Мазмұны Содержание Contents


Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары



бет14/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

3. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
Қылмыстылық – кез-келген мемлекеттілікке тән құбылыс. Мәселе оның нысаны мен көлемінде болып тұр. Осыған сәйкес, сыбайлас жемқорлықты өзіне тән айқындылығымен, қылмыстылықтың бір көрінісі деуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, тауар-ақша қатынасы дәуірі жүріп тұрған сайын, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық бола
береді. Бұл дегеніміз нені білдіреді, яғни сыбайлас жемқорлықпен күрес жойқынды, үздіксіз, әрі тұрақты сипатта болған да, бола береді. Күрестің сәл қысқа уақытқа ғана әлсізденуі не тоқтатылып
қалуы ауыр зардаптарға әкеп соғу қаупін тудырады, сондықтан көз тасалаудың қажеті жоқ.
Қайсібір зардаптары тіпті ұзақ уақыттық әрекетті қажет ететін сипатта болуы мүмкін.
Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлықтың теріс әсер етуінің неғұрлым қауіпті түрлері мен сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан құқық бұзушылықтың зардаптары мыналарды қамтиды:
1. Мемлекеттің экономикасында сыбайлас жемқорлықтан туындаған тікелей шығындар, мем-лекттік бюджеттің азаюына және ұлттық жалпы ішкі өнімнің көлемінің азаюына жанама әсер етеді.
2.Сыбайлас жемқорлық көлеңкелі эконо-миканың кеңеюіне ықпал етіп, шынайы бәсекелес-тікті тамырымен жояды, «пара» беру арқылы бәсе-келестер пайда болады. Бұның бәрі нарықтық қа-тынастардың шынайы табиғатын жоққа шығарып, жасанды бәсекелестерді тудыратын ұйымдасқан қылмысттың үстемдігімен жүзеге асатын нарыққа айналып, жалпы экономиканың тиімділігі құрдымға кетеді.
3. Сыбайлас жемқорлық, мемлекетті нарық-тық қатынастардың ережелерін сақтауды қамта-масыз ету мүмкіндіктерінен айыру арқасында Қа-зақстанның халықаралық экономикалық процесс-тер мәртебесіне нұқсан келтіреді. Оның кең етек алуы тек шетелдік ғана емес отандық инвестиция-ны да тартудың мүмкін еместігін тудырады.
4.Сыбайлас жемқорлық қоғамның иманды-лық, адамгершілік құндылықтарына қауіп төндіреді*.
5. Сыбайлас жемқорлықтың бұдан да сорақы зардаптарының бірі, оның ұйымдасқан қылмыс-тың элементтерінің бірі ретінде танылуында. Бұл жағдайда әрине, жалпы ұлттық қауіпсіздігімізге айтарлықтай қауіп төндіретіні хақ.
6.Ұйымдасқан қылымыстылық – мемлекеттің саяси ортасына енудің бірден-бір тәсілі. Сыбайлас жемқорлықтанған мемлекеттік аппарат мемлекеттік біртұтастығымыздың жоғалуына әкеп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет