«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет94/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Елік айтты: — Ұқтым. Айтар налалы ер,
Бұл сөз іске аспас, өзің бара бер.
Не болғаны, бек тілегін тілесе,
Көңіл елтіп, қолы жетпей жүдесе!?
Бекте не ерік, сөзін ешкім ілмесе,
Күллі жарлық ел ішінде жүрмесе?!
Ұлылықтың бір белгісі біле бер:
Тілегіңе қолың жетсе тілеген.
3870 Не нəрсені аңсап көңіл қаласа,
Тілегіне жеткіз — ем сол тамаша!
Бұл тілегім енді кесел, дерт болды,
Емдемесе, өлтірердей жеп болды.
Не дейді екен, бұл бəйітті оқып ал,
Мəнісін ұқ, көңіліңе тоқып ал:
«Күллі дерттің шипасы бар белгілі,
Шипагердің шарттары бар белгілі.
Тілек тілеп болса жаның ауырар,
Іздеп тапса, құлан-таза сауығар!»
Өгдүлміштің Елікке жауабы
3875 Айтты Өгдүлміш: — О, құтты Елік, бағамда,
Дауасы жоқ не бар дейсің ғаламда!
Ұзақ өмір кешкей, Елік, дін-аман,
Өзің үшін, жаным пида сұраман.
Бұл сөзді айтам өтінгеннен жүгініп:
Еш пайда жоқ өкінгеннен түңіліп.
Былай депті ақылды ер бір өткен:
«Айтарыңды сайлап сөйле, жүректі ер!
Тілді тиып сөйлемесең — бір тəлім,
Өкіндірді сайрап, талай бұл тілім!
3880 Сөйлемесең сөзің саған құл болар,
Сөйлеп қойсаң сені өзі құл қылар.
Санап сөйле, асықпай сен толғанып,
Асықтың-ақ, өкінішке қалғаның!»
Одғұрмышты, ойламадым келмес деп,
Шақырғанда, тілегімді бермес деп.
Бір тілесең, мен мың мəрте тілегем,
Келіссе, өзім көмек көріп жүрер ем.
Тілегім сол, бірге болсақ деп едім,
Қол ұстасып, қызмет қылсақ деп едім.
3885 Мен қаншама қатты айтсам, өтімді,
Ол соншама қатты қақты бетімді.
Тағы бару қажет болса, барайын,
Айтар болса, тағы да айтып қалайын.
Елік тағы бір хат жазып жіберсін,
Оқып хатты сенсін, ойға тірелсін.
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Елік айтты: — Хат жаздым ғой атына,
Тас толтырып жауап берді хатыма.
Енді не деп хат жазайын. Барарсың —
Хат орнына хатқа өзің де жарарсың!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет