2. Жеке құқықтар мен бостандықтар және оларды жемқорлық құқық бұзушылықтарынан қорғау
Адамның жеке құқықтары мен еркіндіктері – бұл адам туылғанынан оған тиесілі болатын және оның нақты мемлекетпен байланысынан тәуелді болмайтын табиғи әрі ажыратылмайтын негіз қалаушы құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы. Олар – тұлғаның құқықтық мәртебесінің іргесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның жеке құқықтары мен еркін-діктеріне мыналар жатады:
1) өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы (13 бап);
2) өмір сүру құқығы (15 бап);
3) әркімнің жеке еркіндік құқығы (16 бап);
4) дербес құқықтылық және физикалық тұтастық құқығы, адам мәртебесінің құқықтылығы
(17 бап);
5) жеке өмірге тиіспеушілік, жеке және отбасылық құпия, өз ар мен абыройын қорғау
құқығы (18 бап);
6) жеке ұлттық, партиялық және діни наным бостандығын анықтау құқығы (19 бап);
7) туған тілді және мәдениетті пайдалану, араласу, тәрбиелеу, оқу және өнер тілін еркін таңдау құқығы (19 бап);
8) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін орын ауыстыру құқығы (21 бап).
Мысалы, өмір сүру құқығы түрлі құқық сала-ларының нормалар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Соның ішінде еңбек туралы заң нормалары бар, мұнда адамның зейнетақы немесе мүгедектікке қатысты ай сайынғы жәрдемақылар-ды алу құқығына регламент белгіленеді. Бұл өмір сүруге қатысты конституциялық құқықпен шарттасқан кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, олар заңсыз қол сұғушылық нысанына айналуы мүмкін.
Осылайша, сот тәжірибесі мүгедектік тобын анықтау үшін (бұдан төлем көлемі тәуелді болады) ДЕСК (дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясы) мүшелері мүгедектерден пара алуға жол берген деректерге ие болады. ДЕСК қорытындысын өткізу және беру ережелерінің сақталу кепілі – пара алу үшін тағайындалатын қылмыстық жауапкершілік. Бұл жауапкершілік сонымен қатар адамның өмір сүруге деген жеке құқығының сақталуына кепіл болады.
Әркімнің жеке еркіндігіне деген құқығы да адамды тұтқын ретінде ұстау және одан әрі лауазымды тұлғаға пара беру шарты орындалған кезде тұтқыннан босату арқылы бұзушылықтарға ұшырауы мүмкін.
Адамның жеке құқықтары мен еркіндіктерін сот арқылы қорғау құқығының бұзылуы Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесінде азаматтық дауды,
әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықты қарастыру кезінде анық әділетсіз, заңсыз шешім-дер қабылданған жағдайларда қарастырылады. Себептердің бірі ретінде судьялар жол беретін жемқорлық құқық бұзушылықтары аталады. Заңды шешімнің шығарылуына адамның төменгі соттың шағымға берілген шешімін қайта қарастыру үшін жоғарғы сотқа жүгіну құқығы кепіл болады.
Осы құқықтың мазмұнына әркімнің мамандандырылған заңды түрдегі көмекті алу құқығы да кіреді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағына сәйкес заңмен қарастырылған жағдайларда заңды көмек тегін көрсетіледі. Осындай заңды көмектің тегін көрсетілу жағдайларына нұсқау – қарым-қатынастардың осы саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеудің елеулі кепілі.
Осылайша, адам мен азаматтың жеке құқықтары мен еркіндіктерінің кез келгенінің заңсыз бұзылуының орны салалық құқық нормаларын, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы заңнамалар аясындағы нормаларды қолдану негізінде адамның сәйкес құқықтары мен еркіндіктерін қалпына келтіру арқылы толады.
Достарыңызбен бөлісу: |