«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет206/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

5975 — Не болды, аға?! — деп, елжіреп қарады, — 

 

Сені көріп болды жаным жаралы!



Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы

 — 


 

Бауырым! — деді, — жолым, дəмім таусылды,

 

Өлім бүріп, құшағына қаусырды!



 

Шақыртқаным, бір көрейін деп едім,

 

Бейнеттеніп  жеттің — көрдім, демедің.



Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Айтты  Өгдүлміш: — Тіршілікте, бауырым,



 

Жан бола ма  қиналмайтын  ауырып?!

 

Тіліңді тый, жамандыққа жорыма,



 

Ауру-сырқау күнəһардың соры да!

5980  Білікті сөз, тыңда, ойыңды өрбітер,

 

Көңіл шаңын қағып, жанды сергітер:




 477

 

«Кісі кінə, күнəсі үшін  ауырар,



 

Ал күнəсіз пенде бар ма жаны бар!?

 

Кісі ауырса — бірге кетер  күнəсі,



 

Күнə кетсе, сырқатынан арылар!»

 

Азды-көпті күнə жасар барлық ел,



 

Күнəсізге зəру жаһан, жарлы — жер!...

 

Дертің кетер, сауығарсың дін аман,



 

Сауап болып, арыларсың күнəдан!

5985  Неге ауызға алдың, хакім, жаманды?

 

Қайдан білдің өлеріңді, ажалды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет