«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Бісміллəхи-р-рахмани-р-рахим!



Pdf көрінісі
бет13/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Бісміллəхи-р-рахмани-р-рахим!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен 

бастаймын!

1. ƏЗІЗ УА ҰЛЫ ТƏҢІРДІҢ ҚҰДІРЕТТІЛІГІ АЙТЫЛАДЫ

1.        Алла атымен бастадым сөз əлібін, 

 

Жарылқаған, жаратқан бір тəңірім!



 

Шексіз құрмет,  шүкіршілік  мың да  бір, 

 

Ол ажалсыз, хаққа лайық кіл қадір...



 

Жаратты ол: жасыл көк, ай, күн, түнді, 

 

Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.



 

Тіледі де, жаратты бар болмысты, 

 

«Бол!» — деді де, бірден бəрін болғызды.



5.        Жаралғанның бəрі мұңлық, мұңы көп, 

 

Ием ғана жалғыз шері, мұңы жоқ.



 

Ей, ерікті, күшті, мұңсыз құдайым, 

 

Бұл ат жалғыз саған ғана лайық!



 

Ұлылық — сен, биік құдірет-күш еңсең, 

 

Сенен бөлек жоқ өзіңмен түсер тең!



 

Саған өзге кіріге алмас, дарасың, 

 

Əуелгі де, соңғы да өзің, сарасың.



 

 

Жалғыздығың қосылмайды еш санаққа — 



 

Еркің жетті күллі нəрсе, тарапқа.

10.      Күмəнсіз, хақ, мəңгілік сен, бір ғана, 

 

Санақтан тыс, қатынассыз, бір дара!



 

Іш пен тысты бірдей білген асылсың, 

 

Көзден — жырақ, көңіліме жақынсың.



 

Барың аян, күн мен айдай жарықсың, 

 

Ақыл, көңіл жетпес, тегің алыс тым.




 66

 

(Барың анық, Күн мен Айдай қанықсың, 



 

Тегің жұмбақ, ақыл жетпес жабықсың.)

 

Бірегейсің, еш қоспасыз бір мүсін, 



 

Жараттың сен нəрселердің күллісін.

 

Жараттың сен кішісін де, ірісін, 



 

Өтер бəрі, өзің мəңгі тірісің!

15.     Жаралғанға түгел танық* жаратқан, 

 

Қос дүниені* анық қолға қаратқан.



 

Ұқсасы жоқ, десең, меңзеп қарайық, 

 

Қандайлығын біліп болмас, халайық.



 

Жатпайды  — ояу, ұйықтамас, жүгірмес, 

 

Меңзер белгі жоқ, тұр-түсі білінбес!



 

Кейінде-алда, не солыңда, оңда жоқ, 

 

Асты, үстіде: отырар жай онда жоқ.



 

Өзі орынсыз, жаратқан сол орынды, 

 

Онсыз орын болмас, білгін соныңды.



20.     Сыры жақын, ай, ділі əзіз, жаны адал, 

 

Сенің барша сурет, ізің танымал!



 

Жараттың мың тіршілікті, ел, жерді, 

 

Құрлық, құдық, тау, дала, көл, белдерді.



 

Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен, 

 

Қара түнді жарық еттің күндізбен!



 

Қанша ұшқан, жүрген, тынған, інде өскен, 

 

Ішіп-жемі сенен болып күн кешкен.



 

Көк үсті мен жер қойнының арасы, 

 

Мұқтаж саған, жоқ өзгеше шарасы.



25.   Хаққа бүтін сенсең, ділді табындыр, 

 

Көңілің сенсе — ақылыңды бағындыр!



 

Қандай деме, көңіліңді баққайсың, 

 

Бəріне де көншіп, тыныш тапқайсың.



 

Қайда, қандай?! — деме, ұста өзіңді, 

 

Шетсіз, шексіз, біл, ұзатпа сөзіңді.



 

(Хақ қайда деп, қандай деп те сұрама, 

 

Барлық жерде ол, біл де соны шулама!)




 67

 

Мұңсыз ием! Мен бір мұңлық құлыңмын, 



 

Күнəмді кеш, мейіріңе жылындыр!

 

Табындым мен, сенде үміт, сенім де, 



 

Қолыңды бер, мұңға батқан жерімде!

30.      Мені сүйген пайғамбармен бір еткін, 

 

Қиямет күні қолын беріп, деметкін.



 

Оның əділ төрт досына мың сəлем, 

 

Жеткіз түгел: бармын, қолдап тұрса мен...



 

Ұлы күні жүзін көрсет, жебесін, 

 

Ізгі сөзбен қолдан тұтып, демесін.



 

Саған лайық өзім мақтау таппадым, 

 

Сөзді кестім. Өзіңді өзің мақтағын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет