408
Не болды ісің? Ағайының не деді?
Тілегің не? Досың қашан келеді?
Өгдүлміштің Елікке жауабы
4900 Жауап берді, айтты Өгдүлміш сөздерін,
Не айтылып, нені естіп, сезгенін.
Екеуара болған сөзді түгелдей,
Айтты Елікке ештеңесін жібермей.
* * *
Біраз Елік тұрды ойланып, қамығып,
Көзінен жас төкті, көңілі жабығып.
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
—
Ағайының, — деді, — дұрыс сөйлеген,
Сөздің сөзін айтқан, болса үй деген.
Өзімізді күштеп бүгін бағармыз,
Оны-дағы күштеп, өш қып алармыз.
4905 Өтер дүние, қайта айналып келгісіз,
Қалған тірлік қанша екені белгісіз.
Бақи дүние, шүбəсіз, келер-жетер,
Рахат, бейнет ұзамас, өтер-кетер.
Мəңгілік сол — ол онда рахат тапса,
Орны, ісі оң болар, көңілі шат та.
Бəрін ұққан қандасың бекем екен —
Шақырып келтірем деу бекер екен.
Бəріміз құмарлықтың боданымыз,
Текке өтіп жатыр күндер, заманымыз.
4910 Тыңда енді, ділі тірі не дегенін,
Сөзімен не ақыл беріп, мегзегенін:
«Нəпсі мен құмарлық — жау. Күш алса егер,
Күнə өш алып, жан-тəнің бейнет шегер!
Нəпсі жеңсе, көңілің өлер анық,
Көңіл өлсе, мінəжат өшер қалып.
Тұтқынбыз, біздің көңіл өлген, сөніп,
Нəпсі, құлқын жалмаған жаудай төніп.
409
Ұлықтық, бектік, дəулет һəм жасың да,
Ұзақ тұрмас, ақпейіл ер, басыңда!
4915 Жалғанның бейнеті көп, рахаты аз,
Қарғыс-сөгіс ауыртып, қатады бас.
Жақсы айтыпты білімді адам пендесі,
Əлемді сынап, ашылған көз, зердесі:
«Ұлықтыққа қуанба артық, күлімдеп,
Ұлық болдың, бас ауыртар күнің көп.
Сүйініштің бəле жүрер соңында,
Рахаттың бейнет тұрар жолында!»
Достарыңызбен бөлісу: