10
11
негізге алынып жүр. Біз де жылдар бойы дүние жүзі түріктанушыларының
танымында қалыптасқан тұжырымға тоқтағанды жөн көрдік.
Сөйтіп, Шу бойынан шыққан Жүсіп осынау қалың елдің моральдық-этика-
лық бағдарламасы іспеттес еңбегін 54 жасында жазып, сол «Құтты білік» атты
даналық дастаны ғұлама атын күллі
Туран еліне, Шығыс əлеміне танытты.
Батыс пен Шығысты тең шарлап кеткен бұл əдеби жəдігер он ғасырдай мерзім
өткенде өз атамекеніне оралғандай болды, 1986 жылы қазақ жерінде өз ана
тілімізде алғаш рет жарық көрді
*
.
Сол Х—ХІІ ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын
мекендеген халықтардың мəдени даму биіктерінің бірі болған философиялық
поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін аса құнды, өміршең. «Құтты
білік» — ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы.
Философиялық толғамдарымен де, көркемдік нақыстарымен де, поэтикалық
ойлау ерекшелігімен де шеберліктің үздік үлгісіндей бұл ауқымды дастан сол
дəуірдегі өнер өрісін, көркемдік таным биігін қапысыз аңғартады. Дастанға
белгілі түріктанушы, академик А.Н.Кононов: «При всей своей моралистической
направленности «Кутадгу билиг» не является и не может считаться, как
иногда на этом настаивают, книгой сухих этико-дидактических наставлений
и нравоучений. Это — философское произведение, в котором
анализируется
смысл и значение человеческой жизни и определяются обязанности и нормы
поведения человека в обществе; при этом Юсуф не страшиться критиковать
общество, в котором он сам живет»,
**
— деп сипаттама берсе,
туындыны
орыс тіліне толық, еркін аударып шыққан С.Н.Иванов: «Благодатное
знание» — выдающееся произведение тюркоязычной литературы (ХІ в.)»
***
деп бағалайды. Дастанның авторы əлеуметтік-эстетикалық, адамгершілік-
имандылық мұрат тарды халықтың санасына жақын қарапайым да қанатты
тілмен, сол кездегі ғылыми танымның жоғары деңгейінде аса ұғынықты,
ұтымды жеткізеді. Бүгінгі халық əдебиетіндегі, халықтың тұрмыс-дəстүріндегі
моральдық-психологиялық, эстетикалық ерекшеліктердің, заңдылықтардың сол
ХІ ғасыр шығармасындағы сүттей ұйыған негізін, тұғырын көргенде, түптеп
келгенде, шынайы творчество, құбылыс жалпы халық санасымен, халықтың
эстетикалық ой-өрісінің даму деңгейімен тікелей сабақтас екеніне тағы бір
көз жеткізгендей боламыз. «Құтадғу білігтен» орта ғасырдағы қоғамдық-
əлеуметтік жағдайдың, ғылым мен мəдениеттің, тіл өнерінің, саясаттың даму
дəрежесін де пайымдап, мол мағлұмат аламыз.
Жүсіп Баласағұнның бұл кітабы арқылы қарахандар дəуіріне
барлау
жасап, тарихи-этнографиялық, ақлиқаттық-эстетикалық, тіл ерекшеліктеріне
қатысты орамдарға байланысты құнды пайымдаулар түйіндеп, пікір
қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, əлеуметтік-
тұрмыстық ахуалды, əскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы
басқа да мемлекеттің əл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-
философиялық тіл мен баяндалады. Сол заманғы ғылым мен мəдениеттің
*
Ж.Баласағұн. Құтты білік. Ауд. А. Егеубаев. Алматы: Жазушы, 1986.
**
Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Баласагунского «Благодатное знание». Юсуф Баласагунский.
Благодатное знание. М.: Наука, 1983. С. 507.
**
Иванов С.Н. О «Благодатном знании» Юсуфа Баласагунского». Там же. С. 518.
жетістіктері де аңғарылып отырады. Дастан көне түрік өркениетінің мəуесі
болғанымен,
жалпыадамзаттық, адамгершілік-имандылық мұраттарды те-
рең толғап, күллі адам баласына тəн ізгі қасиеттерді ұлағат етіп ұсынады.
Академик А.Н.Кононовтың жоғарыда аталған еңбегіндегі: «В «Кутадгу билиг»
нашли свое выражение идеи давно волновавшие многие народы», — деген
тұжырымды ойы өте əділ айтылған баға.
«Құтадғу біліг» 1069 жылы он сегіз айдың ішінде жазылған. Авторы —
Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойындағы тарихта ықылым заманнан белгілі
ірі шаһарлардың бірі — Баласағұнда (зерттеулерге қарағанда ертеректе Құз
Орда деп те аталған) туып-өскен — Жүсіп Баласағұн. Жүсіп бұл қоғамдық-
əлеуметтік мəні терең, халықтың моральдық-этикалық бағдарламасы іспеттес
еңбегін 54 жасында жазған. Шу бойындағы Баласағұн қаласында бастаған
бұл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі əмірі
Бұғра ханға тарту етеді. Хан ойшыл ғұлама еңбегін жоғары мəртебелеп, «Хас
Қажыб» деген лауазымды атақ, өз қасынан бас кеңесшілік қызмет берген.
Сөйтіп, Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн деген аты дүниеге тараған.
Қарахандар мемлекетінің тарихын талдап, зерттей түсу дастанның қоғам дық-
əлеуметтік, тарихи негізін, алғышарттарын білуге көп көмегін тигізері анық.
Ғылымда бұл жөнінде бірқатар зерттеулер,
болжамдар, қарама-қайшы
пікірлер баршылық
(В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, О. Притсак, В.В. Радлов,
Достарыңызбен бөлісу: