Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
3995 Жауап беріп айтты Одғұрмыш: Ей, қадаш*,
Мұңға салдың, зəһар болды ішкен ас.
Болсын делік, саған құлақ асқаным,
Елікке де барып, қызмет бастадым.
Қызмет үшін білу керек заң-жөнін,
Құлығы оң боп, сезу керек сөз лебін.
Кірген-шыққан, отырыс һəм тұрыста,
Жөн білмесе, түсер реніш ұрысқа.
Былай депті қызмет білген білікті,
Білген ойын сəл ұшынан іліпті:
4000 «Бекке қызмет етсең, болсын ізетің,
Сөзіңді бақ, көңіл, тілді түзетіп.
Ісіңнің заң, шарттарын ұқ, қарағын,
Қызмет білсең, сен өзің де жарадың!»
Өзім жұрттан жырақ кеткен жан едім,
Құлық, сөзде жоқ əдетім, əдебім.
Бекке менен болар қызмет не қылған,
Байқа, маған онда есік жабылған.
Мені неге күштейсің өзің тұрып,
Бекке қызмет істе деп, сөзді бұрып.
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
4005 Айтты Өгдүлміш жауап беріп: — Бұл сөзің,
Жақсы емес, ақ көңілдім, білсеңіз.
Мұныңды Елік көтереді, білгейсің,
Қажет пе — отыр, қажет десең — жүргейсің!
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Мұның да,
Ай, құлықтым, тым жақсы емес, шынында!
Саған, маған, тұрмас соның жарасып,
Жөнді білмей, лағып жүрсек адасып.
Жұрт басқарып, тегінде, елді түзету —
Бектер ісі — əлемді оңдап, күзету.
4010 Ел басқару — бектің ісі қашаннан,
Заң тəртіптің күшімен ол жасалған.
Сол үшін де бектер қолын ұзартқан,
Ақыл, білім берген, ілім — бұлақтан,
Жақсы айтыпты оны халық басшысы,
Əлем ісін есті атқарған, бастысы:
350
351
«Ақыл керек жаһанды ұстап тұруға,
Жүрек керек елге билік құруға.
Бұлар болса, қызметші керекті,
Заңға жүйрік, іске зерек ерек бір.
4015 Бұлар түгел болса, күші тасынар,
Жауын жаншып, өшін алар қасынан.
Заң, тəртіпті тізушінің көзіміз,
Жараса ма, бұзсақ оны өзіміз!»
Достарыңызбен бөлісу: |