Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Өгдүлмішке тағы айтты Елік: — Бұл сенің,
Ағаң, ойлы адам екен, білсеңіз!
Сөзін естіп, сезбеппін ой-білігін,
Құлық, қылқы қандай, қандай білімі.
3860 Естіп, оқып, көңілімнен өткіздім,
Қайтсең де енді тілегіме жеткізгін.
Өз елімде тұрып сөзім өтпесе,
Не болғаны тілегіме жетпесем?!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — күллі бектің сарасы,
Құлқы сұлу, мейірлі, ел ағасы,
340
Туысыма қайтарда: — Сезем,— дедім,
Елік қайта жіберер, келем дедім.
Қадірле оны, бүгін жүр, — дедім тағы, —
Қалдырмайды, ақыры алдырады.
3865 Түңілдіріп, кесіп айтты, келме! — деп,
Мен бармаймын, күш-зорлыққа сенбе! — деп.
Достарыңызбен бөлісу: |