«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ОДҒҰРМЫШ  ӨГДҮЛМІШКЕ  ДҮНИЕ АЙЫПТАРЫН



Pdf көрінісі
бет132/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   247
42. ОДҒҰРМЫШ  ӨГДҮЛМІШКЕ  ДҮНИЕ АЙЫПТАРЫН 

АЙТАДЫ

 

Айтты Одғұрмыш: Сөздеріңді  тыңдадым,



 

Енді сен де айтқанымды тыңдағын.

 

Бұл дүние сүйгізіпті өзін бек,



 

Бар айыбы — саған сұлу көрінбек.

 

Таңданба сен, мысал да бар білсеңіз:



 

«Күллі нəрсе мінсіз болар — сүйсеңіз!»

3515  Сүйгеннен соң бар айыбы əлемнің,

 

Көрінеді, ай, əлді ұлық, əдемі!



 

Тыңда сөзін сүйіп, ойын түйгеннің,

 

«Сүйкімді боп тұрар міні сүйгеннің!»



 

Айдан анық сүйгендіктің белгісі:

 

Кемістігі көркі болар, ей, кісі!



 

Дүниені сүйгенің біл, айырып,

 

Көңілің сұлу тұтыпты бар айыбын.




 317

 

Бұл дүниені мақтадың сен не дейін,



 

Бар айыбын саған айтып берейін.

3520  Алла адам жаза басса, қинады,

 

Дүниені түнек қылып  «сыйлады».



 

(Күнəһəрға ием қатал қарады,

 

Дүниені зындан етіп қамады.)



 

Түнектен сен қандай тілек тілерсің,

 

Құт-жəннатты жұмақта деп білерсің.



 

Жəннатта адам ұжмақтың дəнін жер,

 

Бұл жалғанда тазармаққа жанын жер!



 

Хақ лағнет қылғанды шайтан арбап,

 

Тағы сүйер, қудалар Алла қарғап...



 

Хақ жарылқап, қолдаса қалған құлын,

 

Дүние бермей, тазартып ашар жолын.



3525  Бұл дүние құты аздырар, кездірер,

 

Алладан да, иманнан да бездірер.



 

«Құдаймын!» деп, ессіз кісі  есірді,

 

Дүние қуды, өтті өзі ит секілді.



 

Ел байыса күпірлікке салынар,

 

Кедейлікте бар күнəдан арылар!



 

(Байлар шалқып елге сыймай есірер,

 

Кедей көрпе көлемімен көсілер.)



 

Жалаңаш туған кірер көрге жалаңаш,

 

Дүние жиып нең бар, қалар, жарамас...



 

Ай, ажалды, неге құлқын торлады,

 

Екі күндік қонақсың бар болғаны!



3530  Білесің сен, келер тірлік ажалға,

 

Өлім сəтін тұрар күтіп, аларға!



 

Өмір есік ашса, тұрар ажалы,

 

Ашылса есік — өлімге жұрт барады.



 

(Өмір ашса  есікті, өлім кереді,

 

Ашса есігін — өлімге жұрт енеді.)




 318

 

Екі  күндік қонақтыққа — тарылма,



 

Зорықпа өзің, күймесін құр жаның да!

 

Мына жалған опасыз, біл, айтарым —



 

Не берсе де, алады тез қайтарып!

 

Кісілерді бек деп, құл деп қарамас,



 

Сараламас: жақсы-жаман аралас.

3535  Бірін бек қып, ертеңінде суынып,

 

Күнде өңін өзгертеді, құбылып.



 

Бақсаң, дүние  көлеңкеден аумайды,

 

Қусаң — қашып, қашсаң еріп қалмайды!



 

Мұны мегзер келді сөздің кезегі,

 

Мəнісін ұқ, түйгін, болар керегі:



 

«Бұл дүние қусаң — қашып, безеді,

 

Егер қашсаң — аңдып, қуып, ереді.



 

Бұл дүние дінге де өш, жазғырар,

 

Ойлан, байқа, дініңді жеп, аздырар!»



3540  Бұл дүние безеніп бір көрінер,

 

Жас келіндей жасанар — нұр төгілер.



 

Көңіл берсең — түрі аумаған қарғадан,

 

Кемпір күнде жағаңнан ап, қорғанар!



 

Жафа шашып, құлқы опа қылмайды,

 

Бегімен бір үш ай толық тұрмайды.



 

Көңіл беріп, кім түссе — оның қолында,

 

Қапа болар,  ессіз тірлік торында.



 

(Оған ерсе, ауып кімнің көңілі,

 

Ессіздікпен текке өтер өмірі.)



 

Бұл тірліктің күні ғажап, сұлу-ақ,

 

Бекер іске салсаң сөніп,  суымақ.



 

(Қыз-тірліктің мəнін ұққан оң болар,

 

Қапалы іске қоссаң тозып, қор болар.)



3545  Кіл ізгілік — тірлік, сақта есіңде,

 

Ай, білімді, оны зая кетірме!




 319

 

Дүниенің үш мəні бар бағарлық:



 

Бірі — адалдық, шүбə жəне арамдық.

 

Адалға — есеп, арамға азап бұйырар,



 

Шүбə болса — сақтан, қарап түйіп ал!

 

Жаһан бірде — сүйіндірсе, жат қылар,



 

Көңіліңді шат қылар да сап тынар.

 

Сүйінішпен бірде жанды семіртер,



 

Бірде аздырып, қайғысына кеміртер.

3550  Сүйінішін көрсең, түбі — күйініш,

 

Күйінішін кешсең,  келер сүйініш...



 

Үші* сəтті болса, мехнат береді,

 

Басы михнат болса, ізгілік келеді.



 

Қайғылы ер не дегенін  елерсің:

 

«Алыстау тұр, дүние зарын шегерсің!»



 

Байлық сенің — пақырлығың, қарасаң,

 

Кедей — пақыр  сенен де бай орасан.



 

Сені сөксе, кешір, жібер есеңді,

 

Кейін қара жерде аларсың өшіңді.



3555  Тарыдай боп бар тергенің шашырар,

 

Жиғаныңның бірі қалмай шашылар.



 

Бұл дүние тəрк етер де аттанар,

 

О дүние мəңгілікке сақталар.



 

Кетуші əр күн кете берер алыстап,

 

Келуші тез келіп саған таныспақ.



 

Кетушіге көңіл бермес білімді,

 

Келушіге сақтар ақыл, ілімді.



 

Өлімді ұққан тірлігіне сүйінбес,

 

Өлім көрген опынбас, көп күйінбес.



3560  Жүрген кісі жолда үй-жай салдырмас,

 

Көшкен кісі мүлкін жұртта қалдырмас.



 

Сен қонақсың түстенген бұл жаһанға,

 

Еш мұршаң жоқ керіліп көп жатарға.




 320

 

Ізгі демен ай, дүние, қылығың,



 

Кімнің болсын бұзар пиғыл-құлығын.

 

Əулиелер бадал*  қылды мал, жанды,



 

Əмбиелер тəрк етті жалғанды.

 

Бұлар тұзақ саған, көзге шалынбас,



 

Дүние ісі — ашылмас та, шашылмас.

3565  Адам ғафыл, сұғанақ көз тоймайды,

 

Мүлік — торға түссе, ойланбай тойлайды.



 

Сақи басы не дегенін естігін,

 

Тірлікте істің құтқармаған ешбірін:



 

«Жеміті арбар, тұзақшысы көрінбес,

 

Дегбір қалмас қыз көргендей көңілде еш...



 

Дəмін татсаң, ашкөздіктен аптығып,

 

Аяғыңды буып түсер қатты ғып!..»



 

Бар  дүние тисе бүтін бəріне,

 

Мың жыл жасап, дəн қосылса дəніңе!



 

3570  Пайдасы не, ақыры көр айқарар,

 

Қара жерге еніп, түбі жай табар.



 

Кешкен тірлік көрген түстей, сынарсың:

 

Не істесең — түгел жауап қыларсың.



 

Өкініп құр, бұл күн текке жаңылма,

 

Қылығыңа ай-күн куə жаныңда.



 

Лəззатты өмір үш нəрседен таратар,

 

Сол үшеуі — бір-біріне парапар.



 

Ішпек — жемек əуелгісі бұлардың,

 

Қатын алмақ — бірі рахат-құмардың,



3575  Үшіншісі — тəн саулығың, тірлігің,

 

Бұл үшеудің сақтау қажет бірлігін.



 

Бұл үшеуге күллі лəззат таласпас,

 

Тағы үшеу бар, ей, ел бегі, жанаспас.



 

(Бұл үш нəрсе бар лəззаттан асыл-дүр,

 

Басқа үшеуге тиме, есіл ер, қашық жүр.)




 321

 

Ішпек-жемек ол бір лəззат, ағайын,



 

Жамандық боп кейде жалмар маңайын.

 

Үш саусақпен ауызға алсаң болады,



 

Соның нəрі барса қарның толады.

 

Ас сіңбесе тəбет, тəнің бұзылар,



 

Тəн бұзылса, кесел өршіп қуырар.

3580  Ең аштысы — адамға ажал келгені,

 

Рахат жоқ өлімде — опат жеңгені,



 

Тағы да бір лəззат — қатын лəззаты,

 

Суық суға  жуынғандай мехнаты.



 

Одан кейін ұл-қыз туар, қарап тұр,

 

Ұл-қыз жүгі машақатқа жарап тұр.



 

Бəйітшілер былай деген деседі:

 

«Қатын, ұл-қыз ердің күшін кеседі:



 

Қатынменен сұхбат — шырын, жалынды,

 

Суық суға жуынғандай — қарымы.



3585  Лəззат қайда, сонда бірге азабы,

 

Тəтті қайда, сонда ащысы, ғажабы!»



 

Болса осындай, егер тірлік татымы,

 

Дүние құр бейнет жолы, ашығы!



 

Лəззатты-ақ дүние, күнім-ғұмырым,

 

Ақыры, өлім ащы қылар шырынын!



 

Бұл дүниеде үш рахат — тұғыры,

 

Ай, ақпейіл, ал жауабын ұғынып.



 

Бұл жалғанда екі жау тор құрады:

 

Бір жауың — тəн, екіншің — жан құмары.



3590  Үшінші жау — шайтан, діннің ұрысы,

 

Хақ сақтасын зиянынан, дұрысы.



 

Жауың жауыз болмас асқан бұлардан,

 

Көп күйгізер тəнің шықпай құмардан.



 

Алла атын айтсаң, шайтан сасады,

 

Өзің қисаң — дүние де қашады.




 322

 

Тəн-жаныңнан қалай безіп шығарсың,



 

Өлсең — қалар, өле-өлгенше шыдарсың!

 

Білікті бек жақсы айтыпты ерекше,



 

Дана сөзін тыңда, жарар керекке:

3595 «Мұңға салып жүр жан-тəнім бүлдіріп,

 

Бір жылатып, көрсең бірде күлдіріп.



 

Тілек қуып жаһан кезіп бағамын,

 

Бірде тоқпын,  бірде аш — жалаң қағамын.



 

Бір тілекке жетсем, бірі кезігер,

 

Тағы бірі жетпейтіндей сезілер!



 

Баса алмаймын өзім нəпсі-тілекті,

 

Мейірімді ием, тиып бер сен, жүдетті!»



 

Бұл тəн-нəпсі тойып бермес қомағай,

 

Семірсе ол,  жалмай берер жағалай.



3600  Ат семірсе — мөңкіп, тулап, қызынар,

 

Жерге иесін жыға қашып, бұзылар.



 

Тəнің, білсең, аңшы итімен бірдей-ді,

 

Ит семірсе, аңшы ақысын білмейді!



 

Қарны тойса, жатады аңға  шаппайды,

 

Иесі айтса, бармайды, елең  қақпайды.



 

Тəнің-жаның кейде балғын ұландай,

 

Теңін іздеп  ойнар, тойса, ұлардай.



 

Тəн тойынса, жойылар жан-жүрегің,

 

Бере берме тəннің барлық тілегін.



3605  Тірлігіңнің күллісі өзі үш-ақ күн,

 

Қалғандары  түс,  кіл өңкей түнек түн.



 

Бірі атқан таң, бірі өтіп кеткен түн,

 

Ұласар ма ертеңге бұл жеткен күн.



 

Бұдан басқа еш тірлікке қарама,

 

Кесіп айтам, тіршілік деп санама.



 

Қатынменен  сұхбат бірер сəт, қара,

 

Еркек отын басу үшін тек қана...




 323

 

Бұл отты əйтеу өшірерсің, тұсарсың:



 

Көрікті не көріксізді құшарсың.

 

(Не ару, не күң құшағы ашылар,



 

Содан кейін мауқың өзі-ақ басылар.)

3610  Ауыз қамы — қарын тойса болғаны,

 

Қарын тойса, пайда ойламас ол-дағы.



 

Арпа, халуа бірдей — тойса, қарының,

 

Артып қалар, кірер жолы тарылып.



 

Шекер, халуа, арпа жесін, ашығы —

 

Тойып жатса, тұрар таңда ашығып.



 

Өзі кедей, көңілі тоқ, көзі тоқ,

 

Не дейді екен кембағалдың сөзін ұқ:



 

«Қолың ұзын, шекер, май жеп, саспадың,

 

Тағат қылып, кебек жеп жан сақтадым.



3615  Екеуміз тең, тойып кешке жатамыз,

 

Келмес күндер кетіп, тағы татамыз!..»



 

Мал жиғанмен өлесің — жан кетеді,

 

Белгілі ғой, онда екі бөз жетеді!



 

Бай-кедейді теңер өлім бір демде,

 

Бірдей болар қара жерге кіргенде!



 

Екі күндік дүниені малданып,

 

Несін тірлік кешіп жүрсің алданып?



 

Сұқтанасың сен — дүние жиғалы,

 

Сұқтанады өлім сені тиғалы.



3620  Тірлік сенен күнде безіп кетеді,

 

Жауыз өлім тамырыңды кеседі.



 

Тірі — ажалды, мəңгі өмір сүрмейді,

 

Тек қай күні өлетінін білмейді.



 

Кіші: сақал өссе екен деп ойлайды,

 

Сақал шықса, ағарса деп қоймайды.



 

Келгені өлім, сақалға ақ тараса,

 

Табылмайды оған құрал, араша!




 324

 

Өзіңді отқа дүние үшін тастама,



 

Өзіңді-өзің қарап тұрып қақтама.

3625  Бұл дүние тұзды судан аумайды,

 

Ішсең тілің құрғап, шөлің қанбайды!



 

Құрғақ құмға ұқсас екен бұл  адам,

 

Дария құйса толмайды көз сұғанақ.



 

Дүние ісі сағымдай боп көрінер,

 

Қолың созсаң, сусып, тұрмас, төгілер!



 

(Қарап тұрсаң, ұшар көзден сағым да,

 

Қусаң безер, тұрмас сенің жаныңда.)



 

Нəпсіні ұстап,  қызмет еткен — ақ алмас,

 

Жауы да оның осал жерін таба алмас.



 

Нəпсіге ерік берме, име бойыңды,

 

Лəззаты — мұң, тілегі оның ойын-ды.



 

3630  Кешкен тірлік өте берер келгісіз,

 

Қалған тірлік қанша екені белгісіз.



 

Қалған күнді текке зая кетірме,

 

Өлімді күт, ибадат қып бекін де.



 

Не дейді екен кісі пейілі ағарған,

 

Кінə, кірден жанын сүзіп тазарған:



 

«Өтті өтері кештің бастан, түніңді,

 

Кешермісің енді келер күніңді.



 

Кешкенің мен кешпегеннің арасы —

 

Бір қонақтық, сол тірлігің шамасы...»



3635  Мұнда тірлік зая кетті деп едім,

 

Кешіп бəрін уайым-мұң жеп едім.



 

(Тазарсам деп иен жерге келіп ем,

 

Оңашада өзімді өзім жеңіп ем.)



 

Бүгін мені шақырдың ел, қалаға —

 

Нəпсім жеңсе, кім құтқарып қала алар?



 

Тəнің — бір жау, білсең нəпсі тырнағын,

 

Тұзақ, торын құрып тастап  тұр бағып.




 325

 

Тілекке ерме, қуат жиып,  қайрат қыл,



 

Тəн, нəпсіге  тізгін бермей  айбат қыл!

 

Не деді екен өзін ұстап, басқан  ер,



 

Құмарлықты жеңіп, күші тасқан ер:

3640 «Тəнге тұтқын болма, ұлық ақылды,

 

Дінді құрбан қылар, тықсаң басыңды.



 

Барлық істе құмарлықтан қайта алмас,

 

Ерді ешкім білікті деп айта алмас.



 

Тəнге құл боп ере берсе, көз жұмып,

 

Нағыз надан, ойлы деме, сөз қылып!



 

Ақымақ деп айтар əркез ашығын,

 

Жүрген ерді бір нəпсі үшін шашылып!»



 

Зейін-есін нəпсі буып алғасын,

 

Ессіз кісі — тірі өлік, қандасым.



* * *

3645  Міне, осындай бұл дүние, нансын деп,

 

Бар айыбын ашып айттым, қансын деп!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет