Өгдүлміштің Елікке жауабы
Естігенін айтты Елік аудырмай,
Түгел тізіп, бір де сөзін қалдырмай.
3850 Талай сөздің, — деді, — мойнын қайырдық,
Ол да, мен де айттық, жөнін айырдық.
Бар сөзіме түгел жауап қылады,
Тағы қыссам, көзін қатты жұмады.
Не қылсам да, өзі бері келмеді,
Сөзді сөзбен кесіп, пейіл бермеді!
* * *
Естіп, оқып Елік ұқты мəнін де,
Ақыл, білім сөзінің əр дəнінде.
Тағы аңсады, көңілін шер кернеді,
Көңілі шерлі кісіні — мұң жеңгені.
3855 Мəрт басшы ер жақсы айтыпты, түсінем:
«Көңіл кетсе — ерік кетер кісіден!»
Бұл көңіл — бек, күллі мүше құл бұған,
Бегі қайда, құлдар солай құлаған.
Тілек тілер болсаң — көңіл құласын,
Ол тілекке жетпей тынбас, құлазып...
Достарыңызбен бөлісу: |