Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
5975 — Не болды, аға?! — деп, елжіреп қарады, —
Сені көріп болды жаным жаралы!
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
—
Бауырым! — деді, — жолым, дəмім таусылды,
Өлім бүріп, құшағына қаусырды!
Шақыртқаным, бір көрейін деп едім,
Бейнеттеніп жеттің — көрдім, демедің.
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Тіршілікте, бауырым,
Жан бола ма қиналмайтын ауырып?!
Тіліңді тый, жамандыққа жорыма,
Ауру-сырқау күнəһардың соры да!
5980 Білікті сөз, тыңда, ойыңды өрбітер,
Көңіл шаңын қағып, жанды сергітер:
477
«Кісі кінə, күнəсі үшін ауырар,
Ал күнəсіз пенде бар ма жаны бар!?
Кісі ауырса — бірге кетер күнəсі,
Күнə кетсе, сырқатынан арылар!»
Азды-көпті күнə жасар барлық ел,
Күнəсізге зəру жаһан, жарлы — жер!...
Дертің кетер, сауығарсың дін аман,
Сауап болып, арыларсың күнəдан!
5985 Неге ауызға алдың, хакім, жаманды?
Қайдан білдің өлеріңді, ажалды?
Достарыңызбен бөлісу: |