1.2. Көркем мәтінің композициялық сөйлеу түрлерінің өзіндік ерекшеліктері
Коммуникативтік процесте жалпы мәтін түзу мәселесі мен сөйлеудің функционалдық түрлерін анықтау адресат пен сөз жағдаятына, яғни сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына қатысты айқындалады. Жоғары оқу орындарына арналған «Орыс тілінің сөйлеу мәдениеті» деген оқулықтың авторлары Л.К.Граудина мен Е.Н.Ширяева сөйлеудің функционалдық- семантикалық түрін былай анықтайды: «Сөйлеу түрі дегеніміз- мәтін ішінде дамитын оқиға, жағдай туралы монологтық әңгімелеу, заттың түрлі белгілерін монологтық суреттеу , себеп – салдарлық қатынастар туралы монологтық пайымдау», - дейді. Демек, автор өз ойын түсінікті жеткізу әрі тыңдаушыға барынша әсер ету үшін және сөйлеуге динамикалық сипат беру мақсатына сөйлеудің белгілі бір түрін таңдайды екен. Осы ой тілші О.А.Нечаеваның сөйлеу түрлері туралы: «Сөйлеудің функционалды түрлері – әңгімелеу, суреттеу және пайымдауға негізделген монологты сөйлеудің коммуникативтік жағынан шартты типтік түрлері. Аталған сөйлеу түрлерінің әрқайсы сөйлеу мақсаты мен мазмұнына қарай ерекшеленеді де тұрақталған тілдік құралдар арқылы көрініс табады», - деген анықтамасы қуаттай түседі. Ғалым Н.Ю.Штрекер сөйлеу түрлерін былай тұжырымдайды: «Сөйлеу түрі дегеніміз - белгілі бір жалпыланған мағынаға (зат пен оның сапалық белгілері, зат пен әрекеті, себеп – салдарлық қатынастары, құбылысты, жағдайды бағалау т.т.) негізделген белгілі бір тілдік құралдар арқылы берілетін мәтін немесе мәтін бөлігі». Қазіргі тіл білімінде сөйлеудің функционалдық түрлеріне берілген анықтамаларды саралау барысында композициялық сөйлеу түрі дегеніміз тілдік мағынасы бар және ол мағына белгілі бір қалыптасқан бірліктер арқылы беріледі де мәтін түрінде сөйлеудің сыртқа шыққан материалданған көрінісі болып табылады. Олай болса, сөйлеу түрлерінің өзіндік ерекшелігін тану үшін әрқайсын жеке алып қарастыруды жөн көрдік…[ ].
Композициялық сөйлеу түрлеріне тән өзіндік белгілері бар. Олар айрықша мағыналық категория болып табылады, идеалды мағынаға ие және материалды таңбалардан тыс өмір сүре алмайды. Мәтіннің материалды таңбалық сипаты оның сыртқы қабығы болып саналады.
Композициялық сөйлеу түрі – ойлаудың логикалық формасының тілдік көрінісі. Ол қандай да бір мазмұнның, шындық өмір туралы берілген ақпараттың тілдік құралдар арқылы материалдануы, яғни сыртқа шығып, қарым – қатынас құралына айналуы. Автордың көздеген мақсатынан шығып, оқырманға жетуі.
Композициялық сөйлеу түрлері (КСТ) – ойлау үдерісінің құрылымын, типін және ойлау бөлшектерін өзара және бір – бірімен байланыстырудың тәсілдері мен жолдарын бейнелейтін форма болып табылады. Ойлауды құрайтын маңызды бөлшектерге уақыт пен кеңістік және себеп – салдар жатады. Материяның формасы және оның жасалуы әр түрлі болғаны сияқты оның ұйымдасуының түрлі жолдары бар. Алайда оларды екі құрылымға бөліп қарастыру қалыптасқан: уақыт құрылымы және кеңістік құрылымы,экстенсивті және интенсивті құрылымдар.
Экстенсивті құрылым кеңістікте байланысты көрініс тапса, интенсивті құрылым уақытқа байланысты анықталады. Экстенсивті құрылымға бірыңғай заттарды байланыстырудың қалыптасқан түрлері тән болса, интенсивті құрылымға себеп – салдарлық сипат тән. Осыған сүйене келіп құрылымдық байланыстың екі түрін ажыратуға болады: «әңгімелеу» (интенсивті құрылым) және «суреттеу» (экстенсивті құрылым).
Егер де оқиғаның, іс-әрекеттің уақыт ішіндегі өрбуі тұрғысынан интенсивті құрылымды әңгімелеуге тән құрылым десек, ойталқыға логикалық құрылым тән болып келеді. Кеңістік – қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетсе, уақыт – қатарлас нәрселердің бірін – бірі ауыстыруын, себеп - салдар – бірінен екіншісінің пайда болуына әкелетін құбылыстардың байланысын көрсетеді…[ ].
КСФ – ның типтік түрлерінің құрылымы жағынан олар «классикалық» үлгіде немесе күрделі, аралас, өзгермелі құрылымды болып келуі мүмкін. Алайда, ол сөйлеушінің субъективтік ұстанымына тығыз байланысты болады. КСФ – табиғатынан екі жақты құрылым. Ол – ойлаудың бір түрі, яғни сөйлеу әрекетін жүзеге асырады, әрі сөйлеу әрекетінің бір түрі, яғни қатысым түріне жатады.
Суреттеу- бейнелеудің кеңістіктегі дамуы болса, әңгімелеуу – мезгілдік дамуы, ал ойталқы – логикалық дамуы... Шығарманың композициялық құрылымы осы айтылған сөйлеу формаларының түрліше байланысып қиысқан өрмегінен тұрады. Бір – біріне байланыса, кіріге отырып, сөйлеу формалары көркем шығарманың одан да ірі композициялық құрылымдарына бірігеді [22,14]. Әңгімелеу, суреттеу, пайымдау нақты шығармада бірнеше сөйлемнен құрылған тұтас мәтіннің үзінділерін құрайды.
«Описательные ССЦ предназначены для характеристики явлений природы, предметов, лиц и т.д. путем перечисления их признаков. В зависимости от предмета, который характеризуется, они делятся на пейзажные, на ССЦ портретной характеристики и др... В повествовательных ССЦ дается представление о развитии описываемых событий, об их последовательности. На первый план выдвигается порядок протекания действия. В каждом ССЦ типа рассуждения четко вычленются три части: а) тезис, б) доказательство (аргументация) и в) вывод. [11,71]. Берілген анықтаманың өзінен КСФ – ға тән құрылымдық, мағыналық ерекшеліктер мен композициялық ұқсастарды анық байқаймыз. Мысалы, Сол түні Наймантай көпке дейін ұйықтай алмады. Аз уақыт бірге болса да қиялдай тәтті елес боп көңілін баурап алған Аққыздың әрбір қылық – қимылы көз алдында тұрып алды …[ ]
Достарыңызбен бөлісу: |