«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Одғұрмышқа кеңесі



Pdf көрінісі
бет121/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   247
Еліктің Одғұрмышқа кеңесі

 — 


Екеуінің біреуі бол, ашқайсың,

 

Қалауыңды айт, үшіншіден  қашқайсың!



3220  Білім жиып, білген болсаң өнерді,

 

Еңбектеніп, пайдаланып көр енді.



 

Үйрен, ұмтыл, егер білім білмесең,

 

Ибадат жоқ, қолға білік ілмесең.



 

Айтқан сөзін есті білім  бергеннің,

 

Білімімен құлшылық қып келгеннің:



 — 

Біліміңмен қызмет қыл хаққа да,

 

Білім таңба болар — күллі қақпаға.



 

Сауабы мың тағат қылсаң біліммен,

 

Сауап таппас  біліксіз  құр жүгінген.



3225  Құлдығынан біліксіздің ұқпаған,

 

Сауабы артық білімдінің ұйықтаған.



 

Ұлыс, кентте — құлшылығың құп болар,

 

Иен жерде жарымы оның жоқ болар.



 

Ондағы ісің — намазға ұйып тұрарсың,

 

Тағы бірі — ораза ұстап шығарсың!



 

Онда басқа не құлшылық етесің!?

 

Айт көрсетіп! Қай мұратқа жетесің?



 

Өзіңді өзің захидпын*  деп атадың,

 

Құлшылыққа азап болды атағың...



3230  Енді өзіңді алдандырған боласың,

 

Құлшылығың бекер,  қалай  оңалсын.



 

Құлшылық қыл, оны жұрттан  жасырғын,

 

Көп табынсаң, «аз» — деп, тағы асырғын.



 

Жақсы кісі оңашада табынар —

 

Жұрттан сақтар,  есік-тесік  жабылар.




 297

 

Айтқан сөзді осындай іс жайында,



 

Ісіңе қос, ай, ізгі, естіп пайымда:

 

«Тəу еткенін жасырады ерен ер,



 

Жүз жыл қызмет етсін, аз деп шегелер.

3235  Құлшылықты сақта, кісі көрмесін,

 

Бұл сөз — сырым, айттым жөні келгесін!»



 

Ел, кентке кел, кетер шелі  құсаның,

 

Бар ізгілік ашар қақпа, құшағын.



 

Елге пайдаң тисін, ойла ол жағын,

 

Туғандарға бейіл беріп қолдағын,



 

Көргін, қалың жетім, жесір, мұқтажды,

 

Соқыр, ақсақ, шерлі, қайғы жұтқанды.



 

Намазға ұйы жамағатпен, қарағым,

 

Кедейлерге арна жұма намазын.



3240  Кемтарларға тарат адал малыңды,

 

Қайырым ет, жұмсап қолда барыңды.



 

 

 



Мұның бəрі құлшылық боп саналар,

 

Содан жаның рахат тауып, жаңарар.



 

Жараспайды жалғыз өмір сүргенің,

 

Тек ораза, намаз ұстап жүргенің...



 

(Бəрін қойып, кісі киік болғаның,

 

Жалғыздығың — бақыт емес,  сор қалың!)



 

Тек өз пайдаң — ораза, намаз қауымсыз,

 

Өз пайдасын күйттеген жан — бауырсыз!!



 

Ісі болмас азабымен басқаның,

 

Бейшара жан ойлаған тек бас қамын.)



 

Жақсы айтыпты кісілердің сарасы,

 

Көңілі — сара, сөзі — сара данасы:



3245 «Кісі ізгісі өз пайдасын ескермес,

 

Біреу үшін машақатқа дес бермес.



 

Ер бауыры еріп тұрса адамға —

 

Жол көрсетсе жақсыға да, жаманға!»




 298

 

Тірі пенде бергені жөн пайдасын —



 

Өлгені  жөн туса кісі пайдасыз!

 

Кісі ізгісі пайда берер кісіге,



 

Ізгі жанға жылыр халық іші де.

 

Құлшылыққа иланған құл — мандымас,



 

Тəңірінің рахымы оған шалдырмас.

3250  Бір Алланың рахымы ма — тілерің?

 

Мұсылманға өзің рахым тілегін!



 

Құлдығыңа мұңлық*  емес құдайың,

 

Құлдық ұрып жақсы ат қалдыр ылайым!



 

(Заты құлдың қылығы бір құлшылық — 

 

Құлшылықсыз құл аты  тек  құр тұрық.)



 

Атың құл ма, құлшылық қыл, себебі —

 

Құлшылықсыз құл алдамшы келеді.



 

Құлдың хақы — құлдық ұру,  құлдық ұр,

 

Осы жолды берік сақта, көңіл бұр!



 

Жақсы айтыпты білігі кең дана ер,

 

Ай, қолы кең, іске тұтып ала бер.



3255 «Қызметім көп, табындым деп, күпінбей,

 

Құлдық — əзіз,  хаққа құла бүтіндей!



 

Құлшылық ет, тек жүрерсің кесірден,

 

Табындым деп адаспа ақыл-есіңнен!»



 

Ай, Одғұрмыш, шақырдым мен, білер деп,

 

Ойлама сен, өз пайдасын тілер деп.



 

Егер келсең, пайда тиер саған да,

 

Келмесең, жоқ маған келер залал да.



 

Елге жақсы пайдаң  үшін шақырдым,

 

Халқың үшін қырсық қыспай, басылғын.  



3260  Сөздерімді айтқан  байқап көрерсің.

 

Қонса ойыңа, тұрып бері келерсің.



 

Бірге тұрып, көмегіңді берерсің,

 

Пақырларды жақсылықпен елерсің.




 299

 

Саған — пайда, маған қалар жақсы атың,



 

Қос жалғанда қайтпас тілек, мақсатың.

 

Ізгілікке жеткіз мені, ізгі бол,



 

Ізгі ерден түзер кісі ізгі жол.

 

Себеп болып, ізгілікте демегін,



 

Саған Алла сəтін салар, ей  ерім!

3265  Не дегенін есті тəжік ғалымы,

 

Аты шыққан ойшыл, тəжік алыбы:



 

«Еліне бек адал болса, жағымды,

 

Барша халық көрер құтың, бағыңды.



 

Өзіңе емес, тіле ізгілік бегіңе,

 

Ізгі болса, пайдалы бек еліңе!



 

 Ізгі болса  қара — елмен теңелер,

 

Ізгі болса бегің — халқың көгерер!»



 

(Ізгі болса, қара — өзі  гүлденер,

 

Ізгі болса, бегі — елі күн көрер.)



 

Қай кісіні айта аламыз кісі деп:

 

Кісілікті көп жасаса ісімен.



3270  Ізгілікке іңкəр адам баласы,

 

Ардақтайын, қане, ізгі, сарасы.



 

 Ізгілік — сол, пайда берсе  еліңе,

 

Сол пайдадан қызыр қонса жеріңе!



 

Ізгі кісі болар елге бауырмал,

 

Бауырмал бол — болдың сара қауымнан!



* * *

 

Сөздерімді ұзақ жазып, оралдым —



 

Сөз түгесіп, қаламымды доғардым.

 

Тағы нендей сөздерім бар, сіз білер,



 

Туысқаның тіліменен білдірер!

* * *

3275  Хатты түріп*, байлады өзі таңбалап,



 

Берді ұмсынып, оны Өгдүлміш алды орап.

* * *

 

Елік айтты: — Ойлым, барып қайтарсың,



 

Қарымды сөз болса, ауызша айтарсың.




 300

 

Оны маған жеткізер сəт келді ақыр,



 

Онсыз босқа қайтып келме, ей, батыр!

 

Дана сөзін тыңдап, сақта есіңде:



 

«Есті елші бер — сөздің құнын кетірме!

 

Енді қандай сөзін берсем тілімнің?



 

Сөздің бəрі өзіңде, ей, білімдім!

3280  Қай сөз лайық, тұндыр нəрін тіліңе,

 

Қай іс қажет, тындыр бəрін тіріде!»



* * *

 — 


Солай болсын! —деп, Өгдүлміш жөнелді,

 

Жан еді ол тəрбиелі, көргенді.



 

Атын мініп, қайта үйіне айналды,

 

Үйге түсіп, белін шешіп, жайланды.



 

Күн еңкейіп, басын жерге тигізді,

 

Жарық жалған жүзін түнге күйгізді.



 

(Күн жанды да, басын жерге сүйеді,

 

Алаулады жарық жалған реңі.)



 

Аспан шашын жайып, түйді нұр жүзін,

 

Ару зүлфі*  толып, шашты жұлдызын.



3285  Дəрет алып, оқып құптан намазын,

 

Төсек салып, бұрды ұйқыға назарын.



 

Белең алып, бас көтеріп қарады,

 

Ашылыпты қара зəңгі қабағы.



 

Дəрет  алып, таң намазын оқыды,

 

Дұға оқырда тасбих ұстап отырды.



 

Шетін түрді тұман торғын перденің,

 

Əлем күліп нұрландырды жер бетін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет