«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет100/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы
Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Тыңдадым,
Сөздеріңді көңілі түзу, тұлғалым!
4315 Бұдан басқа тағы да бір бар сөзім,
Жүзі нұрлым, оны-дағы айт өзің.


 370
371
Бұл күн қала, елдің ішін аралап,
Қатысуым керек жұртпен жағалап.
Қалай жүріп-тұру керек олармен,
Айтып берсең ақыл-кеңес болар тең.
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Жауап беріп айтты Өгдүлміш: — Шынында,
Құлқы түзу, қажетті сөз мұның да.
Қажет болар сөзді менен сұрадың,
Мен айтайын, түрік болсын құлағың.
49. ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА ҚАРА ХАЛЫҚПЕН ҚАЛАЙ 
ҚАТЫНАСУ КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ
4320 Жай халықтың ісі, өңі, құлқы да,
Сай келеді білік, ақыл, құлқына.
Қара халық əдеп, жөнін білмейді,
Қатынасса, заң-жосықпен жүрмейді.
Тағы оларсыз іс бітпейді емес пе?!
Жылы сөйлес, жақындасып теңеспе.
Қара құлқы болар түгел қап-қара,
Өзің қара жағып алма, сақ қара.
Пейілі хошсыз, əрекеті кем келер,
Іс-қылығы құлығына тең келер.
4325 Жеуді білер, болса — риза — қарны тоқ,
Бір құлқыннан басқа оларда қайғы жоқ.
Не дейді, есті, қара құлқын білген ер,
Кісі парқын сынап, сөйлеп жүрген ер:
«Қара халық қайғысы бір тамағы,
Құлқын үшін бəрі жанын салады.
Құлқын үшін өліп қанша халықтар,
Жер астында, от ішінде жаныпты!»
Қара қарны тойса, тілі бассырар,
Тежемесең бектік сұрар, бақ сұрар.
4330 Олармен де араласқын, қандасым,
Ішіп-жемін беріп, тілдес жалғасып.
Жылы сөйле, қалағанын бергейсің,
Берген алар, пайдасы бар, көргейсің.
Көп сөйлеме, тілді бағып, аралас,
Көп сөйлеген сөзде қадір қалар аз.
Не дейді, есті өзін тілден тыйған жан,
Өзін ұстап, білім нəрін жиған жан:
«Күллі сөзді сөз деп тілден шығарма,
Көніп, сақтап керегін айт ұғарға.
4335 Ақылдыны көрдім өзі аз сөйлеп,
Өкінгені, сөзім айдын көп қой деп...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет