«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет202/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Өгдүлміш те жауап берді: — Ей, Елік,



 

Жеткіз елге құтты білік, керегін!

5895  Екі жаһан құтын бергей құдайым —

 

Тілегіңе қолың жеткей ұдайы.



 

Аспан саған тұрсын бұрып пейілін,

 

Тілегің боп, төксін тағдыр мейірім.



 

Ай, ақкөңіл, құлқы түзу, ерен ер,

 

Есендікте, құтты ғұмыр көре бер!



 

Бар жақсылық сенен тиіп — сүйіндім,

 

Құрмет, дəулет бердің, іштім, киіндім.



 

Қызметіңе белді будым, кірістім:

 

Тəңір өзі тауфиқ берсін, біліктім!



5900  Айтты Өгдүлміш: — Сенің асыл затыңды,

 

Қасиеттеп жайды хұда атыңды!



 

Хақ құт берді, ізгі тілек қылғайсың,

 

Бақыт қонды — көңілді оңға бұрғайсың!



 

Баянды ұзақ бектік құрсам десеңіз

 

Төрт шартты орында, түгенделер есеңіз.



 

Бірінші — тіл: ақ сөйле, айт ашығын,

 

Екінші — заң: ұстан адал, асылын!



 

Үшінші — елге қолың ашық, сақи бол,

 

Жанашыр бол, жұртпен мəңгі бақи бол!



5905  Төртіншісі — керек қуат, қайсарлық,

 

Жаудың мойнын иіп, тегіс жайпарлық!



 

Бек қолынан бұл төртеуі келмесе,

 

Жасып, жүдеп, бола қоймас елде еңсе!




 472

 

Бек жұлдызы сонда ғана жанады,



 

Бектік ісі сонда жөнін табады.

 

Осы жолдан тайма, бұзба алаңдап,



 

Бұл жол қалған бұрынғы  өткен бабаңнан.

 

Осы жолдан қай бек тайса, оңбайды,



 

Бектік бағы ұшар, қайта қонбайды!

5910  Адамның үш түрін қоштап, сүйерсің,

 

 Мен айтайын, сен есіңе түйерсің:



 

 Бірі — алып, құрыш жүрек кісілер,  

Қылышымен елге пайда түсірер.

 

 Екіншісі — елші, ғалым, даналар,



 

 Кеңестерде елдің ісін бағалар.

 

 Үшіншісі — хатшы, зерек күллі істе,



 

 Қазынаң толар, білгір шығыс-кіріске.

 

Сен бұларды айырып ал, байыптап,



 

 Сый-құрмет қыл, еңбегіне лайықтап.

5915  Сонда ісің өрлеп, құрмет көбейер,

 

 Ел байлығы тасыр, жерің кеңейер.



 

 Жақсы атың шығып, даңқың тарайды,

 

 Жаһан халқы жүз көруді қалайды!



 

 Ойлы кісі айтқан сөздің ақ шынын:

 

 «Кісі өлсе де, өлмес аты жақсының!»



 

 Не ғұмырлы, тек ізгі атың ғұмырлы:

 

 «Кісі өлер, жақсы ат жықпас туыңды!»



 

 Мəңгі тірі аты жақсы ер өткенмен,

 

 Шіріп, қара жер астында кеткенмен.



5920  Тірлік емес, жақсы ат тіле — тілесең,

 

 Атың жақсы болса, мəңгі тірісің!



 

 Тірлік қандай? Жақсы ат қандай? Айырып

 

 Айтқын, есті ер, жаса маған қайырым.



 

 Бұл жақсылық — шындық, пəктік көзі ғой,

 

 Ал тіршілік — жақсылықтың өзі ғой.



 

Кім ізгілік етсе — тірі ол, тірегің,

 

 Кімнің құлқы һарам болса — тірі өлік!




 473

 

 Көшер жалған, ізгі құлық көшпейді,



 

 Құлық болса, жөн-жосық та өшпейді!

5925  Фəни жалған жүзін теріс бұрады,

 

 Қайырым қыл, сол тіршілік мұраты.



 

 Нəрсеге құл болма, Елік, күйерсің,

 

 Опа бермес бұл дүние, білерсің!



 

 Ойын сынды бұл дүние мінезі,

 

 Аяғын күтсең, бірден басын тігеді.



 

 (Бұл дүние құлқы сиқыр, ұғынсаң,

 

 Басың кетер, аяғына жығылсаң!*)



 

 Өсіп-өнгір, қатыспа сен ойынына,

 

 Ал қатыстың, тұзақ түсер мойныңа.



 

 Жазбасы бар хатқа түскен ілімнің,

 

 Ей, ақжүрек, ұмытпа оны біліп жүр:



5930 «Бұл дүние қылығы ойын, ойын құр,

 

 Сен, қатыспа не қыласың ойынды!?



 

 Құлдық ұрып, орында үкімін иеңнің,

 

 Орындамасаң, оңда иіп бойыңды!»



 

 Міне, Елік, менің біліп-түйгенім,

 

 Іші-тысын бірдей саған сөйледім.



 

 Сөзімді алсаң — алғай, егер алмасаң,

 

 Шүбəң қалмас, өзің көріп, аңдасаң!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет