Мәдениет атты арнайы курсты оқу барысында пайдалануға, мәдениетті зерттеуге қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған


ІІІ модуль. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық жағдайы



бет9/17
Дата27.09.2023
өлшемі350,67 Kb.
#110543
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
ІІІ модуль. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық жағдайы

Дәріс 7 Экологиялық мәдениет дамуының негізгі көрсеткіштері
Жекелену бағытындағы қозғалыстарды анықтаған: қоғамды табиғаттан, қоғамдағы адамдарды бір - бірінен, мәдениет ішіндегі ғылым саласының, өнердің, өнегеліліктің, экономика салаларының, саясаттың, руханилықтың жекеленуін, мәдениет дамуының негізгі каналдарының қалыптасу уақыты – «осьтік уақытпен» қазіргі заманғы адамның арасын екі жарым мың жылдай уақыт бөліп тұр. Қазіргі әлеуметтік әлем – берілген ось бойынша жылжи отырып, тығырыққа тірелген әлем. Бұл әлем өзінің қозғалыс бағытын, сипатын өзгерткен жағдайда ғана ары қарай дамиды. Өзгерістің қажет екендігі ешкімге құпия емес. Адамзат өзінің іс – әрекетінің барлық формасында, ішкі әлеуметте, сондай – ақ табиғатпен қарым - қатынаста жекелену, конфронтация стилінен өзара қолдау мен диалог стиліне, экологиялық стилге көшуі керек. Ғалымдар, саясаткерлер өзгерісті енгізу қажеттігін айтып келе жатыр, қоғамның ойы да осыған сәйкес келеді, мәдениетті қайта өндірудің жаңа стилін қылыптастырушылар саны көбеюде. Бірақ бұқаралық деңгейде өту процесі іске асырылып жатқан жоқ. Адамзаттың өз болашағын ойлауда қоғамның өзін –өзі сақтау мүмкіндігінің азаюына әкелетін әлеуметтік белсенділіктің формасы даму үстінде. Әлем мәдениеті, адамдар арасындағы және адамдар мен табиғат арасындағы диалог соғыс мәдениетінен, екі жақты жекеленуден, қарама - қарсы қоюшылықтан әлі де болса басым бола алмай келеді.
Әлемдік экологиялық проблемаларға мыналар жатады: климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биологиялық әралуандылықты сақтау, ал ұлттық экологиялық мәселелерге экологиялық апат аймақтары, Каспий Қайраны ресурстарын игеру барысында туындаған мәселелер, су қорының сарқылуы мен ластануы, байырғы ластанулар, шекаралық сипаттағы мәселелер, әскери ғарыш және сынақ кешеніндегі полигондардың табиғатқа тигізген әсері, ауаның ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті және бактериологиялық, химиялық заттармен ластануы, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың зиянды әсері. 1997ж. «Қоршаған ортаны өорғау туралы» Заңының қабылдануының нәтижесінде қоғамның экологиялық қарым-қатынастар шеңбері реттелді. Жоғарыда аталған тұжырымдамада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары мен жолдары ретінде табиғатты пайдаланудың экономикалық тетіктерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін, экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануға рұқсат беру жүйесін, экологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткіштердің жүйесін индикативті әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мен мемлекеттік экономикалық статистика тәжірибесіне енгізу көзделген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған заңнамасын жетілдіру, экологиялық үгіт-насихатжүргізу, экологиялық білім беру, экологиялық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз ету, соның ішінде іргелі зерттеулердің дамытылуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның мониторингін жүргізудің бірыңғай жүйесін енгізу. Жоғарыда аталған тұжырымдамаларда белгіленген шараларды орындау мерзімі үш кезеңге бөлінген:
Бірінші кезең –2004-2007жж.;
Екінші кезең – 2008-2010жж.;
Үшінші кезең – 2011-2015жж.
2005 жылы Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы бекілді. Сонымен қатар бұл кезеңде табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы суды үнемдеу, шөлейттенуге қарсы күрес, байырғы ластануларды жою, өнеркәсіп пен тұрмыс қалдықтарын басқаруды жетілдіру, қоршаған ортаның мониторингі жөніндегі бірқатар бағдарламаны іске асыру көзделген.
Екінші кезеңде қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру арқылы орнықты дамуды қамтамасыз ету және қоршаған ортаның жай-күйін, сапасын жақсарту қарастырылған.
Үшінші кезеңде барлық белгіленген бағдарламаларды іске асыруды аяқтап, табиғи ортаның сапасын басқару жүйесін қалыптастыру және оған тигізілген зиянды, әсерлерді






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет