«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ЖАРҚЫН ЖАЗ*, АСА ҚАДІРЛІ ҰЛЫҚ БҰҒРАХАН ҚАСИЕТІ



Pdf көрінісі
бет14/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

4. ЖАРҚЫН ЖАЗ*, АСА ҚАДІРЛІ ҰЛЫҚ БҰҒРАХАН ҚАСИЕТІ 
АЙТЫЛАДЫ
(Жадыраған жаз жайлы, аса жоғары мəртебелі, құдіреті күшті, 
рахымды һəм мархабатты, ақиқат пен діннің сүйеніші — Ұлы 
билеуші Табғаш ұлық Бұғра-Қарахан Əбу Əли-Хасан бинни 
Арсланханға Алланың нұры жаусын!)
Туғардан* есті əлемге көктем желі, 
Жəннаттың жолын ашты зерлегелі.
Қара жер ағы кетіп, жұпар шашты, 
Безенбек болып, дүние көркін ашты.
65. Сүйкімсіз қысты қуды көктем лебі,
Жарқын жаз дəулет құрды, өктемдеді,
Күн жайнап, қайта орнына жүгірді, 
Балықтан* Қозы* тұмсығына ілінді...
Қу ағаштар жасыл тонын жамылды, 
Безеніп: көк, қызыл, сары тағынды.
Жасыл торқа қара жерді қаптады, 
Шын керуені жайды Қытай заттарын.
Тау, дала, жер жасыл кілем төсенді, 
Көкке оранып, қолат-қырлар безенді.
70. Мың-мың шешек гүлін ашты күлімдеп, 
Дүние толып, жұпар шашты дүбірлеп,


 70
71
Қалампырды самал желі таратты, 
Кин* жұпары кеуледі əлем, алапты.
Қаз-үйрек, қыл*, аққулар қалықтады, 
Қиқулап биік-төмен шарықтады.
Ұшса бірі, қайсыбірі қонады, 
Бірі жүзіп, бірі суға қанады.
Көкіш*, тырна қиқу салып үзіліп, 
Ұшты көкте түйелердей тізіліп.
75. Серігін іздеп үн шығарып ұлар құс 
Аңсағанын шақырғандай гөзəл қыз!
Қасы — қара, қандай қызыл тамағы, 
Кекілік сайрап, күліп-күліп алады.
Қара шымшық шықылықтап баурайды, 
Үні ерке қыз үнінен аумайды!
Шешектерге төгер бұлбұл мың үнін, 
Оқығандай ыбры* сүресін күні-түн.
(Гүлзарда мың құйқылжиды сандуғаш, 
Күні-түні сайраса, үні талдырмас!)
Елік-айран гүл үстінде ойнайды, 
Арқар, киік жұптаса өріп тоймайды.
80. Қабақ түйіп, аспан жасын селдетті, 
Гүл жүз ашып, күлімдетті жер-көкті.
Өзі-өзіне қарап жаһан бұл шақта, 
Қуанып, сүйіп толды ғажап нұр-баққа,
Тілін ашты дүние мені тербетіп:
«Көрмедің бе, — деді, — хақан келбетін?!
Ұйықтап жатсаң, тұр, аш енді көзіңді,
Естімеген болсаң, есті сөзімді:
Түмен жылдар жүзім солған, тұл едім, 
Тұл киімін шешіп, қайта түледім!
85. Бегім ұлы хақан болды, нұрландым —
Қабыл қылса, бердім, жаным — құрбандық!»
Бұлт күркіреп, ұрды наууат* қайратты, 
Жасын ойнап, хақан туын жайнатты.
Бірі қыннан шықты, елді түзетер, 
Бірі үнімен күллі əлемді гулетер!
Аты құтты, құтқа толып қос жаһан,
Тұтты əлемді Тауғаш ұлығ Бұғра хан.
Дін əзізі, сүйеніші дəулеттің,
Миллəтқа — тəж, ей, діндəрі шəриаттың.
90 Алла берді тілегіңді қалдырмай,
Хақ медетің бола бергей, талдырмай.
Дүние жамалы, ай, ұлылық реңі, 
Билік нұры, опасыз құт шідері!
Заман саған берді дəулет, берді таң, 
Берсін тəңір тақпен бірге енді бақ!
Əлем тынды, хақан таққа отырды, 
Дүние түгел куə болып, қосылды.
Шартараптан келді көктің құстары, 
Үнді, Рүмнен, елдерден бек тысқары*.
(Келді аспаннан күллі ғалам құстары, 
Бірі — хинди райы, бірі — қайсары*.)
95 
Атын атап, дауыс қосып, сайрасты, 
Қуанысып, сүйінісіп жайнасты.
Түрлі шешек жерге көркем тұр берген, 
Тау, дала, жер жасыл-көкті бүркенген.
Қызмет жасар бірі оңды ділімен, 
Есік ашар бірі нұрлы түрімен.
Түтшік* тұтар, қайсысы қол ұсынып, 
Шашар жұпар, кейі əлемге тұшынып.
Сияпат жасар бірі келіп Шығыстан, 
Батыстан бірі қызмет етіп тырысқан.
100 Қызметке келіп, құт есікте тұрады,
Есікте тұрған құлдай қызмет қылады!


 72
73
Тұрды осындай қызметке жер беті, 
Бой иді жау; жебеді өзін ерледі.
Хақан даңқы жетті əлемге кез келген, 
Ұйқы қашты көре алмаған көздерден!
Заң түзелді, жаһан тыншып жайланды, 
Əділ заңмен аты аңызға айналды.
Көрсем десе, кім сақидың суретін, 
Көрсін келіп хақан жүзін, құдіретін!
105 Кісі іздесе, опалы, əсте жапасыз, 
Көр: опалы ісі қате-қапасыз!
Пайда қылсам, — десең өзің, — зарарсыз, 
Көңіл беріп, қызмет қып бағарсыз.
Құлқы түзу, асыл жанды мейірбан, 
Көрем десең, келіп көр де мейірлен.
Асыл текті, қылығы ізгі, жаны мəрт, 
Əлем сенсіз қалмасын, ай, қаңырап.
Түркі құты, ей, Алла дəулет, бақ берді, 
Шүкір ет те, мың есімін жатта енді.
110 Келтірейін сөздің көне мақалын: 
«Ұлға қалар аты, орны атаның!»
Орны қалды, аты қалды атаның, 
Тағы басқа болсын, өссін атағың!
Мың-мың қолдар сыйын беріп, табынды, 
Менің сыйым: «Құтты білік», қабыл қыл!
Сыйы олардың келіп, кете барады, 
Менің сыйым сенде мəңгі қалады.
Жиған дүние таусылады, қалмайды, 
Жазылған сөз кең жаһанды шарлайды.
(Жиған дүние азып-тозып қалады, 
Жазылған сөз мəңгі иесін табады!)
115 Бұл кітапқа жазылды аты хақанның,
Түркі құты, мəңгі өшпейтін ат алдың!
Уа, раббым, бер тілегін, құт дарыт, 
Барлық істе демеп, жебе, құтқарып.
Сүйінгенін қолдап, жауын аздырғын, 
Сүйінішін көбейт, мұңын аз қылғын!
Нұрлы нөсер жаусын, шешек гүл ашсын, 
Қу ағаштар көктеп, көкке ұлассын.
Айналып көк, қолдап нұрын үйірсін, 
Құты тасып, дұшпан басы иілсін!
120 Бұл қара жер мыстай қызыл* болғанша,
Жасыл шешек оттай сөніп, солғанша.
Түркі құты мың жасасын, кесірсіз, 
Көре алмастың көзі отпен тесілсін.
(Түркі бегі көп жасап, құт дарысын, 
Көре алмастың көздерін шоқ қарысын!)
Тағы нендей болса мақсат-тілегің, 
Дəйім тəңір болсын арқа сүйерің!
Ел сүйініп, қуаныссын, мақтансын, 
Лұқманның* жасын жасап, шаттансын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет