Мазмұны нормативтік сілтемелер


C. Мұқанов «Ботагөз» романы «Тұңғиықта» бөлімі ( 1-бөлім 19-20 бб.)



бет15/32
Дата02.06.2023
өлшемі162,44 Kb.
#98385
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
C. Мұқанов «Ботагөз» романы «Тұңғиықта» бөлімі ( 1-бөлім 19-20 бб.):
«Асқар «келіңіз» дей бергесін, қымсынып кеп Кенжетай жақтан Айбала да отырды.
Асқардың көзін тәтті қуырдақ емес – Ботагөз тартты. Бірақ ол өз сезімімен өзі қатты күресіп, Ботагөзге қарамауға, қараса ағаларына сездірмеуге, көзқарасынан Ботагөзге ой түсірмеуге тырысты. Сондай арпалысқан сезімнің толқынына батып отырып, қуырдақтың қалай желініп болғанын білмей де қалды. Бірақ көз жаңылғанмен, қол мен ауыз жаңылған жоқ. Сыбағалы тамақтан аш, құр қалған жоқ. Ботагөздің магниті тартқан көзді зорлықтан басқа жаққа аударып отырып, қуырдаққа мейлінше тойды.
Ауыз бозбаласының әдетін істесе, Асқар төсекке жатқаннан кейін көзін жұрттан ұрлап, көрпенің астынан қыздың жатқан орнына қарар еді. Төрге төсек салып бергеннен кейін Асқар оны істемеді. Әрі жас отау, әрі кедей үй болғандықтан төсеніші шамалы екен. Сол араға барып, ол етігі мен сыртқы камзолын шешті де, шалбаршаң, пальтосын жамылып, теріс қарап, жатып қалды.
Асқардың әдептілігіне сенді ме, болмаса қарындастарын бала деп түсінді ме – ағалары да, жеңгесі де қызды қорғаған белгі көрсеткен жоқ. Тар бөлмедегі Асқар мен Ботагөздің төсегінің арасы бір-ақ құлаш жер, орталарында еш нәрсе жоқ.
Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірақ жатқан қалпынан тырп етіп қозғалған жоқ, қимылдаған жоқ. Сол түнгі ауа райы. Сібірдің күзгі мезгілінде, әсіресе тауда сирек кездесетін рай еді. Кешке қарай аспанды бүркеп алатын күздің сұр бұлты ол түні жоқ еді. Түн ортасына жақын туған, оң жағынан ойық ай, биікке шығып алып, сәулесін Бурабай көліне сүңгітіп, қалқып бара жатыр еді. Сол айдың жарығы түскендіктен, үйдің іші бозамықтау еді.
Ұйқысы келмеген Асқар пальтодан бетін ашып жатып, біразға шейін құлағына көлдің жарына жұмсақ леппен ұрған әлсіз толқынға тікті. Терезенің түбіне екі-үш-ақ саржан жерде тұрған көлдің суының болмашы қимылы бұған түгел естілді.
Асқардың кеудесіндегі судай сапырылған ой толқыны ішіне сыймағанда, демін қаттырақ алып қала жаздап, біреу-міреу біліп қалар дегендей, өзін-өзі зорлады.
«Бұл қыз маған ұнады», - деген қорытындыға тірелді. Асқардың ойы біраздан соң. – Бірақ сөз салуға әлі жас. Бұл бақытты қыз. Үйткені, шаруалары кедей болғанмен, алтын асықтай ағалары бар. Мына екі ағасы бір қызды өсіре алатын жігіттер. Оның үстіне мына бір жеңгесі де табылған адам екен. Қайын сіңлісін мұндай күткен жеңгені көрген жоқ ем...
«Бұл қыздың өмір сатысына басқан адымы әзірге дұрыс. Қазақтың қандай ақылды, көрікті қызы надан ауылда, ең жетілді дегенде тәуір күйеуге тиіп, өз қара басынан аса алмайтын, үй күңі болатын еді. Бірен-саран қалада тұрған байдың қыздары оқыса, олардың түпкі мақсаты: семья басы – ана болу. Қазақ кедейінен Европа ғылымын алып, әлеумет кісісі болған қызды өзім көргем жоқ...»
«Мына қыз кедейдің қызы. Дер шағында оқуға түскен. Оқырлық жағдайы толық. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ. Олай болса менің бірінші міндетім: осы қыздың осы оқу жолын білім өмірінің жайлануына жеткізуге көмектесу».
«Екінші ... – деген сөздің артынан Асқар біраз бөгелді. Ондағы айтайын дегені: «бұл қыз түбінде мендік болуға тиісті» деген сөз еді. Бұл сөзді айтуға бөгет болған себеп екеу: біреуі – «біреуге уәде қылып қойса қайтем?», екіншісі – қыздың көңілі менің көңілімнен тура шыға қоярын кім біледі». «Біреуге уәде қылсын, қылмасын, - деді Асқар ойын қорытып, мен мұны сүйдім. Олай болса,осы ойымды орындауға тиістімін!..»
«Тиістімін!» - дегенде Асқардың дыбысы шығып кетті. Ол сасып қалды. Үйдегілердің біреуі оянып қалды ма?» дегендей басын ақырын көтеріп қарап еді, ешкім оянған жоқ екен.
Ол аз отырды да, көзін Ботагөз жаққа аударды. Ботагөз көрпесін кеудесіне шейін ғана жауып, беті ашық, шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Асқар құлағын тігіп еді, алған демі естілмеді. Оған Ботагөз дем алмастан ұйықтап жатқандай көрініп, кеуде жағына көзі түсіп еді, ішкі ақ көйлегінің шеті көтеріліп-басылған кеудеден азғана қозғалып жатыр екен.
Қадала қараған Асқардың көзіне күңгірт жарықтан елестеген Ботагөз, күндізгісінен де сұлу сықылданып кетті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет