«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Жинал деп хабар жіберді.

әмір жазды тағы да:

«елінің ері келсін деп,

бір қиындық іс болды,

көзбенен келіп көрсін деп.

Қарақыпшақ жау келді,

Халқым көріп сенсін деп.

сүйенішім ер тәуке

Қайтпайтын жаудан сер тәуке,

талай жауға барғанда,

Жауға соғыс салғанда,

болған жоқ тіпті кем тәуке.

Қарақыпшақ Қобыланды,

сол секілді ерімді

Қас масқара етті ғой.

елден озған ер тәуке

арманда болып өтті ғой,

Құлақ, мұрнын кесті ғой.

Қалмақ деген қалың жұрт,

кемеміз құмға шөкті ғой.

Жау көргенде қағатын

төре менен бегілерім

осы бүгін қағыңдар.

Халықтағы ерлердің

баршасын жиып алыңдар.

сансыз әскер қол болып,

есебі жоқ мол болып,

іргелес қатар қонған ел,

Қасымнан дұшпан болған ел

1880

1890


1900

1910


164

батырлар жыры

Жауға қарсы барыңдар.

шамаң келсе, батырлар,

Қарақыпшақ Қобыланнан

тәукенің қанын алыңдар».

азамат басын құрады,

әскерін сансыз жияды,

тұлпар мініп ту алған,

Жау дегенде қуанған,

талай мықты батырлар

Қуанысып тұрады.

көп әскердің ішінен

аталы сыншы қашаннан,

екі адам шығады.

—патшамызсың сен,— деді,

екі сыншың біз,—деді,

Қобыландыны сынауға

ұлықсат бізге бер,—деді.

Қаразым мен сараман

адамды сынап санаған.

сынауға ешкім асқан жоқ,

бұл екеуі данадан.

екеуі ханға келіпті,

сынауға берді ерікті.

сан жетпейтін топ әскер,

Қобыландыны алуға,

Қыпшақты барып шабуға,

енді қалмақ желікті.

тұс-тұсынан ту байлап,

соғысқа шықты сансыз қол.

Қаруларын, ерлерін

алдына алып ыңғайлап.

кілең батыр паң болып,

Жүрген жері шаң болып,

көргендерге таң болып.

бөріктері шыпырлап,

арбалары шықырлап.

аттылары аяулап,

бірқатар әскер жаяулап.

1920

1930


1940

1950


164

165


қобыланды батыр

Қызарып күн шыққанда,

ерлер туын қолға алды.

Қарақыпшақ еліне,

баруға әскер жолданды.

батыр тәуке өлген соң,

Қалмақтың халқы арланды.

шамырқанды, шамданды,

беркінденіп қамданды.

ер арланып бусанды,

көкпеңбек қару құрсанды.

есепсіз дәулет, малы сай,

алшағыр ханның бағы сай,

көкпеңбек қару алғаны

батырының бәрі сай.

Қапысыз болды құралы,

алаулап шапқан ұраны,

ортасында алшағыр

Үгітін айтып тұрады.

ұлықсат алып көп әскер

енді шәрден шығады.

Қобыланды да қамданып,

ақбоз атқа мініпті.

шығыршықты көк сауыт,

дулығасын киіпті.

тасты кескен ақ алмас

беліне құрсай іліпті.

Қалмақтан бар қауіпі

Қарауыл қарап жүріпті.

ұлы сәске болады,

күн сәскеге толады.

көз жіберсе Қобыланды,

бұрқыраған тозаңнан

күн қараңғы болады.

Жауды болжап байқаса,

айта берсе сөз жетпес,

Жау шетіне көз жетпес.

Жердің жүзін қаптаған,

санағанда сан жетпес.

аттан түсіп Қобыланды

1960

1970


1980

1990


166

батырлар жыры

астындағы боз атты,

шап айылын бос тартты,

төс айылын қос тартты.

Үзеңгісін ұзартты,

шабуға жауға құмартты.

Құйысқанын қысқартты,

Қайтар Қобылан ер емес,

әскерге қарап жөн тартты.

боз қырқа жардың басында,

Қарсы келді көп әскер

Қобылан атты батырға,

Қайтпайтын жаудан батылға.

Қайтпас жүрек, берен ер,

Жаңа талап жас ұлға.

екі сыншы алдымен 

Қобыланға жақын келеді.

анадайдан көреді,

аталы сыншы неме еді.

көрген соң-ақ Қобыландыны

еңіреп жылай береді.

көздің жасын төгеді,

Қалмақтардың ерлері

Жылайсың деп сыншыға,

Қатты сөгіс береді.

—Жылауың сенің нешік?—деп

ту ұстаған алшағыр,—

себебін айт,—деп еді,

екі сыншы сөйлейді, 

сөйлегенде бүй дейді:

—тоқтарбайдың ер Қобылан

айтулы ердің өзі екен,

керемет күші көп екен.

Қобыланды батыр дегені,

Өтірік емес шын екен.

он екі мүше, таза тән,

бәрі бірдей тең екен.

ақылға асқан кең екен,

Жаннан қайтпас ер екен,

ерінбей шабар сер екен.

2000


2010

2020


2030

166

167


қобыланды батыр

біздер қой да, ол қасқыр,

ойып, қырар бөрі екен.

амал ойла, падишам,

осы сынау жөн екен.

Желігіп тұрған батырлар

айтқанына нанбады,

Жеделінен танбады.

оңай емес бір кісі

көп кісіні алмағы.

Мақұл көрді соғысты,

сансыз әскер қалмақпен

Жалғыз өзі Қобыланды

Қолына берен ту алды.

Жауды көзі көрген соң

Жүрегі қызып, қуанып,

Қыпшақтардың да адамы.

Қырық жігіті сайланып, 

артында тұр құралып.

Қобыланды жас жүрек

Қайтпас жаудан батыр-ды,

зерек көңіл, ақылды,

Жекпе-жек деп ақырды.

дәмең болса, келіңдер,

Жалғыз тұрып шақырды.

айтулының өзі еді,

ауызға толы сөз еді.

Қанша жауға барса да,

шалдырмай қайтқан неме еді.

алшағыр хан-патшаға

немере жақын сол еді.

Қара обадай қарасы,

келбеті келген неме еді.

астында ала тұлпармен

Жекпе-жекке келеді.

екі жақтың адамы

алыстан байқап көреді.

Жекпе-жекке шыққан ер

Қарабек саспай келеді.

айнымай Қобылан тұрады,

2040

2050


2060

2070


168

батырлар жыры

осындай жақын келгенде,

Қалмақ та болса үлкен деп,

сәлем берді иба етіп, 

тоқтарбайдың шырағы.

сәлемін құп деп алады,

Қарабек сөйлеп қарады.

—сен Қобыланды батыр саналы,

Халық мақтап жүрсе де,

көріндің көзге шамалы.

ақылды туған ер болсаң,

Құрмет етсең ағаны,

Қарекең кезекті алады.

Өзіңе-өзің сенесің,

батырсынған немесің.

Менің атым Қарабек,

Қалай маған төзесің?

Мықтымсынған ерлердің

ойғанмын неше төбесін.

сан жетпейтін көп жаудың

ішкіздім қаннан кересін.

сен кіші де, мен үлкен,

кезегімді бересің.

сонда Қобыланды сөйлейді:

—рас, үлкен ағасың,

келбетіңе қарасам,

білгендей ақыл данасың.

Жақсы айтасың, Қареке,

Менен үлкен ағасың,

бұрын туған данасың.

Өзіңнен қораш сен көрдің

Қобыландының қарасын.

еркіңменен сөйлейсің,

осы жерде-ақ мені аласың.

көлденеңнен көз салған,

кім мықты да, кім осал,

көрер халық шамасын.

иә, Қареке, Қареке,

ерге жедел шын керек.

ер қолына ту керек, 

2080


2090

2100


2110

168

169


қобыланды батыр

әркімге де ел керек.

Жауды көзі көргенде,

айнымай шабар ер керек,

Қайтпас қайсар сер керек.

көтере бойдан пайда жоқ,

аспанменен таласқан

толып жатыр бәйтерек.

Жасың үлкен ағасың,

Жасы кіші ініден

кезегіңді аласың.

кезек алып Қарекем,

байқап алсын шамасын.

кешікпей-ақ халық білер

Мықты мен осал арасын.

атақты батыр даңыңыз,

Қаруыңды болаттан

Қайрап тасқа жаныңыз.

сен үлкен де, мен кіші,

кезегіңді алыңыз.

Қобыланды кезек берген жер,

Қайтпайтұғын Қарекем,

Өзіне-өзі сенген ер.

талай жауды жаулаған,

ежелден мықты кемеңгер.

Өзге жаннан өзгеше,

бөтен ерде келбеттен,

Мұндай біткен бойда жоқ.

заманында адамнан

Жеңілем деген ойда жоқ.

еңсесінде сексен шоқ,

садақ толған саркез оқ.

Қобыландыны алам деп, 

Қарабек ердің көңлі тоқ.

алмасын қайрап безеді,

Өткірлеп оғын кезеді,

Өзіне-өзі сенеді.

Қайтпас қайсар ер Қобылан

Жасы үлкен қалмақ деп,

кезегін берген ер еді.

2120

2130


2140

2150


170

батырлар жыры

Үшке дейін кезекті

беруге Қобылан серт етті,

Қарабек атты батырға.

екі батыр кездесті,

көктөбенің басында.

темірден құйған шоқпарды,

Қарабек қолға алыпты.

ашуланып ақырды,

Мықтылығы анық-ты.

дүрілдетіп шоқпармен

тас төбеге салыпты.

ойына Қобылан келмеді,

тас кескен ақ алмаспен

Қарабек тағы сермеді.

шапқан алмас өтпеді.

шақпақ қылыш ер Қобылан

Жасық пышақтай көрмеді.

керулі тұр садағы

Үш кезектің ең соңы

оқты толғап алады.

тасқа тиген нәрседей

кейін қайтып барады.

ерге қару себепті,

саржаға Қобыланды

болат садақ кезепті.

табан тіреп қалмаққа,

тартып беріп қалады.

тоқтайтұғын оқ емес,

батырдан зулап ағады.

Жолда тұрған қалмақ көп,

талайларын қағады.

Қыл жалаулы көп қалмақ

лаулап ерді қамады.

кезекке ешкім келмеді,

Қарабегі өлген соң

шулап қалмақ еңіреді.

Қамап келген көп жауға

Қобыланды ерік бермеді.

Жауға Қобылан кірген соң,

2160


2170

2180


170

171


қобыланды батыр

талайы құлап көлбеді.

ел бастығы алшағыр

Қобыланды байқап сынапты.

Қарабегі кеткен соң,

Қапыда ісі өткен соң,

басынан заман кеткен соң,

еңіреп өксіп жылап тұр,

көзінің жасын бұлап тұр.

ақылгөйі жолдастан,

сасып ақыл сұрап тұр.

—ал, жолдастар, жолдастар,

уәзір жолдас қол бастар.

кел, ақылдасып қарайық,

ойласып ақыл табайық.

түрі жаман ер екен,

сендерге ақыл салайық.

Мақұл көрсең, жолдастар,

амал бар ма көнейін,

біз мықтымыз демейін.

елшілікке ол көнсе,

Қобыланға билік берейін.

ел билігін берген соң,

айтқанына көнген соң,

дос боласың Қобыланмен

бөтен көрмес қалмақ деп,

бір-біреуге сенген соң,

амандықта, саулықта,

бүтіндікте, барлықта.

осындай амал етпесек,

түрі жаман ер екен,

Қалдырар бізді тарлыққа.

не десе де көнелік

Қобыланды айтқан жарлыққа.

әміріне көнейік,

енді пәлен демейік.

Өзіне ерік берейік,

көңілі өссін мерейің.

айтқанын ердің қылайық,

осыным болар ылайық.

2190

2200


2210

2220


172

батырлар жыры

амал бар ма, бегілерім,

амалсыздан шыдайық.

достасып тату болған соң,

сырын берер Қобыланды ер.

Қайтпайтын жаудан батыр, шер,

айла, ақылы көп екен,

білікке асқан кемеңгер.

ақылмен алдын орайын,

Қобыланмен досты болайын.

көргенмін жаудың талайын,

артық көрдім ішіңнен,

ақыл ойлар сарайын.

Қобыландыменен дос болып,

Жайғасқан соң байтақ ел,

ақырын өзім қарайын.

Қорыққан хан алшағыр,

Жанынан үзген күдерді.

Қараңғылық күн түсіп,

Қайғыға қалмақ түнеді.

дос болам деп Қобыланға,

алшағыр елші жіберді.

батыр аңқау, ер көдек,

алшағырға сенеді,

айтқанына көнеді.

дос болуға ханменен

Қобылан уәде береді.

Құшақтасып ханменен

дос болатын жер еді.

—ей, алшағыр, алшағыр,

бір айтатын сөзім бар,

сөз тыңдайтын жөнің бар.

бейпіл өскен елің бар,

досты болсаң тілімді ал,

алатұғын жөнің бар.

болмасын бізде алалық,

Қалмасын ойда қаралық.

шын достықта болмасын

алшағыр патша, шалалық.

шіге тие көшейік,

2230


2240

2250


2260

172

173


қобыланды батыр

ірге тие қонайық.

бір тілекте, бір дінде,

алшағыр хан, болайық.

—не десең де көндім деп,

Қобыланды, саған сендім деп,

бір діндемін, Қобыланды,

билігімді бердім,—деп.

көңілдесіп, сенісіп,

Құшақ жайып, көрісіп,

дос болдық деп сенісіп,

бір-біріне сенген жер,

уағдасын берген жер.

уағдасын берген соң,

бір-біріне сенген соң,

келісімге келген соң,

дос болысып тарады,

Қалмақтар елге барады.

алшағыр патша елімен,

еліндегі ерімен

ақылдасып қарады,

Маслихатқа салады.

шарасыз қалмақ сенеді,

Қобыландының айтқанға,

амалсыздан көнеді.

Қыпшақ деген ауылды

достықпенен қонаққа

шақырған осы жер еді.

Қалмақтардың кеңесі,

осылай болды себебі.

Қуаныш көңіл қоштыққа,

алшағыр хан той қылды,

Қобыландымен болған достыққа.

ел шақыр деді алшағыр,

әмір етті бастыққа.

Қыпшақты қонақ қылғанша,

тимеді басы жастыққа.

байтақ қалмақ ел келді,

Қалмай халық тең келді,

сән, сайманмен тең келді.

2270

2280


2290

2300


174

батырлар жыры

бозбала мен қыз бала,

Қалмастан бәрі тең келді.

Қалмақ тыныш тапқан соң,

ажарланып алшағыр,

Хан көркейіп өңделді.

елін жиып алған соң,

Қыпшаққа хабар берді енді.

Қыпшақ ауыл бәрісі,

Жасы менен кәрісі,

Қуанышты сол қыпшақ,

шақырған соң ол тойға,

баршасы атқа мінеді,

Қонаққа қыпшақ жөнелді.

ер қабылы деген сөз,

шын тілегін тіледі.

бозбала мен қыз бала,

Жастары жүрді сәнменен,

ащы дауыс әнменен.

домбыра, сырнай, салтанат,

келді қыпшақ пәнменен.

Қалмаққа қонақ барады,

түсіріп қонақты алады,

Қонағын жақсы бағады.

Қызметі қалмақтың 

келгендерге жағады.

Қонаққа келген сыйлық деп,

ат мінгізіп астына,

Қарттарға шапан жабады.

көрмеген сыйлық қыпшаққа,

батыр Қобылан көргізді,

ерлігін халыққа сенгізді.

еркек, әйел бәріне,

Жасы менен кәріге

сансыз сыйлық бергізді.

—астана қалмақ елдері,

бәріңіз бермен кел,—деді.

достылығың шын болса,

айтқаныма көн,—деді.

2310

2320


2330

2340


174

175


қобыланды батыр

бір тілекте болайық,

Мұсылманның дініне,

ризалықпен көн,—деді.

айтқанына Қобыланды көндірді,

бір дінге қалмақты ендірді.

алдырман деген қалмақтың

Жеделін ішкі сөндірді.

Қыпшақтың елін қуантып,

батыр Қобылан естірді,

Қалмаққа салып дестірді.

көңіліндегі ер сөзін

Халқына сонда естірді.

сексендегі шалдардың

еркек кіндік бар жанын

біреуін қоймай кестірді.

Қобыланмен дос болған соң,

Қуанды қалмақ елі енді,

тыныштық тапты ер енді.

Қобыланнан аман болған соң,

Қуанышқа кенелді.

тарту алып олжамен,

ырзалықпен қыпшақтар

аулына қайтты сол енді.

Қалмақ пенен қыпшақтың

тілегін қосқан жер енді.

әлқисса,  Қобыланды  мен  алшағыр  хан  дос  болады.  Қалмақ  пен 

қыпшақ арасындағы жаулық бітеді. екі ел бірімен-бірі дос тасып қонақ 

болады,  құрмет  көрсетеді.  алшағыр  ханның  қол  астына  қараған  ел 

мұсылман  дініне  кіреді.  Қобыландының  көшіп  келген  елі  Жиреннің 

көлін  мекен  етіп  жайлайды.  осы  мезгілдің  ішінде  бейбітшілікпен  екі 

жыл  өтеді.  Құртқа  мен  Хансұлу  еріккен  уақытта  әткеншек  тебу  үшін 

Жиреннің көліне терек ектіреді. ол теректі жақсылап күтіп, тез өсіреді. 

екі жыл ішінде көлеңкесіне жел уездейтін шынардай биік терек болады. 

алшағырдың достығы достық болады. достасып осылай өмір өте береді. 

алшағыр хан Қобыландыға сездірмей өзінің би мен бегін шақырып алып 

ақылдасады, біз осылай Қобыландының қарамағында отыра береміз бе, 

немесе барса деген ханға мұңымызды шағып, Қобыландыдан кегімізді 

2350

2360


2370

2380


176

батырлар жыры

алсақ қайтеді деп кеңеседі. ақыр осылай ұйғарады.

ойласып амал табады,

барса келмес патшаға

астыртын қағаз жазады.

«батыр патша сен едің,

атақты барса ер едің.

елің алыс болса да, 

сүйенішім сен едің.

Қалмақтың қорған басшысы,

паналы бақша терегім.

Хат жазған сізге себебім,

тарылды менің заманым,

болмады, барса, амалым.

тоқтарбай ұлы Қобыланнан

Қатты көрген қорлық бар,

бізге қылған зорлық бар,

соны сізге шағамын.

барса, жәрдем бермесең,

Құрыды менің амалым.

Қарақыпшақ қазақтан

Қобыланды деген ер келді,

ел шабуға келді енді.

Қалмақтың ері тәукеге,

келе өлім берді енді.

екінші батыр Қарабек,

Қобыланнан бұ да өлді енді.

батыр Қобылан келген соң,

тарлықты қалмақ көрді енді.

айламенен амалдап,

срокпен тыныстап,

біз тұрамыз самалдап.

Өп-өтірік дос болдық,

тапқан айла амалдап.

сен болмасаң, ер барса,

Жаққан отым өшті ғой,

Халқымнан кеңдік кетті ғой.

Қорлық елге жетті ғой,

2390


2400

176

177


қобыланды батыр

Қыпшақтың көңлі өсті ғой.

Қалмақты дінге кіргізіп,

Қас масқара етті ғой.

сексендегі шалымды,

Жасым менен кәрімді,

біреуін қоймай кесті ғой.

амалдайын, алдайын,

ер Қобыланды арбайын.

Жіберейін, ал барса, 

Қалай болар жағдайың?

күтіне бер, барса хан,

ерлердің жина маңдайын.

күтінсін, бекінсін еліңіз,

даярлансын еріңіз,

ерлерге әмір беріңіз.

Жылап тұрған көзім бар,

Өксіп тұрған өзім бар.

Қыпшақтан көрген зәбір бар,

беркінде жатқан елің бар.

елде талай ерің бар,

ішімде қайғы, шерім бар.

Өтінемін мен сізге,

Қарасатын жөнің бар».

алшағырдың бұл хаты

Хан барсаға барады.

пешатын хан бұзды да,

көзін салып қарады.

Жазған хатқа түсініп,

арызын қабыл алады.

Жіберемін Қобылан дегені,

патшаға әбден жағады.

Хатқа әбден түсініп,

ерлер менен бегілерді,

шақыртып барса алады.

ақылдасып, ойласып,

Жазған хатты қоштасып,

Қуанысып тұрады.

сонда барса сөйледі:

2410


2420

2430


2440

178

батырлар жыры

—батыр батыр болар ма,

Халық үшін арланбай,

көріп жауды шамданбай.

Мұқата ма дұшпанды

Халық үшін арланбай.

Жіберемін мен жазып

алшағырға хатымды.

ұрудың ары жақын-ды,

арға шабу мақұл-ды.

Қару, қапшық сайланып,

күйлеп тұр ерлер атыңды.

есітемін хабарын,

Жаннан қайтпас ер дейді,

сескенбейтін сер дейді.

Хабар берді алшағыр,

батыр туған ер Қобылан

Жақында атым ерлейді.

достығына наныпты,

алшағырдың айтқаны

Өтірік емес, анық-ты.

Жіберем деп Қобыланды,

Құпия қағаз жазыпты.

бізге де қиын сын болар,

кәріп болған алшағыр,

Халқына жәрдем бермесек,

көзінің жасын көрмесек.

айтқанының бәрі жөн,

көңілмен аңдап серлесек.

бізге де қиын сол болар,

тарлықта тұрған халықтың 

кегін алып бермесек.

ерлер атын баптайды,

шынарға найза саптайды,

алмас қылыш қаптайды,

шын болаттан суарып,

Жаңалап, қынап қаптайды.

Қобыландыға күтініп,

Жігерін ішке сақтайды.

Хан барсаның елінен,

2450


2460

2470


178

179


қобыланды батыр

Қуаныш келді, шат келді,

күтініп қалмақ жатты енді.

Қобыландыны алдап жібер деп,

Халықтың басы хан барса 

алшағырға хат берді.

ер барсаның жазған хат

алшағырға келеді,

Хатын оқып көреді.

Қорыққан мен қуанған

екеуі бірдей деген сөз,

көзінен жас төгеді.

Қобыландыны жібер дегені,

Қуанған осы себебі.

отыз төре, қырық бегі

шақыртып хан алыпты.

келген бегілер анық-ты,

ақылдаса қалыпты.

Құтқарам деп бейнеттен

Қалмақтың ханы ер барса

амалсыз тұрған халықты

кеңшілікке шығарып,

көрсетем деп жарықты.

сипаймын деп маңдайдан,

лажсыз тұрған ғаріпті.

амалдың таптым қандайын,

айлаға айла жалғайын.

Қобыландыны алдайын,

алдайын да арбайын.

Қатты қолға алайын,

ақыл, амал табайын.

амалсыз қорқып дос болған,

Хан барсаның еліне

Қобыландыны жұмсап қарайын.

Қолға қалам алады,

айла, амал табады.

ойлағаны жамандық,

алдайын деп Қобыланды

Жазып мұңын шағады.

—шыны достым сен едің,

2480

2490


2500

2510


180

батырлар жыры

алшағыр досың мен едім.

басыңа қиын іс түссе,

Қайрылармын деп едің.

достылығың шын болса,

арызымды аласың.

Қиын жерге жұмсаймын,

досым десең барасың.

берікте жатқан жауым бар,

Құлатасың қаласын.

бар мақсатым бітеді,

шулатсаң қатын, баласын.

көп өтінер сөзім бар,

шыны достым болған соң,

Өтінуге жөнім бар.

барсакелмес патшада,

алынбай жатқан кегім бар,

Қорлықпен көрген зәбір бар.

достым болсаң сенесің,

айтқан сөзге көнесің.

Хан барсаның қатты жау,

Ханнан ішкіз кересін.

батыр батыр бола ма,

Жауының оймай төбесін.

бар арманым тарқайды,

Хандардың басы барсаны,

көңілден қайғым кетуге,

Қуанып көңілім өсуге,

әкеліп басын бересің.

Қайғы ашуым басылмас,

әкеліп басын бермесең,

Өлгенін барса көрмесем.

көрген тарлық көп еді,

көңілге салып серлесем.

екі жақсы дос болар,

достықпен көңіл қош болар.

шын достықтың белгісі,

досының кегін еске алар.

екі жаман дос болар,

2520

2530


2540

2550


180

181


қобыланды батыр

достықтың арты бос болар.

барсаның басын әкелсең,

Қуанып көңілім қош болар.

Жіберген хатын Қобылан алады,

Қағазды оқып қарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет