«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет55/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Айтолдының Елікке сауалы

870  Айтты Айтолды: — Бақтияр хан, құтты Елік!

 

Маған сөздің астарын аш, бүкпегін!



 

Кінə, міні бола ма ізгі адамның,

 

Жақсылығы бола ма арсыз, жаманның!?



Еліктің Айтолдыға жауабы

 

Елік айтты: — Екі түрлі ол ұқсаңдар,



 

Бірі — ізгілік жолын шындап тұтқандар.

 

Бірі — анадан ізгі болып туады,



 

Ізгі болып, түзу жолды қуады.

 

Бірі ізгінің — еліктеп-ақ тұрады,



 

Ессізге ерсе, ессіз*  қылық шығады.

 

(Жақсыға ерсе, жақсы бола бастайды,



 

Жауызға ерсе, жауыздықтан қашпайды.)

875  Ессіздер де екі түрлі, сарала,

 

Екеуін де бір жаман деп санама!



 

Жаман болып туған мұның бірі де,

 

Өле-өлгенше арылмас өз кірінен.



 

Жаманның да тұрар бірі елігіп,

 

Жолын оңдар ізгі болса серігі...



 

Тумысы ізгі, тек ізгілік төгеді,

 

Жаһан халқы тек  шапағат көреді.



 

Тумысынан ессіз  болса, емі жоқ,

 

Көрер одан жаһан — бəле, сая — жұт!



 

(Тумысынан жаман қанат  қақтырмас,

 

Жаһанға  да,  жұртқа да опа таптырмас.)




 128

880  Мұны меңзеп айтқан түрік мысалын,

 

Естіп, ұғып, көкейіңе ұстағын:



 

«Ақ сүтпенен сіңген қылық, жақсылық,

 

Айнымайды  алғанша ажал қапсырып.



 

Табиғатпен туа біткен құлығың,

 

Бұзылмайды бұзғанша ажал  құрығы.



 

Іште біткен əдет, қылық, ойлы жан,

 

Бірге кетер қара жердің қойнына!..»



 

Ізгіге егер серік болса сұм кісі,

 

Жаман болар — қылық, құлық — күллісі.   



885  Көр, жаманды қосып алса жақсы адам —

 

Шырақ болды ол жақсылыққа бастаған.



 

Жақсы,  жаман — тағы да бір сауабы —

 

Жақын жүріп түзу жолын табады...



 

Ізгі бектің — түзу барша жұрты  да,

 

Болар ізгі жөн-жосығы, құлқы да!



 

Жақын тұтса бектер ізгі адамды,

 

Жақсылыққа іңкəрланар жаман да.



 

Егер  бекті  иектесе жамандар —

 

Ел үстінде жалаңдар сол арамдар!



890  Бас көтерсе жаман: жақсы қорланар,

 

Бас көтерсе жақсы:  жаман жорғалар!



 

(Бас көтерсе жаман — түпке жетеді,

 

Бек болса ізгі — сұмдар безіп кетеді.)



 

Болса бектер ізгі, құтты  қордалы,

 

Бəрі де ізгі, қараша тоқ болғаны!



 

Бектер ессіз болмайынша, тегінде...

 

Ессіздердің көзі ашылмас елінде.



 

Бектер бегі нелер ізгі заң түзді,

 

Зынданға сап сұм жазасын бергізді.



 

 

Егер ізгі болса елдің басшысы,



 

Түгел ізгі болар атшы, қосшысы...




 129

 

(Ессе ізгілік ел бегінің төрінен,



 

Қызметшілер пиғылынан көрінер.)

895  Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар,

 

Байыр халық, əлем гүлге оранар!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет