Мазмұны Содержание Contents


Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар және оларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан қорғау



бет30/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

3. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар және оларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан қорғау
Адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндік-терінің осы тобының мәнісін жақсырақ түсіну үшін ол әрбір құрамдауыш бөлік аясында жеке-же-ке қарастырылуы мүмкін. Мұндай бөліктерге мыналар жатады: 1) әлеуметтік құқықтар мен еркіндіктер; 2) экономикалық құқықтар мен

еркіндіктер; 3) мәдени құқықтар мен еркіндіктер.


Әлеуметтік құқықтар мен еркіндіктер – бұл же-ке бір мемлекет азаматының немесе адамның конституциялық құқықтарының жиынтығы, бұл құқықтар оған мемлекеттен материалдық игіліктерді алуға талаптануға мүмкіндік береді. Мұндай құқықтар мен еркіндіктерге әдетте әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, денсаулықты сақтау және медициналық көмек құқығы, тұрғын үй құқығы және т.с.с. жатқызылады.
Адамның экономикалық құқықтары мен еркіндіктері – бұл адамның экономикалық саладағы заңды мүмкіндіктерін анықтайтын конституциялық құқықтардың жиынтығы. Мұндай құқықтар мен еркіндіктерге мыналар жатады: жеке меншік құқығы, мұрагерлік құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, еңбек еркіндігі, кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығы және т.с.с.
Адамның мәдени құқықтары мен бостандықтары – бұл тұлғаның мәдени және ғылыми өмірдегі мүмкіндіктеріне Конституция мен заң кепіл болуынан тұратын құқықтар мен еркіндіктердің ерекше жиынтығы.
Адамның мәдени құқықтарына әдетте білім алу құқығы, оқыту еркіндігі (академиялық еркіндік), шығармашылық еркіндігі, мәдени өмірге араласу және мәдениет мекемелерін пайдалану құқығы, мәдени құндылықтарға қол жетімділік құқығы жатқызылады*.
Құқықтар мен бостандықтардың осы тобын ортақ мәтінде қарастырылуына олардың негізінде Жалпыға ортақ адам құқығы декларациясының 3 бабының ережесінің болғаны себеп: «Әрбір қызметкер өзі және өз отбасының мүшелері үшін _______________________
*Қараңыз: Үлкен заң сөздігі. – М.: ИНФРА-М. – 2002. – 296, 579,687б
адамға лайықты тіршілік етуді қамтамасыз ететін әділетті әрі қанағаттанарлық сыйақы алу құқығына ие»*. Бұл нормаға жүргізілген талдау оның іске асырылуы адамның әлеуметтік, экономикалық
және мәдени құқықтары мен еркіндіктеріне тікелей қатысты екенін айқындайды.
ҚР-ның Конституциясында бекітілген адамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтары мен еркіндіктерінің тобына мыналар жатады:
1) сөз бен шығармашылық еркіндігі (20 бап);
2) еңбек еркіндігі, қызмет пен мамандықты еркін таңдау құқығы (24 бап);
3) тұрғын үйдің дербес құқықтығы (25 бап);
4) жеке меншік құқығы (26 бап);
5) кәсіпкерлік қызмет еркіндігі (26 бап);
6) білім алу құқығы (ст. 30 бап);
7) мемлекет істерін басқаруға қатынасу құқығы (33 бап) және т.б.
Адам және азамат әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтары мен еркіндіктерді іске асыруы кезінде жемқорлық құқық бұзу-шылықтарына жол беру заңмен белгіленген жау-апкершікке ұшыратады. Бұл ретте ҚР Конституциясының жеке нормаларында тұлғаның
қандай да бір құқықты жүзеге асыруы тегін екеніне тікелей нұсқау бар. Бұл жайт өздігінен жемқорлыққа қарсы бұйрық ретінде сипатталады.
Осылайша, ҚР Конституциясының 29 б. 2 тармағына сәйкес азаматтарға мемелкеттік оқу орындарында орта білімді тегін алуға кепілдік беріледі. Бұл ретте орта білім міндетті. Азамат мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде жоғары білімді тегін алу құқығына ие.

_____________________


**Ескертпе: Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы – 1948 жылдың 10 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет