БҰҰ – ның классификациясы бойынша мемлекеттегі адамның ұлттық қауіпсіздігіндегі негізгі қауіп – қатердің тізімі
Экономикалық қауіпсіздік;
Азық – түлік қауіпсіздігі;
Денсаулық қауіпсіздігі;
Экологиялық қауіпсіздік;
Жеке қауіпсіздік;
Қоғамдық қауіпсіздік;
Саяси қауіпсіздік.
|
БҰҰ – ның Рио – 92 Декларациясы бойынша әлемнің экологиялық әлсіз елдерінің қатарына жататын Қазақстан үшін бүгінгі күні экологиялық қауіпсіздіктің артықшылығы ең негізгілердің, жоғарғыларың бірі, оны қамтамасыз етпеу ұлттың денсаулығына, келешек ұрпақтың болашағына қауіп –қатер туғызады. Аралдық техногендік апат, Каспий мәселелері, Семей полигонындағы көп жылдық ядерлік сынақтар, « Байқоңыр» касмодромынан әр түрлі ауыр тасымалдаушылардың ұшырылуы, « Капустин Яр», «Язгир», «Сары - Шаған» сынақ полигондары, мұнай –газ кешенінің қарқынды дамуы, кейбір шетелдік компаниялардың экологиялық қауіпсіз емес іс –әрекеті және т.б. елімізде экологиялық жағдайды қалыптастырды. Сондықтан мемлекетімізде 2003жылы экологиялық мәселелер Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ел басымыз Н.Назарбаевтың төрағалығымен және 2003жылғы 3 –ші желтоқсандағы жарлығы бойынша 2004 – 2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігінің жаңа концепциясы мақұлданған. Бұл концепция ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық фундаменталды компоненттерінің бірі болып келеді және халықаралық интеграциялық үдерістерде елдің қызығушылықтары мен артықшылықтары, басым жақтарын қорғаудың маңызды аспекті болып табылады
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің қорғалуын қамтамасыз ету, қоғамның өмірлік маңызды қызығушылықтарын және қауіп –қатерден тұлғаның құқығының қорғалуын қамтамасыз ету.
Экологиялық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің концепциясына қосудың мақсаттылығының дәлелі мынандай: біріншіден, өмірді қамтамасыз ететін жүйелерерге түсетін өсіп келе жатқан ауыртпалықпен және Жердің қайта қалпына келетін табиғи ресурстарымен, қоршаған ортаның тоқырауымен байланысты экологиялық дағдарыс адам өміріне қауіп –қатер туғызатынболғандықтан, соғыс сипатындағы дәстүрлік қауіп –қатерден кем емес қауіп –қатер туғызады.
Екінші дәлелі әлемнің әр түрлі аймақтарындағы экологиялық жағдайдың өршуі әлеуметтік және саяси тұрақсыздықтың, халықаралық қарама – қайшылықтардың, сонымен бірге күш көрсету қақтығыстарының салдарынан, солардың себебінен болуымен байланысты.
Үшінші дәлел, ұлттық қауіпсіздікті қайта қарастыра отырып, экономикалық және экологиялық болашақ, екеуінің бір нәрсе екендігін мойындау керек. Экономикалық қауіпсіздіктің тұрақтылығы туралы айтуға болмайды, егер оған экологиялық тұрақсыздық арқылы, экожүйелерді бұзу немесе табиғи ресурстарды рационалды емес түрде пайдалану негізінде қол жеткізілген болса.
Төртінші дәлел, ұлттық қауіпсіздіктің экологиялық факторының пайдасына қауіпсіздіктің күш көрсету қауіп –қатерінің азаюының объективті тенденциясымен негізделген.
Қазақстан Республикасының 2014 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде тұрақты дамудың міндетті шарты және табиғи жүйелерді сақтаудың, қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады. Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекетік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады [35].
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі мақсаттары 3 –ші кестеде көрсетілген.
3- кесте
Достарыңызбен бөлісу: |