«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет146/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

3965  Айтты Өгдүлміш: — Ойлап келдім бабыңды,

 

Маған кейіп, жаралама жаныңды.



 

Бегін көрер қызметші көз ашса,

 

Істер оқтай не істе деп бегі айтса.



 

Елікке хат-жауабыңды тигіздім,

 

Айтқаныңды еш бұлжытпай білгіздім.




 347

 

Хатқа жазып, жауап қылды сөзіңе,



 

Өз қолымен жолдады оны өзіңе.



Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы 

 

Одғұрмыш қолына алып ашты хатты,



 

Көрді де оқып, ол қалың ойға батты.

3970 «Неге екенін, — деді, — інім, білмедім,

 

Бегің мені сонша неге іздеді!?» 



46. ӨГДҮЛМІШ ПЕН ОДҒҰРМЫШТЫҢ ЕКІНШІ ҚАЙТАРА 

ƏҢГІМЕ-СҰХБАТ ҚҰРҒАНЫ АЙТЫЛАДЫ

 

Жауап беріп, Өгдүлміш тілін шешті:



 — 

Ай, туысқан, біліп ал , сөзімді есті.

 

Хан тілейді ізгі жолын, ізгі ол,



 

Ізгіліктің ішіндегі ізгі жол.

 

Бұл жердегі дұрыс-ақ ибадатың,



 

Білесің ғой, қандайлық қиналасың.

 

Ел ішінде, мен айтқан кент ішінде,



 

Бар жақсылық не түрлі, кел, түсін де.

3975  Дүние, құт та жамандық емес сонша,

 

Баянды боп, бағыңа даңқ қосса.



 

Захид қылар дүниеден безіп жүрсең,

 

Сауап болар қызығын көріп жүрсең.



 

Дүние құтын қимаңыз жамандыққа,

 

Бергін елге — шаттансын амандықта.



 

Жақсы айтыпты басшысы сақылардың,

 

Ай, ізгі ер, соны оқып, жадыңа алғын:



 

«Мал-дүние жол басы ізгіліктің,

 

Мал-дүние дауасы күллі дерттің.



3980  Дүние болса, табарсың ілім-білім,

 

Қолы жетер бəріне білімдінің.



 

Малды адам тілесе, жақсы тілек,

 

Көкке өрлер, ал малы болар тірек.




 348

 

Қажылықты тілесең — қажет тауар,



 

Əзіздікті тілесең — малың жарар.

 

Болмаса ердің нəрсесі алып-берер,



 

Ізгілік жоқ, қайран жоқ қолдан келер!»

 

Бұл жақсылық қадірін түсірмегін,



 

Ойлы сөзді сен неге түсінбедің!

3985  Ибадатқа сенген ғана жүгінер,

 

Тəу еттім деп қарап жүрсең, түңілер.



 

Табынумен таппас Алла əзір, құл,

 

Табынушы жолы, білсең, нəзік жол. 



 

Неше мың жан талай жылдар табынды,

 

Жан шығарда оң жолынан жаңылды.



 

Тəу етпеген күнəһарлар неше мың,

 

Ақырғы сəт тапты жолын, есебін.



 

Алланың бар сүйініші білемін —

 

Құлшылықтың ішінде, ұлық, жүрерін.



3990  Білмесе адам, тəу етуді, түбінде,

 

Ұқпағаны құлшылықтың түгін де.



 

Татқың келсе бар лəззатын ақтарып,

 

Түгел орында құлшылықтың шарттарын.



 

Айтқанымды ақылға сап көрерсің,

 

Айтқанымдай шықса, жауап берерсің.



 

Егер, шыны шықса болып осындай,

 

Көңілі ізгі, сөзімді ал, тосылмай.



 

Болма əуейі, бас көңілдің желігін,

 

Елмен қатыс, парызды атқар беріліп!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет