикалық
жанрды ӛрістетуде ерекше орыны бар.
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да
болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек
Сабалаұлы тәрізді ақындар кӛбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып, немесе
бастырып шығарумен айналысқан. Шығармаларының қай-қайсысында
болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар ӛріс тауып отырған.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде діни-ағартушы
ақындар ӛзіндік бет-бағдарын айқын танытқан. Олардың шығармашылығы
кӛлемі жағынан аса мол, жанр, түр жағынан мейлінше бай болып келеді.
Талант, дарындары әрқилы ақындардың, ӛзіндік қолтаңбалары да әр-қилы.
Бұларды біріктіретін басты белгі – діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-
мұраттары.
Достарыңызбен бөлісу: |