«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет88/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке сауалы

  

— 



Ұқтым бəрін! — деді Елік, — түсіндім,

 

 Мынадай бір сауалды ойға түсірдім:



 

 Жақсы аштың жігін білім, ақылдың,

 

 Парқы қандай ақыл — асыл затыңның?



 

 Қайда оныңның мекен-жайы тұрағы?

 

 Қайда өніп? Қайтсе, қалай шығады?



Өгдүлміштің Елікке жауабы

1835  — Ақыл, — деді ол, — қымбатыңның қымбаты,

 

 Ақыл жоқта, құнсыз тəннің сымбаты.




 196

 

Ақыл тұрар қатпарында миыңның — 



 

 Бас қой орны — қимас асыл сыйыңның.

 

 Кісіге ақыл бейне кісен тəрізді,



 

 Ісі үлгілі, қылығы оңды əрі ізгі!

 

 Сүйген құлын сақтап Алла рахыммен,



 

 Тілін, құлқын кісендепті ақылмен!

 

 (Қойыпты Алла —  пендем мойнын үзер деп, — 



 

 Қылық, тілді ақылменен шідерлеп.)

 

 Тірі — ақылды, ақылсыз жан — бір өлік,



 

 Ей, ақылсыз, ақыл болсын тілерің!

1840  Адам — білсең — үй, түн түнеп түнерген,

 

 Ақыл — шырақ, жарық төгіп жіберген...



 

 Бар жақсылық ақылменен келеді,

 

 Біліммен ер аты мəшһүр, келелі.



 

 Екеуінде адамдықтың белгісі,

 

 Ақыл, білім адастырмас, ей, кісі!



 

 (Екеуімен ұлылыққа ер жетеді,

 

 Түзу жолды түзетін де екеуі.)



 

 Малдан адам айырмасы ақылда!

 

 Малда ми бар — жоқ қой ақыл, мақұлда!



 

 (Тең келетін нең бар, айтқын, ақылға!

 

 Қасиетте, қасиетің — басыңда!)



 

 Мұны меңзеп сөйлепті ақыл, ойлашы,

 

 Іске асырсаң, ақылдың көп пайдасы:



 

1845  «Мал мен кісі айырмасы — ақылда,

 

 Білім болса, адам дана, батыр да!



  

 

 



Малға айналма, ұстан ақыл, білімді,

 

 Біліп сөйлеп, жарқын ұста тіліңді!



 

 (Қадірле адам, затыңды ашар — білімді,

 

 Ұғып іс қыл  бастағы ақыл піріңді!)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет