Мазмұны Содержание Contents



бет45/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   224
2. Қылмыскер тұлғасы
(қылмыс субъектісі)

Экономикалық қылмыс бастапқыдан-ақ бизнес саласындағы жоғары лауазымды тұлғалармен жасалатын ақ жағалылар қылмысы түсінігімен байланыстырылады. Алғашқы рет «ақ жағалылар қылмысы» терминін криминологиялық айналымға 1945 жылы америкалық Эдвин Сатерленд - АҚШ-тағы қылмыс проблемаларын зерттеуші енгізген. Осы шартты атау астарында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға өкілетті лауазымды тұлғалардың (шенеуніктердің) жасайтын қыл-мыстарының жиынтығы меңзеледі.


Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектісі – жем-қорлық құқық бұзушылығы құрамының жалпы құрылымындағы ең күрделі субъектілердің бірі. Бұл арнайы субъект. Қылмысты жасау мезетінде
он алты жасқа толған, есі дұрыс адам субъект ретінде болуымен қатар, ол арнайы сипаттағы бірқатар белгілерге ие болуы тиіс.
Бұл ерекшеліктер жемқорлық құқық бұзу-шылықтары үшін қылмыстық жазаны қарас-тыратын ҚК-ның сәйкес баптарының ереже-лерінен, сонымен қатар Қазақстан Респуб-лмкасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 3 бабының (2011 ж. 1 сәуіріндегі жағдай бойынша) ережелерінен туындайды.

_____________


*Қараңыз: Рогов И.И. Предупреждение экономической преступности // Предупреждение преступности – важнейшая составная часть государственной политики: проблемы решения, перспективы. – Алматы, 2004. – 9-14 б.
Аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес экономикалық қызмет саласындағы жемқорлық құқық бұзушылықтарының субъектілеріне мына топтар жатады.
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғалар және оларға теңдестірілген тұлғалар.
Мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаларға барлық лауазымды тұлғалар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар, барлық мемлекеттік қызметкерлер жатады.
Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғалар мына тұлғалар теңдестіріледі:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған тұлғалар;
2) заңмен белгіленген тәртіпте ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркелген азаматтар, ҚР Парламенті мен мәслихаттарының депутаттары, сондай-ақ жергілікті таңдамалы өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тұрақты түрде немесе уақытша жұмыс істейтін, олардың еңбекақысының төленуі ҚР мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен жүргізілетін қызметкерлер;
4) жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес пайыз болатын мемлекеттік ұйымдарда, сонымен қатар жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес пайыз) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму инс-титуттарына, ұлттық компанияларға табысталған ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйым-дарында басқарушылық функцияларды атақаратын тұлғалар.
Экономика саласындағы жемқорлық құқық бұзушылықтарына жатқызылатын ҚР ҚК баптарына жүргізілген талдау субъекттеріне ерек-шеліктері әрекеттің сыныптамасына байланысты тұлғаларды жатқызуға мүмкіндік береді.
ҚР ҚК 215 бабына сәйкес, жалған кәсіпкерлік – бұл несиелерді заңсыз алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру, немесе басқа мүліктік пайданы табу мақсатында немесе осындай әрекеттерді жасалуына себептесу мақсатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз тұлғалардың шешімдерін анықтау құқығын ұсынатын басқа заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін, үлеспұлдарын) сатып алу немесе жеке кәсіпкерлік субъектін құру, сонымен қатар егер бұл әрекеттер азаматқа немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, осындай кәсіпкерлікті басқару. Егер бұл әрекеттерді мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға немесе оған теңдестірілген тұлға, немесе лауазымды тұлға, немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлға жасаса, егер олар (осы әрекеттер) оның қызметтік жағдайын пайдаланумен қатар жүрсе, онда олар жемқорлыққа байланысты әрекеттерге жатқызылады (3 тармақ, екінші бөлім).
ҚР ҚК 216 бабына сәйкес азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мүліктік пайданы табу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстың жаса-луынсыз, қызметтер-

_____________________


* Ескертпе: шот-фактура – бұл: 1) сауда қатынастарында матушымен сатып алу атына жазылатын және таурадың жеткізілгенін немесе қызметтің көрсетілгенін және оның құнын куәландыратын тауар құжаты; 2) заңды тұлға немесе азамат атына рәсімделген құжат, бұл құжатта бір тараптың ақашалай міндеттемелері туралы немесе алынатын және төленетін ақшалай қаражаттың ескерілуімен өзара ақшалай міндеттемелер туралы мәліметтер қамтып көрсетіледі. Банк шоттары айрықша маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет