Мазмұны нормативтік сілтемелер


Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы (1-бөлім 26-28 бб.)



бет16/32
Дата02.06.2023
өлшемі162,44 Kb.
#98385
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы (1-бөлім 26-28 бб.):
«Жиырмаға жетпеген жас жігіт, өз ойынан ұялу дегеннің салмағын әрең көтеріп, орнынан тұрды. Мана ол Жұманның үйіне де осы Назыкешті бір көріп қайтуға барған. Мұның ой ыңғайын танып қалған ұялшақ қыз көзіне бір көрінбей қойып еді. Енді міне, қанша жер қатар жүріп, қалжыңдасып баруға болады.Не арнағаның болса, айтуға болады. Бірақ жас шағында қиыспай айрылысар күнәсіздік қақпасы әлі жабық тұр еді. Сеит табалдырықтан әрең аттап, шыға сала жылыса жөнелген Назыкешті әрең қуып жетті.
Әншейінде ықшам оңтайлы жас, дәл керекті жерде ордаңдап, қыз қасына жанаса алмай келе жатыр. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды. Қолдары ербеңдеп, тізелері бүгіліп-бүгіліп кететін сияқтанады. Айлы түнде жазық жерге түсе қалған көлеңкесінің де бір мүшесі ұнамай келеді. Аяғындағы саптама етік те біресе көдеден тайғанап, біресе күрп етіп қалады. Көк елтірі тымақтың іші де қайнап жатқандай. Жүзін ар жағына қырындатып ұстағанмен, Назыкеш осы олақтықтың бәрін көріп, күліп келе жатқан сияқтанады. Аз ғана желден айнала бұлғаңдаған шоқ үкісі де күліп келе жатқандай.
Екеуі де бірінші рет кездесіп қалған қысылыстан құтыла алмаған күйде жастар Жұман ауылына жақындап қалды.

  • Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз, - деп, Назыкеш жүзін аз ғана бұрды да, бөгелмей ілгері кетті. Манадан бері айтылған сөз, шыққан леп те осы-ақ. Ұзаған сайын кішірейе түсіп, үкісі бұлғаңдап барып, Назыкеш үйдің тасасына түсті. Әлденеменеге сол жерде ғана езу тартты…

  • Сейіт өзінің олақтығына ыза болып, ауылға қарай тез аяңдап кетті. Аяқ басысы біржола түзеліп, тізесі бүгілмей, бөксесі боқшаланбай, көлеңке сымбаты да түзеле қалыпты.

  • Кеуде жағы теңселе қозғалып, оңашада Игілікке еліктейтін әдетінше, алшаң басқансып, Омар қарсы ұшырасты Сейітке. Бар шабарманның не мұңы барын, нені айтатынын жақсы білетін Сеит сөйлескісі келмеп еді, Омар ол ырқына жібермей:

  • Көптен көрмеп ем, құрғырың биылғы жайлаудан пісіп қайтыпты ғой! Мытысаң еттің өзін, сайға қарай неге сүйреп әкетпедің? – деді.

  • Өзі ызаланып келе жатқан Сеит, бұл жолы Омарды да сыйлай алмады:

  • Сен менімен бұлай сөйлесуді қой енді, білдің бе? Жетер! – деді. Әлдеқайда алыста жатқан зілі барлығын жасырмай, жеркене айтты. Енді Омардың жауабын күтпей, қалжыңынан да, кешірім сұрай қалса – онысынан да безініп, ілгері жүріп кетті. – Сондағың есікте жүрген бір қыз ба, әй? - деді де Омар қала барды.

  • Сеит онысына да құлақ аспай, ұзап кеткен соң ғана Омар қайрат көрсетіп: - Байғұс бала, есімнен біржола шығып бара жатыр екенсің, жақсы ескерттің-ау! - деді. Сеиттің жаңағы ыңғайын жігер лебі деп ұққан жоқ, ояна бастаған кек салқыны деп түйді.

  • Омар мен Сеиттің арасында кейін айрылатын, күні тууын күтіп жатқан бір есеп бар еді. Ол бұл даланың оңай ұмытпайтын, өлмей кешпейтін, күнде балалатып өсіріп отыратын бір кесібі. Түйе орнына түйме алып тына ма, айыптыға айып төлеп құтыла ма, әйтеуір, өз ойында «есебім қайтты» деген иман ұялғанша, ол құрт ауру қалмайды да. Оның аты – кек. Кейде онысы «қорғалаттым мен» де, «алдыма әкеп табақ тартқыздым мен» де бітіп қалады Әйтеуір, ауыл-үйден бір-екі селтекей «кегің енді қайтты» деуі керек. Оған дейін тыным да жоқ, тыныштық та жоқ, тіпті ерініп те тоқтай алмайды.

  • Сеиттің әлгі қыр көрсете сөйлегені Омардың есіне сондай бір ескі кекті түсіріп жіберді. Ойына қобалжу кіргенде, қараңғы үйде жатып, жалғыз ойланатын әдеті бойынша, Омар қазір насыбайын атып алып, ірге жаққа шырт-шырт түкіріп, бар оқиғаны басынан ойлап жатыр. Байының ойын тыңдағысы келгендей, үн шығармай, қыбыр етуге қорқып жатқан әйелінде жұмысы да болған жоқ. Үстінен аттап өтті де орнына жатты... Әрине, әркімнің де әкесі өледі.Бұл құдай ісі. Шешесі де өледі, бұл да құдай ісі болу керек. Шаңырақ басы жиналатын ескі недоемкедей, бұл екеуінің бір соқпай кетер үйі болмайды. Әке-шешесі өлсе әркім де жетім қалады. Сақал-мұрты бар демесең, түптеп келгенде, осы Омардың өзі де жетім... Сеит сол көп жетімнің бірі... Осы араға дейін Омар сүрінбей-ақ келеді де, тоқталып қалады. Одан әрі қараңғы түндер ғана білетін бірталай күңгірт қылықтар басталып кетеді де, Омар өзін сол қылықтардың ортасында көреді...».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет