«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Қырымдағы қырық батыр,

оза шауып әр жаудан

1160

1170


1180

1190


144

145


қобыланды батыр

Қайрат, күшпен олжа алған.

көрсе жауды долданған,

талай батыр паңды алған,

Қарсыласып ханды алған.

алшағыр қалмақ шаһарын

шабуға ой мен жадыға алған.

Қырымдағы қырық ердің

Қартқожақ екен ағасы.

Қасындағы жолдастың

ақылдасар, ойласар,

талайды көрген данасы.

Жау ізденіп, батырлар

ақылдасқан шамасы.

—Қартқожақ, басшы сен,—деді,

Қасыңдағы жолдастар,

сізге ақыл саламыз.

лайықты бір жауды

Өзің тауып бер,—деді.

—Жақсы айтасың, жолдастар,

ер қаруы—бес қару,

тастан қайтпас алмас бар.

Қайратқа асқан ерлерім,

Өзіме қатар жалғастар.

Менің айтқан сөзімді

ақылменен аңдап қал.

тұлпар мініп ту алған,

Қырық жолдас ерімсің,

Жауды көрсең қуанған,

әскерді көзің көргенде,

түріп білек сыбанған.

талай кезген ерлерсің,

айбатты қолға ту алған.

Қызғынды берен басшыңмын,

білгенімді айтпай тұра алман.

талай жерде жауды алдық,

Жасанған әскер құралдан.

о, қырық жолдас, қырық жолдас,

еңбегіңіз еш болмас.

1200


1210

1220


146

батырлар жыры

Қолда қару, батылмыз,

бізге ешкім келе алмас.

Жау ізделік, жолдастар,

еңбегіміз еш болмас.

есітемін алыстан,

Мықты дейді данышпан.

алдырмайтын арыстан,

талайлармен алысқан,

талай жаумен қарысқан.

оның елі төменде

сырттан құмар ер едім,

алшағыр мықты дегенге.

Мақұл көрсең қырық жолдас,

алшағыр ханға баралық,

барып қимыл салалық,

болмасын сөзде шалалық.

арын арлап халықтың,

кел, осы жауды шабалық.

шынарға найза саптайық,

тұлпарларды баптайық.

тасты кесер алмасты,

Қынапқа ерлер қаптайық.

Желденген соң ер көңлі,

айтқан серттен қайтпайық.

бейпіл жатқан халыққа

ішкі сырды айтпайық.

басшысының бұл сөзін

Жолдастар қабыл алады,

тұлпарды баптап бағады.

Қырық күн баптап тұлпарды

атқа ер тоқым салады.

бес қаруын асынып,

алшағырдың еліне

ерлер кетіп барады.

Үзеңгісі сартылдап,

белінде қылыш жарқылдап,

Өмілдірік омырауда,

ат мойнында алқылдап.

1230

1240


1250

1260


146

147


қобыланды батыр

Жігіт кекті нұрғожа

Қартқожақ пен екеуі

батырлардың ағасы.

шығыршықты сауыттың,

дулығалы жағасы.

алшағыр хан мен Қырымның

алыс еді арасы.

неше күндей жол жүріп,

алшағырдың еліне

Жақындап келді шамасы.

Қырымнан шыққан қырық батыр,

келген сойды желігіп,

алшағырдың жеріне

көп қалмақтың шеніне,

келді де ерлер қос тікті,

елсіздегі көліне.

көк шалғынды ағашты

Қалың шыққан ну ағаш,

бұлтпенен таласты.

алыстан келген ерлерге

Қалың шалғын, тәтті су,

көлдің көркі жарасты.

Жеті күн атын бағады,

Жалғыз атқа жал бітіп,

ат тыңайып қалады.

ерлер де дамыл алады,

Қалмақтың ері ер тәуке

Қарашоқы басынан

Қарауыл келіп қарады.

көлде жатқан қырық атты

тәукенің көзі шалады.

алды-артына қарамай

көлге қарап шабады.

Қанша дұшпан келсе де,

тәуке жалғыз баратын,

Жалғыз ұрыс салатын,

ұрысқан жауды алатын.

1270

1280


1290

1300


148

батырлар жыры

атақты, мықты ер еді,

еріні қанды бөрі еді,

Қайтпайтұғын мықты сері еді.

Қанша жаулар кездессе,

Жалғыз шабам дер еді.

астында торы тұлпармен

көлге қарап жөнелді.

Желігіп жетіп келеді,

шалғындағы қырық атты

сартылдатып сабалап,

тәукекең айдап жөнелді.

Қырық батыр тәукеге

«тоқта» деп айқай салады.

Қайтпайтұғын ер тәуке

Қырық жігітке барады.

ұстаймын деп қырық батыр

ер тәукені қамады.

Қырымнан келген қырық жігіт

найзаменен сермеді.

батыр туған ер тәуке

Қу қурайдай көрмеді.

Қайратты тәуке өрледі,

Қырық жігітті ер тәуке

Қайрат күштен алуға

тәуке батыр меңзеді.

таяқ тиген батырлар

талайы құлап көлбеді,

талайлары еңіреді.

Жалғыз келген тәуке ер

батырсынған жігітті

сілтеген найза қаруын

Қу қурайдай көрмеді.

шақырып алып бір-бірлеп,

ерлердің қолын байлады,

батыр тәуке айлалы.

Қырымнан келген қырық ердің

зығырданы қайнады.

1310


1320

1330


148

149


қобыланды батыр

амалы жоқ, тәукеге

Мөлдіреп көзі қарады.

Қолға алды найзаны,

ерлердің қолы буулы,

Қалаға қарай айдады.

Қырымнан келген қырық ердің

ер тәуке көңлін басады.

батырсынған немені

Жалғыз өзі шатады.

тәукені көзі көрген соң

ерлердің құты қашады.

байластырып шылбырмен,

Қырық тұлпар, қырық ерді

Қалаға қарап айдаған.

тітіреп жылап қырық батыр

тәукеден қорқып зарлаған.

талай жауға шапқан ер

тап осы жерде қалды пайдадан.

Қайтпайтұғын ер еді,

Халықтың қамын қамдаған.

көңілі өсіп ер тәуке,

Қырық батыр мен қырық ерді

Қалаға айдап келіпті.

тартуға болсын ханға деп,

Қырық атты беріпті.

айдап келген қырық ерді

алшағыр көзбен көріпті.

Қуанып көңілі өседі,

дарбаза сарай қама деп,

Ханы әмір етеді.

Қырық ердің соры қайнады,

сарбаз алып қасына

Қырық ерді тәуке айдады.

бұрынғыдан беркітіп,

Қырқының қолын байлады.

дарбаза биік қақпаға

бұларды айдап барыпты.

биік аула қақпасын

1340


1350

1360


1370

150

батырлар жыры

берік етіп бекітіп,

шынжыр мен құлып салыпты.

аяйтұғын адам жоқ,

Қолға түскен ғаріпты.

дарбаза аула ішінде,

шығар күн қашан болад деп,

батырлар жылап зарықты.

Қысым беріп осындай

Қамап салды кәріпті.

тап сол күні кеш болды,

еңбектері ердің еш болды.

Жүдеу кірген батырлар

шыққалы елден көп болды.

таршылықта жылайды,

кең дәурені жоқ болды.

Қайғыланып батырлар

көкірек жалын, от болды.

Өздері амал таппаса,

бұларға теңдік жоқ болды.

ақылдасып қарады,

бір-біріне ақыл салады,

ойласып амал табады.

тісімен шешіп қолдарын

босанысып алады.

Үзік-үзік жөке арқан

сол сарайдан табады.

олардың тапқан амалы

бірін-бірі көтеріп,

сол сарайдың үстіне

амалдап шықты біреуі.

ендігі қалған ерлерді

арқанмен тартып алады.

Қамаудағы батырлар

есебін тауып құтылып,

Қаладан қашып барады.

Қан матаудан арылып,

Қалың жыныс ағашқа

түн ішінде барады.

ақылдасып қарады,

1380


1390

1400


1410

150

151


қобыланды батыр

ойласып ақыл табады.

Қартқожақ батыр сөйлейді:

—Жолдастарым, сен,—деді,

ақылдасып қарайық,

Қасыма жақын кел,—деді.

есітемін хабарын

руы қыпшақ ел,—деді.

Қарақыпшақ елінде

тоқтарбайдың Қобыланды

арыстан туған ер,—деді.

кел, Қобыланға баралық,

осы көрген қорлықты

Құлағына салалық.

бұл не деген қиындық,

батырға барып шағалық.

Мақұл көрсе Қобыланды,

Қалмақтан кекті алалық.

айдаһардай айбатты,

арыстандай қайратты,

Қанша дұшпан болса да

Қорқып жолдан таймас-ты.

айбатты қолға ту алған,

тап он жеті жасында,

болат қылыш суырған.

дәумаманың аққұртқа

күшпенен тартып қыз алған.

он екі ханның елінде,

ару Құртқа сұлуды

Қобыланнан бөтен кім алған?!

Қобыланға қарай жол шекті,

екі қонып арада,

Үшінші күн болғанда

Қырық батыр тез жетті.

тоқтарбайдың үйіне

көптен жүрген алаң, аш,

тоналып келген жалаңаш.

сүдіндері жүдеулі,

оларға ешкім қарамас.

1420


1430

1440


1450

152

батырлар жыры

ұлықсат сұрап қоныпты,

Жүдеп келген ерлер деп,

Қысырдың тайын сойыпты.

Жүдеп келген қырық жігіт

аппақ майға тойыпты.

сылдырлақты қасықпен

сапырып қымыз қойыпты.

он төрт күн қонақ болады,

күн он беске толады.

ашыққан ерлер тойынып,

Қалыбына толады.

Жүдеген қырық ер еді,

Жаңа талап Қобыланды ер,

Қонағын қабыл көреді.

Жалаңаш келген қырық ерді

ылайықты киіммен

бас-басына береді.

Қайғысы ердің жойылды,

Қырық батыр тойынды.

киім киіп, түр бітіп,

дегені ердің болулы.

он жеті күн өткен соң:

—Қартқожақ ағаң мен,—деді,

інім Қобылан сен,—деді.

көңілімде бар бір мүддем,

Мүддемді тыңдап көр,—деді.

атыңа асық ағаңмын,

алшағырда кегім бар,

кегімді алып бер деді.

Қырымнан шыққан қырық батыр,

Қырқымыз да ер едік,

Қайтпас жүрек сер едік.

еріні қанды бөрі едік,

талайды басып жеп едік.

алшағырдың қаласын

біз шабамыз деп едік.

батырсынып еріктік,

біз мықты деп желіктік.

1460

1470


1480

152

153


қобыланды батыр

Қару-жарақ асынып,

Қалмаққа жақын келіппіз.

елсіз көлдің бойында,

көк шалғынды ойында,

тынықтырып ат бақтық,

бір жетідей біз жаттық.

кемалға ерлер келген соң,

шабуға жауға ойластық.

Үлкендік бізде көкірек,

Жауға еш нәрсе қоймастық.

осы көлде жатқанда,

атты күйлеп баққанда,

Жападан жалғыз ер келді,

осы көлде кез келді,

Қосқа жақын тез келді.

шалғында жатқан қырық атты

Жиып алып меңгерді.

бізге қорлық жетті ғой,

зәбірі қатты өтті ғой,

абыройды төкті ғой.

Жаяу айдап шәріне,

Қас масқара етті ғой.

Қобыланды, жәрдем бермесең,

зәбіріміз кетті ғой.

абырой бізден төгілді, 

нұрлы көлде кездесіп,

бізге қорлық берді ғой.

көреген қорлық шағында,

ағаларың келді ғой.

сен болмасаң, шырағым,

ерлерім жаннан түңілді.

көзімізден аққан жас 

Мойнымызға құйылды.

көрген қорлық қиын-ды,

Қобыланды шырақ, өзің біл,

Қырымнан келген қырық ағаң,

зәбірін айтып қиылды.

тартып алды ат пенен,

Қару-жарақ, киімді.

1490

1500


1510

1520


154

батырлар жыры

Қобыланды, бүйім сұрадым,

Мұңымды шақтым, шырағым.

Қалмақтан қорлық көрген соң,

сіз болды келген тұрағым.

әпере алсаң кегімді,

бітеді сонда мұратым.

сонда Қобыланды сөйледі:

—зәбіріңді айттың, ағайын,

Жастары үлкен ағайым.

зәбірің көрген тағайын,

тарлықтың көрген талайын.

Жасы үлкен ағаның

айтқан тілін алайын.

Қырық ағам кез келдің,

сөзіңді қабыл алайын.

шағынған соң қорлықты,

бармай неғып қалайын.

сенің үшін, қырық батыр,

Жанды ортаға салайын.

көшіп барып қыпшақпен,

Мен елсіз көлге қонайын,

ауыл үйлес болайын.

Жақыннан жаулап қалмақты,

Қан жылатып шабайын.

елімді жиып алайын,

Қарттарға ақыл салайын.

Мақұл көрсе көп халқым,

көше-мөше барайын.

Қыпшақтың үлкен-кәрісін,

Жөн білетін азамат

Жиып алды бәрісін.

Қырық жігіттің жүрген жайы

айтты түгел бәрісін.

—ал, ақсақал, ақыл саламын,

ілгері басқан жас жанмын,

Жоғары менің талабым.

Қайырма, халқым, тауымды,

алшағырдың жеріне,

елсіздегі көліне,

1530


1540

1550


1560

154

155


қобыланды батыр

Қарақыпшақ елімен

түгел көшіп барамын.

Жақын жерде жайласып,

найзаға шашақ байласып,

Қанға тоймас қылышты

Өткірлеп шарға қайрасып,

Жауға жақын барайын, 

Жақындап жауға шабайын.

Қырымнан келген қырық ердің

сөйтіп кегін алайын.

Қобыланды деп келдің еңкейіп,

бармай неғып қалайын.

Қобыландыны қайырмай,

Халық ұлықсат беріпті.

Қайтпайтұғын қайратты ер

батыр Қобылан желікті:

—замандасым, қатарым,

Жастар, бермен келіңдер.

Менің айтқан сөзімді,

Жолдастар, мақұл көріңдер.

айтқанымның бәрі рас,

шын сөзіме сеніңдер.

тіл алғаның шын болса,

бұл қоныстан көшіңдер.

ертең жүрем мен жауға,

артымнан көшіп жетіңдер.

артыңнан көшіп барам деп,

уағда бер, кесім бер.

Қайтпас жаудан талабым,

кәрі жирен үйірін

Өзім айдап барамын.

суы тұнық, жері от,

сол қонысқа жаямын.

Қоныс ету сол көлді,

болды менің талабым.

барып жауды жоямын,

Қалмақтың көзін оямын.

елсіздегі сол көлге

Жирен тайды соямын,

1570

1580


1590

1600


156

батырлар жыры

Жирен қопа қоямын.

Қырық жігіт қасында,

Қобыланды жүрді қалмаққа,

Қалмаққа бүлгін салмаққа.

Қарсы шабар ер Қобылан

тасты кескен алмасқа.

уәде етті көп қыпшақ

бәрі көшіп қалмасқа.

он төрт күн етті уағда,

артынан көшіп бармаққа.

Қырық жігіт бар қасында,

Жирен айғыр үйірін

Қобыланды айдап жөнелді,

рауан жолға кенелді.

екі қонып арада,

көлге келді сол енді.

Жирен тайды сояды,

Қасындағы қырық жігіт

ет пен майға тояды.

Қыпшақ елім қонсын деп,

Құтты қоныс болсын деп,

осы көлдің атағын

«Жирен қопа» қояды.

Халық басқарған Қобыланды ер,

бір жеті көлде тұрады.

бір жетінің соңынан

баяғы мықты ер тәуке

Қарауылға шығады.

Жайылып жатқан жылқыны

тәуке батыр көріпті.

кенелдім деп олжаға,

Жылқыны көріп желікті.

астындағы торы атпен

шабуыл салып келіпті.

Қанша жауды көрсе де,

бермеген жауға ерікті.

астындағы торыға

орай қамшы салады.

1610

1620


1630

1640


156

157


қобыланды батыр

Жайылып жатқан жылқыны

дүркіретіп қасынан

батыр қуып барады.

арқандаулы боз атқа

Жайдақ мініп Қобыланды,

Қолға қару алмастан

тәукенің қуды артынан.

әне-міне дегенше-ақ,

Қалмақтың ері ер тәуке

Қарсыласа қалады.

келе келге келгенше

тәуке батыр қылышпен

Қобыландыны шабады.

етіне қылыш тигізбей,

батыр туған ер Қобылан

Қолынан жұлып алады.

ат үстінен алысты,

бір-біріне жабысты.

таудай болған торы аттан

Қалмақтың ері тәукені

аударып Қобылан алыпты.

Жұлып алып Қобыланды ер

тақымына салыпты.

Мұрнынан қаны ағыпты,

сонда тәуке талыпты.

Қобыланды қайрат бастады,

сабырдың түбі сары алтын,

тәукеден қорқып саспады.

батыр тәуке талған соң,

сылқ еткізіп тақымнан

көтеріп жерге тастады.

Мұрнынан қалмақтың

бұрқылдап қаны атады,

Қан шүмектеп жатады.

ерсініп жүрген тәукенің

Қобылан емес қатары.

Қобыландының қалмаққа

осы келген сапары.

әлден уақ болғанда,

1650

1660


1670

1680


158

батырлар жыры

есін жинап ер тәуке

көзін азар ашады.

—уа, ер тәуке, ер тәуке,

Қырық жігітті алғанда,

батыр едің сен, тәуке.

Қан шүмектеп мұрныңнан,

есіңді танған нең, тәуке?

Қобыландының айбатын,

Қайтпайтұғын қайратын

осы арада көр, тәуке.

алшағырдай ханыңа

кешікпей хабар бер, тәуке.

Қырық батырды алыстан

көрген көзің осы деп,

оң көзін ойып алыпты.

естір құлақ мынау деп,

Құлағын кесіп алыпты.

тәуке міскін ғаріпті,

Қырық батырды қуалап,

ұрған қолың осы деп,

Қолын кесіп алыпты.

Құлағын кесті шұнтитып,

Қарын кесті құнтитып,

Мұрнын кесті жымпитып.

аяқтан басқа бұдыр жоқ,

Қоя берді сымпитып.

—алшағырға сәлем айт,

тоқтарбайдың баласы

батыр Қобылан ер едім,

айтатын ханға дерегім,

елсіздегі көліне,

Менің келген себебім,

Қырымнан келген қырық ерге,

алшағыр, неге желіктің?

Өзіңе өзің сеніпсің,

Қатты қорлық беріпсің.

Қырық батырдың кегі үшін,

атқа міндім желденіп,

Желігіп келдім тербеніп.

1690


1700

1710


1720

158

159


қобыланды батыр

нулы көлдің бойында,

тәуке батыр кез келіп.

Қарын кестім құнтитып,

Мұрнын кестім жымпитып,

Құлағын кестім шұнтитып.

Жеделімнен танбаймын,

Қырық батырдың зәбірін,

алшағыр, сенен арлаймын,

Қыр соңыңнан қалмаймын.

Қапы қалма, хабарла,

Қыл жалаулы еліңді.

кешікпей жи, алшағыр,

еліңдегі еріңді.

елшіңменен баян ет

соғысатын жеріңді.

дәмең болса ұрысқа,

Қазып қой бұрын көріңді.

сүйдеді де Қобыланды

Қаны аққан тәукені

зар жылатып қуады,

тәукенің жанын сығады.

есін танып бір жерге

екпеттеп барып құлады.

әлден уақ болғанда,

орнынан азар тұрады.

амалдап зорға құтылып,

осы көлден шығады.

Қарға менен құзғындар

Қанын көріп қуады.

Қайғы салды Қобылан ер

ер тәукенің басына.

Қатты батты жанына

Қобыланның өткір алмасы.

Қанды көріп қызығып,

тыным бермей барады

көлдің құзғын қарғасы.

тәлтіректеп баратыр,

тура жүрер жолы жоқ,

осы келген сапардың

1730

1740


1750

1760


160

батырлар жыры

ер тәукеге оңы жоқ.

етін шұқып қарғалар

тыным бермей барады.

Қағайын десе қолы жоқ,

Қобыландыға тап болған,

бұл тәукенің соры көп.

шыбындай жаннан түңіліп,

әр бұтаға сүрініп,

тұла бойдан аққан қан

аяғынан шұбырып,

кеудеде жаны қыдырып.

күн бататын мезгілде

алшағырдың үйіне

еңіреп келді үңіліп.

—ей, алшағыр, алшағыр,

Қайырлы ханым сен едің,

Қайтпас батыр мен едім.

Қанша жауды көрсем де,

Қайтпайтұғын ер едім.

патша, тыңда мұңымды,

Қайғылы болып келемін.

сау жерім жоқ, ей, патшам,

бүгіннен қалмай өлемін.

көргенімді, алшағыр,

айтып өлсем деп едім.

сен патша да, біз нөкер,

сүйенішің мен едім.

әлім кетіп шаршадым,

таңнан қалмай өлемін.

нулы көлдің бойында,

Қарақыпшақ елінен

тоқтарбайдың баласы

Қобыланды атты ер келді.

Жылқыны көзім көрген соң,

Қайтпаған тауым ер едім,

Жау келді деп желдендім.

Жау табылды маған деп,

Қайтпай жауға шабам деп,

Қанша дұшпан болса да,

1770


1780

1790


160

161


қобыланды батыр

Жалғыз барып алам деп.

көлде жатқан жылқыны

Мен олжаға алам деп.

ойымда жоқ қорқыныш

еркінсініп барғанмын,

Жылқыны қуып алғанмын.

батыр аңқау, ер көдек,

Жеңілер көңіл ойда жоқ,

батырсынып барғанмын.

Өзімнің аңсыз ісімнен

Қайғы отына жанғанмын.

көп айтуға әлім кем,

ақылымнан танғанмын.

көлде жатқан жылқыны

дүркіретіп қуғанмын,

Өзімді-өзім ұрғанмын.

Қобыланды қуып артымнан,

Өз әліме қарамай,

ерге қарсы тұрғанмын.

Қарсыласып қарыстым,

Қылышпенен шабыстым.

Жұлып алды қылышты,

ат үстінде алыстым.

аударысып Қобыланмен

бір азырақ қарыстым.

ерлігі асып өрледі,

Маған ерік бермеді.

аударып алып атымнан,

Жеңуге Қобылан меңдеді.

толықсып тұрған жасында,

Қырымнан келген қырық ер

Жолдасы екен қасында.

Қобылан екенін білмедім,

Мен ұрылдым қапыда.

аударып алып торы аттан

Қатты басты тақымға.

Қобылан қатты соққанда,

Жаным көзге көрінді.

Мұрнымнан аққан қара қан

1800

1810


1820

1830


162

батырлар жыры

шүмектеп жерге төгілді.

ғайыптан маған тап қылды,

тоқтарбайдың баласы—

Қобыландыдай көрімді.

Қобыланды мені ұрды ғой,

Жел терістен тұрды ғой,

Қас масқара қылды ғой.

Мұрнымнан аққан қара қан

етегімді жуды ғой.

Қобыландының көк қылыш

шыбын жанға өтті ғой,

түп-түбіме жетті ғой.

Мен емес жалғыз, көп қалмақ

кемеңіз құмға шөкті ғой,

Құлақ, мұрным кесті ғой.

Құлағымды кесті шұнтитып,

Мұрнымды кесті жымпитып,

Қарымды кесті құнтитып.

Қанша батыр десең де,

Қобыландыдан кем болдым.

шын қорқақ мен болдым,

еңіреп жылап сел болдым.

Қағайын десем қарым жоқ,

Қарға менен құзғынға

орта жолда жем болдым.

көргенім айтқан себебі,

алшағырдай патшаға

осылайша айт деп еді.

көргенін айтып баяндап,

ғаріп болған ер тәуке

Жұлдыз шыға өледі.

келгенін Қобылан хан біліп,

ер тәукеге қайғырып,

алшағыр қатты сасады.

Қайғырмай хан не қылсын,

сүйеніші тәукеден

Қалғаннан соң айрылып.

таянады бүйірін,

Жасыған жездей майрылып.

1840


1850

1860


1870

162

163


қобыланды батыр

Қобыланды келген есер деп,

Халқымды әлек етер деп,

елімнің оты өшер деп,

басымнан бағым кетер деп,

көзінің жасы төгіліп,

омырауына нөсерлеп.

Жанынан үзіп күдерді,

патшаның жүзі қарайды,

Қабағы ханның түнерді.

бейпіл жатқан халыққа



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет