Емтихан сұрақтарының тізімі ............................. 184 Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамалық актілерден үзінділер........................ 188 Кесте........................................................................... 226 Алғысөз Өзінің 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» бағдар-ламасымен Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы, Қазақстанның (ЭЫДҰ) Экономикалық ынты-мақтастық және даму ұйымы мүшелерінің қатарына кіруі мемлекетіміздің әлеуметтік, денсаулық сақтау, экономикалық және білім салаларындағы тыныс тір-шілігі мен қызметінің дамуының басты бағытын анық-тайтындығын атап көрсетті.
2050 жылға дейінгі білім бағдарламалары мен про-цесс аясында, дүниежүзілік қауымдастықта жалпы мем-лекетіміз бен халқымыздың мүддесін білдіре ала-тын, нық азаматтық көзқарасы бар және интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру аспектісінде де дүниежүзілік стандартқа жауап бере алатын «алдыңғы саптағы ұлттық білім жүйесін қалыптастыруды» аяқ-тауды жоспарланып отырғандығына тоқталып өтті.
Елбасы бұл жолдамасында маңызды міндет қалып-тастырды: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стра-тегияны қалыптастыруды және жүзеге асыруды жалғас-тыру» туралы*. Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қар-сылық стратегиялық маңызды міндет болып табы-лады.
Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған процесстерді тереңдету мен одан әрі дамыту мақсатында, мемлекеттің Басшысымен Ұлттың барлық халыққа арналған заманауи мемлекет құрудағы, ортақ мүдделік Жоспарының жүз қадамы қарастырылды.
Атап айтқанда Ұлттың Жоспарына кіретін 13 қа-дамға тоқталар болсақ: «Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту»**.
_______________________
*Назарбаев Н.А. Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ – 2014 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2014.
**Жаңа тарихи жағдайда Ұлттың 30 неғұрлым дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі Жоспары «100 нақты қадам» //Литер, 20 мамыр 2015 ж.
Қадам міндеті әлемдегі неғұрлым дамыған 30 мемле-кеттердің қатарына кіру мақсатталған, Қазақстанның саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық маңызды-лығы жағдайлары үлкен маңызды рөл атқаруы керек.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдағы білім – өрке-ниетті мемлекеттің құрдымға кетуі, мүшкіл жағдайда қалуы. Білім саласындаы сыбайлас жемқорлық жалпы ұлттың интеллектуалды деңгейін құртады, табиғи құндылықтар шындыққа жанаспайтын жалғандықпен алмасады, құқықтық нигилизмнің деңгейі шарықтайды, адамдық тұлғалық қасиеттен жұрдай қылатын алтын бұзау шырмауына түсу сияқты, осындай теріс зардаптар туғызады. Сыбайлас жемқорлықты білім жариялы қоғамның қалыптасуы мен дамуына кері әсерін тигізетін, көлеңкелі экономиканың үстемдігін жүргізіп отырған шыр айналдырғыштардың қалыптасуы мен дамуына жағдай туғызатын құбылыстарды тудырады.
Әлемдегі әртүрлі мемлекеттердегі криминолог-тардың сыбайлас жемқорлықты жеңуге болады деген тұжырымдамаларымен келіспеу мүмкін емес. Дегенмен, мұндай теріс құбылыспен күресу мектептен басталып, адам баласының бүкіл саналы өмірі бойы жалғасуы керек.
Сыбайлас жемқорлықсыз білім о бастан адамның бойындағы рухын аяққа таптатпайтын, өз мемлекетіне деген патриоттық және азаматтық көзқарасты қалыптастыруға, күшейтуге шақырады. Білімді ұйымдастыру – адам өмірінің құнсызданып кеткендігіне баға беретін, әлемдік танымдағы тұлғаның рухани және интеллектуалдық байлығының орны мен рөліне деген дұрыс бағытты көзқарасты қалыптастыратын алаң.