Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Елік айтты: — Ұқтым. Айтар налалы ер,
Бұл сөз іске аспас, өзің бара бер.
Не болғаны, бек тілегін тілесе,
Көңіл елтіп, қолы жетпей жүдесе!?
Бекте не ерік, сөзін ешкім ілмесе,
Күллі жарлық ел ішінде жүрмесе?!
Ұлылықтың бір белгісі біле бер:
Тілегіңе қолың жетсе тілеген.
3870 Не нəрсені аңсап көңіл қаласа,
Тілегіне жеткіз — ем сол тамаша!
Бұл тілегім енді кесел, дерт болды,
Емдемесе, өлтірердей жеп болды.
Не дейді екен, бұл бəйітті оқып ал,
Мəнісін ұқ, көңіліңе тоқып ал:
«Күллі дерттің шипасы бар белгілі,
Шипагердің шарттары бар белгілі.
Тілек тілеп болса жаның ауырар,
Іздеп тапса, құлан-таза сауығар!»
Достарыңызбен бөлісу: |