Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
Одғұрмыш та басын ұстап тұрды көп,
Ақырында, ойлы жүзін бұрды кеп.
Айтты: — Інім, қиналдың-ау өзің де,
Қандастықпен арнап айттың сөзіңді.
Қамымды жеп, жақсы айттың білемін,
Тəңір саған қайырым етсін, тілерім!
3685 Ай, мəрт батыр, байқа, ойым он болды,
Бұл істе мен көре алмадым оң жолды.
Қаламай тұр көңіл қашып бұл істен,
Қатер — істен, көңіл жатпай кіріскен.
Көңілі жүйрік, өзі сүйген, сүйікті,
Дана, өнеге сөзін былай түйіпті:
«Қандай іске келсе өзіңнің кіріскің,
Ең əуелі көңіліңмен кеңескін.
Кісілермен ашып айтып, ақылдас,
Көңілің қалап тұрса ғана жақындас.
(Көңілің соқпас жерден əмəн жырақ жүр,
Адамдардан ақыл-кеңес сұрап жүр.)
3690 Өзіңе-өзің бəрінен де жанашыр,
Сөзіңді тый, қаламаса жан асыл.
Іс істесең өз жаныңа жақпайтын,
Ақкөңіл ер одан пайда таппайсың!»
Көңілім сүйіп, қаламай тұр, тосылдым,
Қойдым сөзді, осыдан-ақ шошындым.
Өзім үшін сенен пұрсат алайын,
Ей, ізгі адам, босат мені, қалайын!
Еш пайдам жоқ тигізетін Əмірге,
Құлық, қылық, сөзім келмес тəлімге.
3695 Дүниеден қашып мұнда келіп ем,
Не деп қайта ораламын кері мен.
Алла ісіне арнағанмын өзімді,
Кісі ісіне баспан, тидым сөзімді.
329
Енді мені тəңіріме* жібергін,
Дұғашың боп, жақсылықты тілермін.
Көрістірсем десең бізді, ағайын,
Маған келме, өзім іздеп барайын.
Бейнет — маған, рахат саған бөлінсін,
Елікке істеп, пайдаң елге төгілсін.
3700 Мейірімді, ісін білген кісінің,
Жанашырлық сөзін тыңда түсініп:
«Жүрсе кісі, еркіне еріп жүректің,
Жақындары анық күллі тілектің.
Тілек қуған адам азып, талмайды,
Тілек қолдап — арып жолда қалмайды.
Аңсары ауса, кісі ешбір кідірмес,
Жетер түгел, шаршағаны білінбес!»
Ел сүйсінткен мəрттігі мен ерлігі,
Сүйікті ердің сөзін есті, ендігі.
3705 «Көңіл жақын болса, жақын алыс жер!
Көңілді бақ! Алыс кейде, қарыс жер!
Бір өрлем жер Туар — Батар* арасы,
Жақын хақы — опалылық, қарашы!»
Достарыңызбен бөлісу: |