Өзің үшін, жаным пида сұраман.
Еш пайда жоқ өкінгеннен түңіліп.
341
Былай депті ақылды ер бір өткен:
«Айтарыңды сайлап сөйле, жүректі ер!
Тілді тиып сөйлемесең — бір тəлім,
Өкіндірді сайрап, талай бұл тілім!
3880 Сөйлемесең сөзің саған құл болар,
Сөйлеп қойсаң сені өзі құл қылар.
Санап сөйле, асықпай сен толғанып,
Асықтың-ақ, өкінішке қалғаның!»
Одғұрмышты, ойламадым келмес деп,
Шақырғанда, тілегімді бермес деп.
Бір тілесең, мен мың мəрте тілегем,
Келіссе, өзім көмек көріп жүрер ем.
Тілегім сол, бірге болсақ деп едім,
Қол ұстасып, қызмет қылсақ деп едім.
3885 Мен қаншама қатты айтсам, өтімді,
Ол соншама қатты қақты бетімді.
Тағы бару қажет болса, барайын,
Айтар болса, тағы да айтып қалайын.
Елік тағы бір хат жазып жіберсін,
Оқып хатты сенсін, ойға тірелсін.
Достарыңызбен бөлісу: