«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет123/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы

 

Ағайынды сұрап білді Одғұрмыш,



 

«Бəрі есен!» — деп хабар берді Өгдүлміш.

 

Қалай келдің? Неге келдің маңыма? —



 

Деп Одғұрмыш сауал берді тағы да.

 

Естіп едім бірге жүр деп Елікпен,



 

Елге қызмет істеп жүр деп, білікпен!

3305  Қалай келдің қойып бəрін  əр таман,

 

Халық жүгін мойныңа артып, арқалап!




 302

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Айтты Өгдүлміш: — Саулығыңды қалаймын,



 

Сен деп келдім, ай, көріктім, арайлым!

 

Көңіліңді ашайын деп келдім мен,



 

Сағыныш, мұңды басайын деп келдім мен.

 

Аңсап едім, жөнін іздеп көрудің,



 

Бүгін  ғана  сəті түсті келудің.

 

Бүтін ғұмыр өтті,  сені көрмедім,



 

Мұрсат таппай, іш өртеніп шөлдедім...

3310  Жолықтым да, тарқағандай құмарым,

 

Сəті түсті, соған  шүкір қыламын.



 

Кісі есен-сау болса, қайтпай меселі,

 

Ай, қозы, бір тілегіне  жетеді.



 

Не деді екен көсем кісі көп көрген,

 

Көп сынаған, күнді бастан өткерген:



 

«Тірлік болса, кісі табар  тілегін,

 

Тілек болар тек тірлікте — білерің!



 

Тірі кісі тілегімен табысар,

 

Есен болса, кеткен қайта қауышар.



3315  Тірлік тіле, білсең, тілек тілеме,

 

Тілек туар — кісі  текке жүре ме?!»



 

Алла берді, ақыр, маған  тілекті,

 

Есендікпен қауыштырдық білекті.



 

Бұдан басқа, тағы  да бір бар сөзім,

 

Оны да айтсам — көңiлiң хош алса — өзiм!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет