118
119
735
Мен де айдай жаңаланып тұрамын,
Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым.
Ғарып жанға түссе жүзім, жанарым:
Көркі артып, нұр жуады қабағын.
Байып, тасып, даңқы алысқа жайылар,
Кетуім мұң — су алғандай шайылар.
Жиған-терген мүлкі күлдей шашылар,
Таз қалпына түсер, еңсе басылар.
Шайыр сөзін есті мұны меңзеген,
Білікті сөз — білімсізге көз берер:
740 «Бақ қонса адам, атақ-даңқы артылар,
Жаңа айдай толысар да, жарқырар.
Көңіл қойма, ол опасыз, ессіз ол,
Толған дəулет, толған айдай сарқылар!»
Бұл жөнінде сыр ашайын жəне бір,
Естіп ұғып, шын ниетпен сене біл!
Мекен-жайсыз жүрер сырғып айналып,
Орын сайлап, жантаймас Ай жайланып.
(Айдың үйі — орны тұрған айналып,
Шыр айналып, отыра алмас, жайланып...)
Ай бұрыжы* — Саратан, ол тынбайды,
Үйі айналса, ай да бірге зулайды.
(Саратанмен* жанып, бірге өшеді,
Ол көшпелі, бұл да бірге көшеді.)
745 Қай үйге енсін, тəрк қып шыға береді,
Кіріп-шығып, шығып-кіріп желеді.
Мен де Айдан айнымаймын, білемін,
Бірде — өрде, бірде ылдида жүремін.
Келіп-кетіп шарқ ұрамын, жатпаймын,
Кең жаһанды кезсем де орын таппаймын.
Затыма сай, «Айтолды» деп атаған,
Білімдінің айтқаны аумас батадан.
Міне, мен — құт, аян мінез, тегім де,
Айттым, түгел кеселімнің емін де.
750 Айттым, сенсең — шындығы осы сөзімнің,
Қалдырсаң да, қайтарсаң да өзің біл!
Достарыңызбен бөлісу: