Мазмұны Содержание Contents


Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі



бет53/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   224
Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі

16 жасқа толған, ақыл-есінде ауытқулары жоқ тұлға ойын бизнесімен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілік тартатын тұлға болпы танылады.


Егер мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға немесе оған теңдестірілген тұлға, немесе лауазымды тұлға, немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлға жеке өзі немесе сенімді өкіл арқылы субъект болып табылса, егер заңмен белгіленген тыйымға қарамастан осы әрекеттер жеңілдіктер мен артықшылықтардың осындай қызметтің ұсынылуымен немесе өзге нысандағы қорғаушылықпен байланысты болса, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру сыбайлас жемқорлық қылмысы болып танылады.
Осылайша, заңсыз ойын бизнесінің субъектісі болып белгілі бір заңды тұлғамен еңбектік қарым-қатынаста тұрмайтын, бірақ осы аталған қызметті шынайы заңсыз түрде жүзеге асырып, тыйым салушылықты кеңінен жасап жүрген жеке тұлғалар болып табылады.
Осы қылмыс бойынша ҚР ҚК-де мынадай жаза қарастырылған:
1) негізгі жаза – төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру;
2) қосымша жаза – мүлікті тәркілеу түрінде, белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
Құмар ойындарын өткізу, ойынға қатысу-шылардың арасындағы, солардың тікелей қаты-суымен жүргізілетін тиісті мәміле. Ойын бизнесі саласындағы құқыққа бағынбаушылық, мойын-дамаушылық дегеніміз, ойынды жүргізудің жетекшілерінің ойын өткізу нысаны арқылы қылмыс жасауды ұйымдастыруында, сондай-ақ заңсыз құмар ойындарын өткізу мақсатында ұйымдасқан топ құруы, ол топтың ірі немесе аса ірі мөлшерде заңсыз пайда көруінде болып табылады.
Құмар ойынын ұйымдастырушы тікелей ойынға қатысушылармен мәміле жасасуы мүмкін. Бұл мән-жай заңсыз құмар ойындарын өткізу деп бағаланады.
Бұл қарастырылып отырған қылмыстар жүзеге асады:
1) құмар ойындарға кәмелетке толмағандарды пайдалану арқылы немесе солардың қатысуымен;
2) бірнеше адамдардың алдын-ала сөз байласуымен;
3) ірі мөлшерде пайда табумен;
4) қызмет бабын пайдалану арқылы;
5) қылмысты топпен;
6) аса ірі мөлшерде пайда табумен.
Бұл әрекеттер сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан қылмыс болып табылады, егер субъект ретінде мынадай адамдар танылса:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар;
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар;
3) лауазымды тұлғалар;
4) жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар.
Бұл адамдардың әрекеті жемқорлықтың белгісі ретінде танылады, егер олар сыбайласқан адам-дарына қандай да бір жеңілдіктер, артықшылық-тар, сондай-ақ басқа да нысанда қамқорлықтар жасаса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет