3. ТӨРТ САХАБАНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ҚҰДІРЕТІ ТУРАЛЫ
АЙТЫЛАДЫ
Төрт серігі бар еді оның сенетін,
Бірге тұрып ақыл-кеңес беретін.
50. Қайын ата — екеу, екі күйеу баласы,
Игісі елдің, кісілердің сарасы.
Бəрінен де Атық* ұлы, ірі де,
Хаққа түзу көңілі де, ділі де!
Тəрік қылды, мал, жан-тəнін, жүдеді,
Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.
Сонсоң , Фаруқ* еді кісі сарасы,
Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.
Діннің көркі, жəрдемші еді асқан ол,
Бет пердесін шариғаттың ашқан сол*.
55. Үшіншісі — Осман, жомарт, ақылды,
Таңдаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.
Пида қылды: барша малын, қосты өзін,
Пайғамбар да оған берді қос қызын.
Əли — сонсоң, жігерлі, мəрт, сері ер-ді,
Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.
69
Қолы ашық, сара-таза жүрегі,
Білімді, есті, даңқты əрі ірі еді.
Бұлар діннің, шариғаттың тұғыры,
Тартқызды азап кəпір, дінсіз қылығы.
60. Бұл төртеуі төрт тұғырдай* мен үшін,
Түзілсе олар, болар тірлік келісім.
Мен оларға мың-мың сəлем жолдадым,
Үзбей жеткіз, сүйеуші ием, қолдағын!
Сүйіндіріп сəлемімді жеткізгін,
«Ұлығ» күні қолдан тартып, өткізгін.
Достарыңызбен бөлісу: |