472
473
Бек жұлдызы сонда ғана жанады,
Бектік ісі сонда жөнін табады.
Осы жолдан тайма, бұзба алаңдап,
Бұл жол қалған бұрынғы өткен бабаңнан.
Осы жолдан қай бек тайса, оңбайды,
Бектік бағы ұшар, қайта қонбайды!
5910 Адамның үш түрін қоштап, сүйерсің,
Мен айтайын, сен есіңе түйерсің:
Бірі — алып, құрыш жүрек кісілер,
Қылышымен елге пайда түсірер.
Екіншісі — елші, ғалым, даналар,
Кеңестерде елдің ісін бағалар.
Үшіншісі — хатшы, зерек күллі істе,
Қазынаң толар, білгір шығыс-кіріске.
Сен бұларды айырып ал, байыптап,
Сый-құрмет қыл, еңбегіне лайықтап.
5915
Сонда ісің өрлеп, құрмет көбейер,
Ел байлығы тасыр, жерің кеңейер.
Жақсы атың шығып, даңқың тарайды,
Жаһан халқы жүз көруді қалайды!
Ойлы кісі айтқан сөздің ақ шынын:
«Кісі өлсе де, өлмес аты жақсының!»
Не ғұмырлы, тек ізгі атың ғұмырлы:
«Кісі өлер, жақсы ат жықпас туыңды!»
Мəңгі тірі аты жақсы ер өткенмен,
Шіріп, қара жер астында кеткенмен.
5920
Тірлік емес, жақсы ат тіле — тілесең,
Атың жақсы болса, мəңгі тірісің!
Тірлік қандай? Жақсы ат қандай? Айырып
Айтқын, есті ер, жаса маған қайырым.
Бұл жақсылық — шындық, пəктік көзі ғой,
Ал тіршілік — жақсылықтың өзі ғой.
Кім ізгілік етсе — тірі ол, тірегің,
Кімнің құлқы һарам болса — тірі өлік!
Көшер жалған, ізгі құлық көшпейді,
Құлық болса, жөн-жосық та өшпейді!
5925 Фəни жалған жүзін теріс бұрады,
Қайырым қыл, сол тіршілік мұраты.
Нəрсеге құл болма, Елік, күйерсің,
Опа бермес бұл дүние, білерсің!
Ойын сынды бұл дүние мінезі,
Аяғын күтсең, бірден басын тігеді.
(Бұл дүние құлқы сиқыр, ұғынсаң,
Басың кетер, аяғына жығылсаң!*)
Өсіп-өнгір, қатыспа сен ойынына,
Ал қатыстың, тұзақ түсер мойныңа.
Жазбасы бар хатқа түскен ілімнің,
Ей, ақжүрек, ұмытпа оны біліп жүр:
5930 «Бұл дүние қылығы ойын, ойын құр,
Сен, қатыспа не қыласың ойынды!?
Құлдық ұрып, орында үкімін иеңнің,
Орындамасаң, оңда иіп бойыңды!»
Міне, Елік, менің біліп-түйгенім,
Іші-тысын бірдей саған сөйледім.
Сөзімді алсаң — алғай, егер алмасаң,
Шүбəң қалмас, өзің көріп, аңдасаң!
Достарыңызбен бөлісу: