Мазмұны Содержание Contents


Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарма мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі



бет60/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   224
3. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарма мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқармаға қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының барлық қарастырылған түрлері қол сұғушылықтың ортақ объектісіне ие – бұл мемлекеттік аппараттың және жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты жұмысы. Осы кластың жеке қылмыстары бойынша қылмыстың қосымша объектісі қарастырылады. Мысалы, ҚР ҚК 361, 362, 363, 365, 370 баптары бойынша Кодексте қосымша объект ретінде азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделері көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқармаға қарсы әрбір сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша қол сұғушылық объектісінің айрықша белгілерін (сипаттамаларын) айқындауға болады.
____________________________
*Қараңыз: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңына түсініктеме. – Астана: ЖШС «Баспа «Норма-К». – 2012. – 27-29 б.
Осылайша, ҚР ҚК 361 бабы бойынша қылмыстың жалпы объектісін анықтаумен қатар тұлғаның коммерциялық және мемлекеттік орган немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы болып табылмайтын өзге ұйымдарда лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы өкілеттіктерді теріс пайдалану үшін жауап-кершікке әкеліп соқтыратынын білу қажет (Қазақстан Республикасының ҚК 250 бабы). Заңнама ережелеріне сәйкес бұл әрекет жемқорлық әрекетіне жатқызылмайды.
Бұдан әрі, ҚР ҚК 362 бабы (3 тармақ), төртінші бөлім) бойынша әрекеттің жасалуы тұлғаның тікелей өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асырумен байланысты болған жағдайда ғана билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол беріледі.
Кінәлі тұлғаның оған қызметтік өкілет-тіктердің ұсынылуы және міндеттердің артылуы қарастырылған әрекеттердің ұқсас байланысы Қазақстан Республикасының ҚК 364 бабында қарастырылған қылмыстарда (кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу) көрсетіледі.
Пара алу (ҚР ҚК 366 б.), пара беру (ҚР ҚК 367 б.) және парақорлыққа делдал болу (ҚР ҚК 368 б.)түріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ерекшелігіне олардың өзара байланысқа ие болуы жатқызылады. Бұл байланыс олардың бір терминмен – парақорлықпен белгіленуінде жатыр.
Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көрінісі. Бұл қауіпке екі тараптың да (параны алушы және беруші субъект) заңның алдында бірдей жауап тартатынды себеп. Бопсалаушылық болған жағдайды немесе ықтимал пара беруші құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға параның берілгендігі туралы ерікті түрде хабарлған жағдайды екермегенде, зардап шеккен тұлға іс жүзінде жоқ.
Әрбір пара беру-пара алу әрекеті делдалдың қатынасуымен өтпейді. Жауапкершіліктен құтылу-ды қамтамасыз ету мақсатында парақорлар өз әрекеттерін ықтимал куәгерлер мен делдалдардан жасырын, құпия түрде жүзеге асырады.
Жалпы алғанда қылмыстық қол сұғушылық объектісі туралы мәселе бұрынан даулы сипатқа ие. Қылмыс құрамының элементі ретінде объекттің міндетті түрде болуы дау тудырмайды. Нақты осы бір соңғы жағдай объект туралы мәселені анықтау үшін әдіснамалық негіз болып табылады.
Белгілі криминолог Е.И.Қайыржанов «Қыл-мыстың құрамы және оның элементтерінің диалектикалық тұтастығы туралы ортақ ереже-лерден объект міндетті түрде кез келген қылмыс құрамында болғанымен, әрдайым айқын суреттел-ген сипатқа, әрбір қылмыстағы өзіндік келбетке не қылмыстық кодекстің жеке нормасына ие болмайтындығы мәлім. Басқаша айтқанда, қорғау объектісі әрдайым қылмыстық заңның диспозиция-сында суреттеле бермейді»* деп жазған болатын.
Жоғарыда айтылған жайт қылмыстық қол сұғушылық объектісін нақтылау нақты қылмыстық іс аясында мүмкін екендігін білдіреді. Объект субъектпен арадағы өзара байланыс арқылы ұғынылуы мүмкін. Қарастырылып отырған құқық бұзушылықтар класында, бүған дейін айтылғандай, мемлекеттік аппараттың және жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты жұмысы объект болып табылады. Қарастырылып отырған баптар қамтылған тараудың атауы _____________
*Қараңыз: Каиржанов Е.И. Таңдамалы еңбектер. – Том 1. – Алматы. – 2008. – 127-128 б.
мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқарма мүдделері де объектілер ретінде танылатынын білдіреді.
Мемлекеттік қызметтің заңды мүдделері мен мемлекеттік басқару аясындағы дұрыс жұмыс маңыздылығының жоғары дәрежесі тиісті сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық қол сұғушылықтарының жоғары маңыздылығын анықтайды. Қалмыстық заң құралдарымен қорғалатын объект, өз кезегінде, осы объекттің әлеуметтік тұрғыдағы құндылығына куә.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет