Мдж қазіргі заманғы мұғалім – бұл кәсіби маман. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен,кәсіби жол табуымен,дербес дамуымен, өз байында қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады



Дата03.02.2023
өлшемі13,95 Kb.
#65048
түріСабақ

МДЖ
Қазіргі заманғы мұғалім – бұл кәсіби маман. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен,кәсіби жол табуымен,дербес дамуымен, өз байында қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады.Осы тұрғыда МДЖ , LS көшбасшылық қызметтері аясында мектепті даму жобасы аясында жұмыстар атқарудамын.

Сабақ
Біліктілік арттыру курстарында алған теориялық білімімді оқытудың педагогикалық, иновациялық жаңа әдіс- тәсілдерін тәжірбие жүзінде әр сабағыма ендіре отырып, пәнімнің білім сапасын көтерудемін, оқушыларымның география пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулудамын.
Оқушылардың идеяларды дұрыс түсінуін қамьамасыз ете отырып, ол үшін түзету бағалау тәсілдері арқылы, идеяны түсінудің техникалық, тәжірбиелік дағдыларын меңгерудемін.

Тәжірбие алмасу
Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту- оның кәсіби тәжірбие арқылы білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгерудің қарқынды үдерісі тәжірбие алмасу- кәсіби қажеттілік. Өзімнің жинаған тәжірбиемді қала, облыс көлемінде семинар, конференция, тренинг, коучинг, әд десант арқылы таратудамын.

Жетістік
Оқушы
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде демекші әр бір шәкіртімнің биіктен көрінуі мен үшін үлкен жетістік. Оқушыларым қалалық, облыстық, республикалық түрлі байқаулардың жүлдегерлері атанды.

Кәсіби
Еңбек жолымдағы кәсіби жетістіктерім облыстық педагогикалық оқулар, республикалық авторлық бағдарламалар байқауларының жүлдегері атандым. Осындай еңбектену нәтижесінде қала әкімінің, қала , облыс білім басқармасының алғыс хаттары «Жамбыл облысының білім саласына сіңірген еңбегі үшін»төс белгісін иелендім.




Еңбек жолымды бастап бойыма түрлі жаңа әдістемелік тәжірибе жинақтап, жетістік жетуде үлкен орын алатын мектебім Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы, бұл менің жүрегімнің мектебі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет