«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Айтолдының Хажыбқа жауабы



Pdf көрінісі
бет25/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   161
Айтолдының Хажыбқа жауабы
Айтты Айтолды, ұғып сөздің сыңайын, 
Өзімді ұстап, мен де сабыр қылайын.
Көрді мені, Хажыб тыңдап сөзімді, 
Белгілесін көрісетін кезімді.
560 Хажыб мені қай уақытта тілесе, 
Келем сол сəт, шақыруға ілесе...
Тұрды Айтолды, шықты қайта киіне, 
Тонын шешті қайтып келіп үйіне.
Көрді Хажыб Айтолдыны көзбе-көз: 
Ерек кісі басқалардан өзгеше.
Мұндай жанды көргенім жоқ, — деді ол, — 
Халық басы, білімді, есті, сөзі оң.
(Көрген емен бұл сипатты кісіні, 
Білімді, ойлы, өзгеше өзі түсінің.
Мұндай кісі қыз мінезді, нəті қыз, 
Қыз қылығын қылар, қыздың аты — қыз.
Мұндай жан — қыз, мінезі — жан шырыны, 
Қыз аты — қыз, қызықтырар қылығы.)
Мұндай кісі кездеседі өте аз, 
Аз аздығын қылар, аздың аты аз!*
565 Қай нəрсе аз, сол нəрсе асыл, о ғажап! 
Асылды іздеп тауып болмас, бір азап!
Мұндай кісі Елікке өте керек-ті, 
Елікке керек еліңе де керек, біл!


 106
107
Мұндай кісі күллі істі істей алады, 
Өнерімен ер тілегін табады!»
***
Сəті келіп айтты Елікке барлығын, 
Айтолдының ашып құлқын, тағдырын.
Айтты құлқын, хас асылға балады, 
Ақыл, білім, қасиетін санады.
Еліктің Хажыбқа жауабы
570 Естіді Елік: — Кəнеки, келтір! — деді,—
Қайда тұр ол. Көрейін көркін! — деді.
Тілеп едім кісіні қосшы болар, 
Ел басқару ісіне басшы болар.
Бар тілекке жеттім, бірақ ісімде, 
Мұқтаж едім осындай бір кісіге.
Жүгір, менің құзырыма тап, шақыр, 
Қызметіме келтір өзін, мəрт батыр!
* * *
Хажыб тұрып, қақпа алдына келді де, 
Бір ұланды жұмсады, «сөз» берді де.
575 Ұлан оның жеткізді бар сөздерін, 
Тонын киді Айтолды өңі өзгеріп.
Атын мініп ханордаға тез жетті, 
Хажыб қарсы шығып өзі кездесті.
Құрмет қылып төрден орын ұсынды,
Айтолды үнсіз отырды, бек қысылды.
Кірді Хажыб ілтифатын ұқтырып, 
Əміршіге баян етті тік тұрып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет