Ұқтым деп енді, ақиқат жолын.
Сөзімді кестім, аңдадым мəнін.
Басқаның бəрі, кіл қыңыр жолдар...
Бой ұсындым шынға, ойынды қойып.
Қос дүние нұрын көргейсің əмəн.
Көңілімді ашсын, тəңірім қолдап.
Қоштасып, үйге ол жүзін бұрды.
Түсіп, кірді, тынды біраз демалып.
407
Ішті, жеді. Біраз ойға торықты,
Естіген сөзін пісірді де, қорытты.
Күннің жүзі түнек буып, жоғалды,
Бүкіл əлем қара түске оранды.
4885 Руми қызы* жүзін шашы жасырды,
Күллі əлемге қап-қара шаш шашылды.
Аспан зəңгі* болып, түнек асылды,
Құстар тыншып, жүрер аяқ басылды.
Дəрет алып, оқып түнгі намазын,
Орын сайлап, бұрды ұйқыға назарын.
Біраз ұйықтап, оянды да қарады:
Төбесінен Бақыр* ауып барады.
Жəне көрді: Үркер ауып өтіпті,
Туардан «адан** туып, өрлеп кетіпті.
4890 Тағы біраз жатты ұйқы көрмеді,
Безгек қысқан адамдай көз ілмеді.
Жатты ұйқысыз, ойынан ой түледі,
Əппақ болып, бозарды аспан реңі.
Абыр* бүркеп, түйді аспан қабағын,
Жерден арай өніп, шашты шапағын.
Күн өрледі, жерден нұры алаулай,
Түсі жайнап желбіреген жалаудай.
Тұрды Өгдүлміш, жуынды да, күтінді,
Білгенінше намаз оқып бітірді.
4895 Қызыл қалқан найза бойы асқанда,
Сарайға кеп, кірді тура жасқанбай.
* * *
Келгендігін естіп Елік жол берді,
Кірді Елікке, қауыштырып қол берді.
Елік ымдап, отырар орын нұсқады,
Бұл орынға барды əдепті ұстанып.
Достарыңызбен бөлісу: