«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШТІҢ ОДҒҰРМЫШҚА БАРУЫ АЙТЫЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет122/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   247
40. ӨГДҮЛМІШТІҢ ОДҒҰРМЫШҚА БАРУЫ АЙТЫЛАДЫ

 

Атын ерттеп, кетті суыт аттанып,



 

Үйден шығып, туысқанын бетке алып.

3290  Қарындасына жақын келіп, кідірді,

 

Аттан түсіп, əрі қарай жүгірді.




 301

 

Жетті ақыры, есік  қақты қолымен,



 

Шықты Одғұрмыш ізет қылып оңымен.

 

Есік ашып, тағаттарын  тауысты,



 

Жүз көрісіп, есендесті, қауышты.

 

Қолын алып, бастады үйге, төріне,



 

Орын беріп қан жүгірді өңіне.

 

Көзайым боп қуанышқа бөленді,



 

Аллаға көп шүкір қылды ол енді.

3295  Қандай жақсы туғаныңмен қауышқан,

 

Айырылып — саламатпен табысқан.



 

Қандай жақсы бауырыңмен алыста —

 

Жақындасып, сағынысып қауышсаң!



 

Жарасып бір тұрар еді, қарашы,

 

Көңілі жақын болса ағайын арасы.



 

Қандай көркем, егер бауыры — бауырын,

 

Жандай жақын көрсе езіліп бауыры!



 

Не дегенін тыңда ердің мейірлі,

 

Жақын тұтқан жатырқамай көңілі:



3300 «Күллі ғайып* — көз көріссе, ғажайып:

 

Шаттық шалқыр, сағыныш-мұң азайып!



 

Айырылысқан суыныспай, өзгеріп,

 

Қандай жақсы сау қауышса, көз көріп!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет