Дін дегеніміз адамның көзқарасының дүниеге деген бір бөлігі, әлемді тануы, құдіретті деген күшке сенуі. Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастардың және діни қызметті қамтиды: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін - бұл кезеңде табиғи күштер Құдайлар сияқты болып көрінді; 2) заңдық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; 3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.
Діни наным- сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм, деизм, монотеизм.
Буддизм. Христиан. Ислам. Діннің қоғамдағы мәдени өмір формаларына әсері.
Қасиетті (сакральды) мәдениет. Қазақ халқының қасиетті (сакральды) мәдениеті.
Дін әлемдік, ұлттық болып бөлінеді. Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.