Мазмұны нормативтік сілтемелер


Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» романы (2-бөлім 153-156 бб.)



бет17/32
Дата02.06.2023
өлшемі162,44 Kb.
#98385
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» романы (2-бөлім 153-156 бб.):
«Жанат далаға шыққанда ымырт жабылған. Алыста, көз ұшында, күндіз көрінбейтін Теміртаудың электр шамдары түнде ұзын жал болып, сағымша қозғала көрінді. Онан бері кең даладағы көп жарқыл электр линиясын тартқан осы колхоз жұмысшыларының оттары. Жерді от, аспанды жұлдыз безеп, әлем бүгін өзгеше сәнді. Толған ай танадай боп, жер мен көктің қабысқан жерінде тұр. Батыстағы қызыл шапақ бозғыл тартып, шығысқа қарай жылыстап барады. Ауыл жанындағы өзен, аржағында Жауыртау тұңғиық сыр басқандай, түнере түскен. Колхоз үйлері тып-тыныш, көшесінде қыбыр еткен жан жоқ. Ырысжаннан өзгесі қайтпапты. Мүлгіген тыйыштықта дамыл-дамыл тоқылдағын қағып Мәмет отыр. Жанат жай басып, колхоз кешін байыпты көзінен өткізіп келеді. Бағанағы ауыр ой серпілген. Тұнық әуені сіміре жұтып, енді ойын әдемі сезімдерге билетіп келеді...
Мектепке жетті. Оқытушылар бөлмесінде, оқытушылар күтіп отырған. Әңгімелері есік сыртынан естілді. Мұндағы әңгіме де жоспар орындау жайында. Бірақ, шаруашылық жоспары емес, одан әлдеқайда қиын, адамшылық жоспары. Жас ұрпақтың кішкене көкейіне үлкен дүниені қондыру – ғылыммен қоса өзгеше шеберлік, сезгірлік, сарқылмайтын сабыр тілейді екен. Мұғалімдердің өңінен, сөз, мінезінен осы байқалады. Жанат жалықпастан әр кластың балаларын бас-басына жеке тексерді. Әр баланың бойына алуан түрлі қасиет ұрықтары егілген. Бұл ұрықтар жылдар бойы ұқыпты мұғалімнің мәпелеуімен өседі, ұқыпсыздықтан өшеді. Сондықтан, әр мұғалім өзі баққан баласының қылықтарын қылға тізе айтып отыр. Тәрбие еңбегі көңіл тоярлықтай өнім беріпті. Екінші жылға қалатын бала жоқ. Көпшілігі «жақсы», «Өте жақсы», азшылығы «орташа» деген бағамен келген. Бірақ, жуас Жантастан туған Төлеубек сотқар шығып, мұғалімдерді бір тұйыққа тыққандай боп тұр.
- Терезеден секірді, - дейді мұғалімнің біреуі.
- Сыя шашты.
- Ақырғы сабақта болмады.
- Бір баланың көйлегін жыртты.
- «Екісі» бар еді, «бірді» қосты, деп өзгелері қостайды.
Кішкене Төлеубек ырық бермей бара жатқан соң мұғалімдер әкесін де шақырған. «Бақылаусыз бала үйдегісін мектепте де істейді» дегенде, Жантас кірерге жер таппаған. Содан былай мықтап-ақ ұстап еді, бала бұрынғысынан бұзыла түсті. Қазір әке де, мұғалім де дағдарған сияқты. Жанат қана үміт үзген жоқ.
- Біз білмейтін сыр бар. Табу керек, - дейді.
Осы сырды іздеп Жанат мектептен шыққан соң жолындағы Жантастікіне соқты. Жантас әлі жатпаған, төмен қарап тұнжырап отыр екен. Әйелі дала жұмысында. Төлеубек көрінбейді. Жанат:
- Төлеубек қайда? – деп еді. Жантас:
- Қашып жүр, - деді де күрсінді.
- Неге қашады?
- Ұрдым.
- Неге ұрасыз?
- Ұрмағанда қайтейін! Алақаныма салып өсірдім. Ішпегенін ішті, кимегенін киді. Кенже болған соң тіпті бетінен қаққам жоқ. Әйтеуір жақсы оқы шырағым дедім. Жақсы оқығаны сол, сүйекке таңба салды... - Осы тәрбиеңіздің бірі дұрыс емес, - деді Жанат. – Ол әлден каракуль киеді. Өскенде не киеді? Әлден ақша ұстайды? Өскенде не ұстайды? «Алақанға сап асырапсыз», өмір алақанына сала бере ме? Балаға оның бәрінен де күшті әсер еткен ата-ананың мінезі ме деймін. Екеуіңіз де өз жұмысыңыздан өзгені елемейтін, тұйық адамсыздар. Ең ашынғанда баланы арқаға қағып сүйесіздер.
- Құдайдың берген мінезі ғой, шырағым, - деп Жантас қынжылғанда, Жанат қоса қынжылды:
- Кім берсе де өзгертіңіз сол мінезді. Алдымен ұруды қою керек. Әкелік достықтан, жолдастық достық күшті болсын. Жас адамның жаны сергек, гүл іздеген көбелектей шарқ ұрады. Сонда серік болған әкенің баласы, әрдайым өзінікі.
- Мына балам неге өйтпейді? – деді Жантас, ұйықтап қалған үлкен баласын нұсқап.
- Бір анадан туған бала бір қалыптан шыққан кірпіш емес. Түрлі-түрлі бола береді. –Апыр-ау, жұмысты қойып, соны бағамыз ба енді?
-Жұмысты да тастамаңыз. Бала керек болса, уақыт та табыңыз.
-Уақытым жоқ! - деп ызалы Жантас бір қозғалды орнынан. – Ол енді ұрлыққа, өтірікке айналысты. Кетсін кәпір!
–Сондайы да бар ма?
-Мұғалімдер айтқан соң быйыл қолға мықтап алып едім, соны шығарды. Мүлде ауып кетті. Ауған көңілге дүние салмақ па? Бездім, шіріген жұмыртқа бір. Төлеубектен Жантас қыйын соқты».
Біз өз жұмысымызда М. Әуезовпен қатарлас жазушылар С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармаларынан тақырыптары жағынан жақын үзінді алып, баяндауыштарын талдағанымызда, М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында есімді сөйлемдерді молынан қолданғанына көз жеткіздік. «Абай жолы», «Ботагөз», «Оянған өлке», «Миллионер» шығармаларынан көлемі жағынан бірдей мәтіндерде, төрт шығармада да «түннің суреті», «кездесу» тақырыптары әр жазушының қаламына сай суреттеліп берілген. М. Әуезовтің стилінің ерекшелігі, шеберлігі туралы ғалым М. Қаратаев: «Абай эпопеясының тілі бай, орамды... Әсіресе сол байлықты жазушының шығармада қолдану шеберлігімен, яғни синтаксистік құрылысымен өлшенеді. Осы жағынан алғанда, Мұхтардың шеберлігі ерекше. Оның өзіндік, тек Мұхтарлық, қасиеттері атой беріп тұрады. Мұхтар тексінің кез келген жерінен түсіп оқысаңыз, кімдікі екенін айтпай танисыз. Ол ерекшелік неде? Ол ең алдымен Мұхтардың творчестволық амал-тәсілдерінің ерекшелігінде, яғни оның өзіне тән стиль ерекшелігінде. Біздің қазір қаламы төселген прозаиктеріміздің бәрінің де өзіне тән қалыптасқан стилі бар. Мысалы, кейбіреу жеңіл оқылатын сұлу, ойнақы сөйлемдерімен, ажарлы сырлы сөздерімен, афоризмдерімен, әзілдерімен белгілі болса, кейбіреуі ойға, пікірге құрылған құнарлы, бірақ сырт жылтырағы кем, оқуға ауырлау, домбал, шұбалаң сөйлемді, қарадүрсін, жалпақ синтаксисімен, ал кейбіреуі диалогі басым, фразалары келте, тұжырымды, мақал-мәтелдермен сыналанған оқиғалы, қимылды сөйлеу тілінің құрылыстарымен белгілі. Бұл стильдердің әрқайсысының өзіндік орны, өзінше ұтымды жақтары бар, сондықтан мынау артық, мынау кем деп алалау қиын.
Ал, Мұхтар Әуезовтің стиліне оралсақ, мұндағы интонация әрдайым оқиғаның ауанына қарай екпінін өзгертіп отырады екен. Оқиға туралы автор әңгімелеп кетсе, ол да көсіліп сала береді, оқиға шиеленіссе, ол шиыршық атады, оқиға жайылып ағысын баяулатса, ол да мамырлайды. Әуезов тілінің бояуы көп, бірақ оны жазушы сараң қолданады, үнемдей, қажетіне ғана жұмсайды. Онда орынсыз лепіру, сезімсіз шарықтау, әдемі, әсем тіл үшін әдейі тырысушылық жоқ. Жазушының бай тілі тек картина жасау үшін, образ, характер жасау үшін қызмет етеді» - деп жоғары баға берді.

2-кесте – М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармаларындағы есімді сөйлемдер саны









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет