«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


СӨЗ БАСЫ — КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ӨЗІ



Pdf көрінісі
бет21/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

12. СӨЗ БАСЫ — КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ӨЗІ
Ақыл қолдар, ал білімнен құт туар, 
Бұл жалғанның құлқын саған ұқтырар.
Сұм жаһан кəрі кемпір қасын керген, 
Қыз қылықты, қарасаң, жасы келген.
400 Қыз қылықпен қылымсыр, құлқы кербез,
Сүйіндіріп, ұмсынсаң — қолын бермес!
Сүйсең — сүймес, қашады киіктей нақ, 
Безсең — құшар аяқты, күйіп бейбақ!
Кейде, елтітіп, қырланып, көзін қадар, 
Кейде, көрмей — қуланып, төмен қарар.
Қарасаң, жүзін тездеп бұрып алар, 
Наз қылып, маңайлатпай тұрып алар.
Қартаймайды, қартайтты талай бекті, 
Сөзі бітпес, бектердің талайы өтті.
405 Данышпан бек бар еді жаһан басы,
Жасады ұзақ, жасарды ғалам жасы.
Ол — Күнтуды əлемге аты мəлім, 
Даңқы мəлім, құты мен заты мəлім.
Құлқы түзу, жаны мəрт өмірі ұдай, 
Көзі қарақты, сөзі шын, көңілі бай.
Білікті бек, ойы ұшқыр, ғадал еді, 
Жаманға — өрт, жауына тажал еді.
Жəне жайсаң, мейірімді асқақ ер-ді, 
Атаң-даңқы күн сайын асқан ер-ді.
410 Білімді бек қадірлі құлығымен, 
Тірлік етті жарасты қылығымен.


 94
95
Құштарланып жүргізді саясатты, 
Бұл құштарлық жарасар парасатқа.
Мұны меңзер келіп тұр шəйір сөзі, 
Ашылар оқығанның оны көзі:
«Ерге — айбын, жайсаңдық керек бірдей, 
Жамандықтан жүрсе алыс, өрекпімей...
Айбын, жігер жарасар кісілікпен, 
Ер қадірі — берсе, егер екеуін тең!»
415 Сол құлқымен Күнтуды ер атанды,
Күн мен Айдай нұрлантып кең жаһанды.
Кім ақылды, шақырып тартты жақын, 
Кім білімді, ұлы етті атын-даңқын!
Ағылды оған жаһанның даналары, 
Елдің ақыл-білімді саралары.
Өзі түзіп ел ісін, ел бағасын, 
Жəне іздеді ақылды, ер сарасын.
Іс бастаса, өзіне қамқор болар, 
Ісін істеп, дамылдап, көңіл толар...
420 Айтты бір күн отырды да қамығып, 
«Бектік ісі — ұлы іс» білсең қадірін!
Басты ауыртар, көрсең оның көп ісі, 
Көп істі істер — кең ақылы, өрісі.
Ауыр екен билік жалғыз басыма, 
Есті Ер қажет ұлағатты іс қасына.
Енді ақылды кісі маған керек бір, 
Елдің басы, білімді, есті ерек бір.
Мейірімді, түзу күллі қылығы,
Тіні шыншыл, болса жанның тұнығы.
425 Істей берсе сол ер менің ісімді, 
Көре білсе, сезіп сыртым-ішімді.
Не дейді есті, жасы келген адамды, 
Бастан кешіп, сынап білген ғаламды:
«Жəрдемшілер керек ерге қолдаушы, 
Білімді, ойлы, даналар — ел қорғаушы.
Көмекшілер керек істі білетін, 
Істі білген ер көреді тілегін.
Көп болса олар бек машақат көрмейді, 
Заң бұлжымай, ісі оңалып, өрлейді.
430 Барша істе көмекші жөн, білгейсің, 
Бек ісі үшін көптеп жия бергейсің!»
Ел басы, көр, жəрдемші іздеп таппады, 
Барлық іске қол тигізді, жатпады.
Күнде, қара, қалың бейнет қамады, 
Тыныш қалса, бейнет тағы алары.
Құтты, əзіз ер сөзді сынап, тыңдаған, 
Үшбу сөзді жақсы айтыпты, аңдағын:
«Тыншу күтсең — бейнет жүрер жалғасып, 
Сүйінішке қайғы жүрер жалғасып.
(Масаттансаң, бəле келіп табады, 
Қуаныштың ізін қайғы жабады.)
435 Бек қанша өссе, бас ауруы молаяр, 
Бас қанша өссе, киер бөркі зораяр.
(Дəреже өссе, уайым да аумақты, 
Үлкен бастың бөркі сонша салмақты)».
Көз, құлағын тікті Елік* күллі елге, 
Оған барша қақпа ашылды бір демде!**
Парықсызды өз қолымен жазалап, 
Ессіздерді қуды елінен қаралап.
Басқарды сақ. Сүйінді елі, əулеті, 
Марқайды өзі. Артты күнде дəулеті.
Барлық жерде ерге сақтық керек бек, 
Бектік іске керек сақтық ерекше!
440 Қырағы, сақ болсаң — алға асарсың, 
Кілең пайда көріп, ұзақ жасарсың.


 96
97
Мұны меңзер шайыр тілін ұғып ал, 
Шайыр тілін, білсең, сөздің нұры бар:
«Қырағылық, сақтықпен ер мақталды, 
Осалдықпен мыңдар ажал тапқанды.
Барлық істе сақ бол, қапы қалмағын,
Қос дүниеде тілерің сол, аңдағын.
Бейғам кісі, байқа, осалдық қылады, 
Жау да əуелі осалдарды қырады.
(Елі жарқын — сақ, қырағы адамның, 
Көрі жақын — уайымсыз наданның!)»
445 Не дейді екен тыңда, əлемді тұтқан ер, 
Сақтықпенен жауын ұтқан, жыққан ер:
«Ел басқарсаң, сергек, сақ жүр түсініп: 
Сақтық — ерлік, шариғаттың ісі бұл.
Енжар болсаң — ұйқы басар, нас басар, 
Ай, қадірлім, ғафыл болма, бақ қашар!»
Хан сақтығы елге пайда əкелді, 
Мұндай пайда елге бірлік əперді!
Тəртіп орнап, жұрт байыды, білісті, 
Бөрі мен қой бірге тұрып су ішті.
450 Əділ болды. Мақтады елі, сүйінді, 
Жаулары естіп, бойын иді, күйінді.
Бəзбіреулер пана тұтты, пір тұтты, 
Есігін сүйіп бəзбіреулер жүр тіпті...
Көңілі хош кісі ақылын білгейсің, 
Сөзі бейне шешек атқан гүл дерсің:
«Билік, бектік ізгі нəрсе, жөн нəрсе, 
Ай, шырайлым, жөн-жосығы оң келсе!
Ізгі бектік болар еді ізгірек, 
Заңды түзу жүргізсе егер үлгілеп!
455 Бегі ізгі боп, түзу жүрсе бек ісі, 
Қандай құтты болар еді ел іші.
Құттың құты — ердің ізгі есімі, 
Ізгі аты — мəңгілік құт есігі.
Бектікпен ер табар еді бақ қанша, 
Елдің ісін кісілікпен атқарса!»
Жақсылығы тиіп күллі халқына, 
Жер-жаһанға жайылды күш, даңқы да.
Аты шығып, дұға қылды əулеті, 
Күн-күн санап ұлғайды атақ, дəулеті.
460 Жаһан халқы естіп, оған шұбады, 
Тиер ме деп мерей, бақыт шуағы.
Жаһан көрді, құты тасып, көктеді, 
Қозы-лақпен бірге өрді көк бөрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет