Мінің бар ма? Айт, білейін шамаңды...
114
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Жоқ залалым, жоқ мінім,
Жоқ мінімді тергіштер бар, күптімін.
685 Тұрақсыз һəм опасыз деп сөгеді,
Жұртқа жайып, тілдің кəрін төгеді.
Тұрақсыздық мінім емес, біл өзің,
Жаңаны аңсап, түлеп тұру — мінезім...
Ескі нəрсе — бəрі тозған, сүйкімсіз,
Сүйкімсіздің жүгі болар сүйкімсіз.
Жаңа нəрсе болса, ескі не керек?
Жақсы нəрсе болса, жаман не керек?
(Барша ескілік — түбі азапқа айналар,
Ал азапқа тозақ əркез сай болар.
Жаңа нəрсе табылса, ескі не керек,
Арзымасқа асылды кім теңемек?!)
Лəззат іздеп, қиналар ер, сабылар,
Лəззат-рахат тек жаңадан табылар.
690 «Опасыз!» — деп қылығымды сөгеді ел,
Өз атымды өз мінімдей көреді ел.
Меңзеп айтқан мұны өр кісі, ер кісі,
Қанатты сөз — қанатты ойдың белгісі:
«Туған нəрсе құрып, түбі өледі,
Жаратушы бұйрығына көнеді.
Өтер-кетер, тірлік те бір еспе жел,
Ұстап қалар пенде жоқ ол дес берер!
Сенбе құтқа: келсе, кетіп қалады,
Сенбе баққа: береді һəм алады.
695 Баянды боп тұрса өзі бұл бақтың,
Ең асыл зат — құт болар-ау, қымбаттым!
Ұшпай Дəулет, қонса алаңсыз түгелдей,
Мəңгі жайнар, күн көзі де түнермей!»