Хажыбтың Айтолдыға сауалы
Айтты Хажыб: — Қалай көңіл-күйің?—деп,
Қайда келіп түстің, қалай үйің? — деп.
Бар ма мұнда жақын-туыс, білісің?
Не байқадың? Қалай ауқат, күйісің?
525 Айтты жəне: — Не өзіңнің тілегің?
Не істейсің? Не іздеген керегің?
Айтолдының Хажыбқа жауабы
Айтолды айтты: — Уа, Хажыб, тірегім,
Күнтуды атын естігеннің бірі едім.
Естідім де атақ-даңқын жырақтан,
Білдім, ақыл, сөзін — кетпес құлақтан.
Есігіне табынғалы келдім мен,
Қызметіне пейіліммен енгім кеп.
Тілегім сол — қызметіне жарасам,
Тек хажыбқа сөзім өтіп, қаласа.
* * *
530 Ұнатты да ол, Айтолдыны жақтады,
Тіл жеткенше қасиетін мақтады.
Жүзі нұрлы, түсі игіден түңілме...
Адалдығы тұр, — деді ол, — түрінде.
Шын көңілмен сүйіп оны қалады,
Деді: — Анық хан ісіне жарары.
103
(Əділдіктің өрті сіңген қанына,
Осындай жан керек ханның жанына.)
Сүйдірген жан, не дейді, есті анығын:
«Сүйіктінің міні — басты қадірі.
Кісі сүйсе, айыбы асыл көрінер,
Сүймесе егер, асылы айып көрінер!»
(Сүйген ерден асып ешкім айта алмас:
«Сүйгеніңнің шұнақтығы байқалмас!»
Сүйген жанның айыбы майдай тиер,
Сүймегеннің қайырымы жайдай тиер).
535 Осы сөздің куəсіндей келді сөз,
Бұл сөзді сен оқығын, ей, нұрлы жүз:
«Көңілің сүйсе, міні жақсы болады,
Терісі оң боп, кемістігі толады.
Көңіл кімді сүйсе: құлар, бөлмейді,
Көрер көзге ұрса міні, көрмейді!
(Көңіл сүйсе, құлай сүйер кімді де,
Көрер көзге ұрса — көрмес мінді де!)»
Достарыңызбен бөлісу: |