Әлем халықтарының саясатын экологияландыру және адамның табиғатқа әсерінен болатын зиянды бухгалтерлік есепке алуды енгізу;
Әлем елдерінің басшылығының экологиялық нормативтерді жасауы;
Ғылыми ақпаратты дамыту және соның негізінде барлығын қамтитын негізгі әлемдік экожүйелерді бағалауды жүзеге асыру.
барынша азайту арқылы қоршаған орта нысандарының сапасы мен қоғамның экологиялық орнықты дамуының қажетті деңгейіне қол жеткізу көзделген [51].
Адамдар бір – біріне, табиғатқа деген тәуелділіктен арыла , еркіндікке қол жеткізе отырып, өздерін жоғалтып алуда. Оның тәуелсіздігі әлемге қажет болмай қалуына әкеледі. Байланыстарды қалпына келтіру оңайға соқпайды. Қазіргі заманғы адамдардың көзқарастары, одан айырылу қиынға соғатын «мұнда және қазір» көзқарасына шоғырланған. Топтардың және адамдардың бір –бірінен жоғары деңгейдегі тәуелсіздік кезінде салыстыру, бәсекелестік, басқалардан қарағанда жақсы жағдайға ие болу сақталады. Адамзат дамуының жолын өзгертуші «альтернативтікті» енгізу – рухани күшті талап ететін қозғалыс, оған сай бола аламыз ба деген адамдарда күмән туады. Экологиялық амал – тәсіл арқылы мәдениетке енгізілген жаңарулардың мәні жеке қарастырылатын үдерістер мен құбылыстарды пайдалану мен анализінен олардың арасындағы байланысты пайдалану мен анализіне көшуде. Ондай жаңаруларды енгізу үшін көзқарастың шектеулігін еңсеру, «мұнда» ғана емес, «жақында», «алыста», «барлық жерде», тек қазіргі уақытта емес,өткен шақта, болашақта адам өмір сүретін және мәдениет дамитын, кеңістік пен уақытты тұтас қарастыруды қайта қалпына келтіру керек.
Экологиялық мәдениеттің, шындыққа қарым – қатынастың маңызды бөлігі адамзаттың өткен шағы мен болашының арасындағы қақтығысты еңсеру болып табылады. Әлеуметтік дамудың сипатын өзгертпей тұрып, ғаламдық экосистеманың тұрақтылығын қалпына келтіру мүмкін емес.
Адамзат үшінші мың жылдыққа көптеген экологиялық мәселелермен аяқ басты. Әлем халықтарының кедейшіліктен, қорқыныштан арылу сияқты әлі шешілмеген әлемдік мәселелерге тағы бір мәселе - келешек ұрпақ үшін экологиялық тұрақты болашақты қамтамасыз ету мәселесі қосылды. БҰҰ – ның бас хатшысы Кофи Аннананың баяндамасында XXI – ші ғасырдағы ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі төрт артықшылық көрсетіледі:
1– кесте
Кез–келген қоғамның ең маңызды құндылығы –оның қауіпсіздігі, ол бір жағынан саясаттың объектісі ретінде, екінші жағынан –оның бағыттылығын, маңыздылығын және нәтижелілігін іске асырады. Қауіпсіздіктің теоретикалық мәселелеріне ғылыми бірлестіктер мен зерттеушілердің көп көңіл бөлуі даусыз факты болып табылады.
Қазіргі кезде тұлғаның, қоғамың және мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп тудырушы факторлардың бірі, табиғи ортаның қирауы және табиғи қорлардың азайып кетуі. Ресей ғалымдары В.И. Данилов–Данильян К. Лосевтардың зерттеулері бойынша, ХХ – шы ғасырдың соңына таман бұзылған эко жүйелердің ауданы мұз қатқан және жалаңаш учаскелерді есепке алмағанда 63,8% аумақты құрастырады екен.
Деректер бойынша 2008 –жылмен салыстырғанда өткен жылы анықталған құқық бұзушылық саны 50% ға және экология саласындағы қылмыстар саны 20 – 30% артты. Мысалы, Өскеменде атмосфераға 170 атаулы зиянды заттар шығарылады. Олардың 20% 1 –сыныпты қауіпке жатады. Ал арнайы бекеттерде тек 17 атаудағы ғана зиянды заттарға ғана бақылау жасалады. Сонымен бірге салық кодексінде қарастырылмаған және ластаушы заттардың тізіміне енбеген, ауаға тарайтын зиянды заттар мәселесі реттеуді қажет етеді [31].
Экологиялық қылмыстар бойынша 2007 –жылы 169 қылмыстық істер қозғалып, 219 адамға үкім шығарылған. Ол дегеніміз Қазақстан азаматтарының әлі де болса қоршаған ортаға, экологияға деген көзқарасының төмендігін көрсетеді. Оның себебі күнделікті өмірде қоршаған ортаны қорғау заңдарының бұзылуы кең етек алып отырғанынан деп жазады құқық қорғау органдарының өкілі [32].
Экологиялық қылмыстарды тудыратын жалпы да, арнайы себептер бар. Оның жалпы себебінің негізін О. Л. Дубовик пен А. Э. Жалинскидің айтулары бойынша адам мен табиғаттың өзара ықпалдасуы кезінде туындайтын қайшылықтарда жатыр. Оны бүтін болып табылатын табиғат пен оның бір бөлшегі болып табылатын адамның арасындағы қайшылық деп түсінген жөн. Мұның негізінде табиғатты игеру барысында адамның күштерін аса бағалау мен дәріптеу жатыр [33].
В.Е. Эминовтың пікірінше экологиялық қылмыстардың жалпы себептеріне мына төмендегі факторлар жатады деп көрсеткен:
адамның мүмкіндіктерін тым асыра бағалауы;
табиғат ресурстарының сарқылмайтындығы туралы және табиғаттың өз - өзін қалпына келтіруі туралы жаңсақ пікірдің қалыптасуы;
табиғат пен адам арасындағы қарым –қатынаста жалған мақсаттар мен басымдықтарға арқа сүйеу;
табиғат тағдырына, жағдайына, оған келтіретін зардаптарға немқұрайлы қарау;
адам мен табиғаттың ықпалдасуын реттейтін экологиялық заңнаманы өрескел бұзу [34].
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік доктринасының басты компоненттерінің бірі болып табылатындығы әлем мемлекеттерімен мойындалған (кесте 2).
2 - кесте