Мәдениет атты арнайы курсты оқу барысында пайдалануға, мәдениетті зерттеуге қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған. Экологиялық МӘдениет


Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінің құрылымы



бет15/17
Дата02.12.2023
өлшемі329,17 Kb.
#131896
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
treatise23053

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінің құрылымы
  • Отбасылық тәрбие
  • Мектепке дейінгі экологиялық тәрбие беру
  • Жалпы білім беретін мектептегі экологиялық білім беру
  • Жоғарғы оқу орындарындағы экологиялық білім
  • Институционалды емес экологиялық білім (бұқаралық ақпарат құралдары, өкіметтік емес ұйымдар)

Экологиялық білім беру –экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Қазіргі кезде келесі модель – сценариларда көрсетілген, экологиялық білім беру жүйесін дамытудың бірнеше мүмкін бағыттарын анықтауға болады (14 – кесте).

Экологиялық білім берудің модель– сценариі
  • Экологиялық білімнен – тұрақты даму жолындағы білімге өту (әлеуметтік –экономикалық аспект);
  • Халыққа экологиялық білім беру арқылы–экологиялық мәдениетке өту;
  • Экологиялық біліктілік – кез – келген маманның профессионалдық қызметінің міндетті компоненті.

Адам әлемнің біртұтас екендігін және адамзат біріге отырып қана әлеммен үйлесімді өмір сүре алатындығын сезінуі керек. Осы жаңа көзқарас, жаңа қарым – қатынас, адамның әлемнің бір бөлшегі екендігін сезіну, әлем мәдениеті, экологиялық мәдениет болып табылады.
Адамзаттың экологиялық көзқарасының қалыптасу концепциясы экологиялық қауіпсіздіктің ұлттық жүйесінің маңызды элементтерінің бірі. Елімізде экологиялық білім, тәрбие саласында әлі де көптеген жұмыстар атқарылуы қажет. Экологиялық білімді ұйымдастыру деңгейі қалыптасып отырған мәселеге – қоршаған ортаға антропогендік әсердің үйлесімді принциптерін жүзеге асыруға жауап бере алмайды.
Экологиялық мәдениеттің феномені күрделі, әр қилы, соған қарамастан оны зерттеуде алғашқы қадамддар жасалып, маңызды зерттеулер жүргізілуде. Академик Н.Н. Моисеев өзінің «Экология, өнегелілік, саясат» атты мақаласында «Адамзаттың басты байлықтарының бірі –оның мәдениетінің әр түрлі болуы. Бірақ олар бір – біріне тәуелді. Оларды тарих, ортақ құндылықтар байланыстырады. Енді адамдардың қарым – қатынастары одан сайын күшейе түспек. Олардың бір – біріне өзара тәуелділігі қаншалықты күшті болғанымен, дәстүрлер мен мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін жоғалтуға құқымыз жоқ; мәдениеттер унификациясы–қоғам дамуын тежейді. Интегративті үдерістердің өсуіне, қарым – қатынас, байланыс үдерісінің дамуына қарамастан адам өмірінің бірегейленуі мүмкін емес деп сеніммен айтуым сондықтан» деп жазады [36]. Қазақстан әлем елдерімен тығыз байланыс орната отырып, олардан қажет деген нәрселерін алып, бірақ өз мәдениетінің бірегейлігін, қайталанбас ерекшелігін сақтау керек. Экологиялық мәселелерде де өзіндік ұстанымы, қағидасы болу керек. Осыған байланысты автордың ойымен толық келісуге болады.
Экологиялық дағдарыстан шығу жолы тек, қоршаған ортаны қорғауға байланысты техника саласындағы шешімдерге байланысты емес, сонымен бірге мәдениет, психология, педагогика, мораль құқық, экономика және т.б. салаларға да байланысты. Соның ішінде экологиялық білім беру, тәрбие беру аса маңызға ие болуда.
Европаның ірі мемлекеттерінің бірі германия 60 – 70 жылдары ең лас мемлекеттердің бірі болды. Бірақ 90 – шы жылдарға қарай жағдай жақсара түсті. Елді экологиялық сауықтыру үшін «жасылдардың» әсерімен, солардың талабының негізінде әр–түрлі шаралар қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауға үлкен қаржы бөлінді. Тазалау құрылғыларын шығаруда алдынғы орында болды. Немістердің күнделікті өмірдегі экологиялық «қатаңдығы», экологияға аса көп көңіл бөлуі, шыны ыдыстардың өзін қатаң түрде бірнеше контейнерге тастауы, жасылдарын басқаға, ашық түстісін басқаға тастауы шетелдік адамға қызық болып көрінуі мүмкін.
Американдық The Forbes басылымы әлемдегі экологиялық таза мемлекеттердің рейтингін шығарды. 140 мемлекеттің экологиясы 25критеримен бағаланған. Сол критерилер Швейцария – ең таза ел деп танылды. Бұл мемлекет The Forbesтің зерттеуінің шеңберінде 8критерий бойынша, соның ішінде судың сапасы, ормандардың саны және тазалығы, пестицидті аз қолдануы бойынша ең жоғарғы балды жинаған. Екінші орында Швеция, ауаның ластану деңгейі төмен, таза ауыз суы. Үшінші орында Норвегия, өзінің суының сапасымен, ауасымен, санитариясымен мақтана алады. Норвегтер тыныс алу жолдары ауруларына сирек шалдығады. Азиаттық – Тынық мухиттық аймақтағы ең таза мемлекет Жаңа Зеландия болды, мұнда ел басшылығы қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөледі.Азиаттық – Тынық мухиттық аймақтағы Жапония екінші орынға ие болды, бұл мемлекет ормандық ресурстарды сақтау бойынша ең жоғарғы балды алған, ауаның ластану деңгейі төмен, химиялық пестицидтерді пайдалануға шектеу қойылыуы Жапонияның әлемдегі ең таза халықтардың ішінде – 21болуға мүмкіндік берді, өмір сүрудің орташа ұзақтығы 88жасты құрайды.Біздің еліміз экология мәселесін шешуде жетістіктерге жетіп жатқан елдерден үлгі алу қажет деп ойлаймыз.
Соңғы алпыс жылдарда Семей облысы, батыстағы Тайсойған мен Азғыр Кеңес одағының әскери полигондарына айналды. Сол полигондарда бес жүзге жуық атом бомбасы жарылған. Яғни, Қазақстан дүниежүзі бойынша атом бомбасын ең көп сынаған ел, соның кесірінен екі миллионнан астам отандасымыз зардап шегуде және ол бірнеше ұрпақтың қасіреті, халқымыздың соры болмақ. Оған мысал ретінде әр бір оныншы баланың гендік деңгейде бұзылудың нәтижесінде ақылы кеміс, физикалық жағынан толық жетілмеген болып тууын, соңғы кезде ер адамдардың өмір сүру деңгейі тек 58жасты құрайтындығын айтуға болады. Яғни, әр түрлі сынақтар өзінің нәтижесін беріп жатыр, оның салдары толығымен жойылған жоқ. Жеріміздің 15% - ын экологиялық апатты аймақтар алып жатыр. Семейдегі атом полигоны жабылды,бірақ жеріміздің жарты миллион гектардан астам аумағы, ұзақ уақытқа әртүрлі ракеталарды сынайтын ресейдің әскери полигоны болып қалуда.
Соңғы қырық жылда Арал теңізінің суалып, орны сорға айналғанын барлығымыз білеміз. Оның тартылуы мың тоғыз жүз алпыс алтыншы жылғы белгілі шешімімен оған құйып тұрған Сырдария мен Әмударияның суын басқа мақсаттарға екі есе көп пайдаланған соң басталып, отыз жылда теңіздің орны сорға айналды. Арал теңізі бұдан бұрын да табиғи факторлардың әсерінен бірнеше мәрте тартылған болатын. Арал өңірінен жыл сайын атмосфераға жетпіс миллион тоннаға жуық тұзды, әрі шаңды қосындылыр көтеріліп, сол зиянды қоспалар қайтадан жерге жауады, сонда аудандағы жердің әр гектарына алты жүз, жеті жүз килограмдай қоспа түседі екен. Осы теңіздегі табиғи құбылыстарды түсінбеу немесе түсінгісі келмеу - теңізбен бірге теңіз маңында өмір сүретін түркі халықтарының тағдырына зиянын, кесірін тигізуде. Отандық ғаламдар теңіздің құрғаған бөліктерінде пайда болған дауылдар жоғарыда аталған зиянды қоспаны атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтеріп, бес, он мың шақырым жерге дейін апара алатындығын айтады. Қазіргі кезде барлық адамзатты толғандыратын экологиялық апаттың бір бөлігіне Арал теңізі аймағы жатады. Бұл апатқа тікелей адамның араласуы себеп болды, ол елу миллионнан астам адамдардың тағдырына өз әсерін тигізді.
Каспий теңізі мәселесі де қазіргі кезде өзінің шешімін күтіп тұрған актуалды мәселелердің бірі. Соңғы кездері мұнай өндірудің салдарынан Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде тіршілік ететін балық пен құстар бірнеше рет жаппай қырылуы көрініс тапты. Оның маңындағы басқа елдерде ондай жағдайлар болған жоқ. Мұнай өндірілген сайын оның қалдықтары теңізге құйылады, ол теңіз маңын экологиялық апат аймағына, керек десеңіз, тозыққа айналдырады. Осылай бола берсе,теңіздегі балықтар, жағалауын жайлаған жануарлар жойылып, құстар қырылады. Жағдайды өзгертпесе, алдағы жиырма – отыз жылда Каспий де Аралдың кебін киетін болады. хайуандық - ең алдымен түркі халықтарына, содан кейін жалпы экологияға деген қастандық денр едік. Оны Трумен тұсындағы АҚШ-тың Хиросимо мен Нагасакиге атом бомбаларын тастағанымен де, оның зардаптарымен де салыстыруға болмайды. Себебі, біріншіден, ол бомбалар Жапонияның күтпеген жерден Тынық мұхиттағы АҚШ-тың теңіз флотын жойып жібергені үшін жасалған қарымта болса, екіншіден, АҚШ осындай жойқын қаруы бар екенін көрсетіп, дүниежүзін ықтырып қою еді. Ал, Арал мен Каспий бүгінгідей мүшкіл халге не үшін тап болып отыр? Ғалымдарының айтуынша, соңғы уақытта Каспий теңізіндегі балық бұрынғыдан әлдеқайда, 15-18 есе азайып кеткен екен. Қазақстан осы мәселеге қатысты тез арада шешімдер қабылдап, шаралар қолдану керек, әйтпесе ертең кеш болуы мүмкін.
  • Сонымен, Каспийдің байлығын ел мүддесіне пайдалану дегеніміз, экономикалық тиімділікті ойлау, экологияға нұсқан келтірмеу және елдің болашақ стратегиясы тұрғысынан қарағанда қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету дегенді білдіреді.
  • Қалдықтардың ашық күйде қалуы өзінің нәтижесін бермей қоймайды. Маңғыстау атом электр стансасының ондаған миллион тоннадан астам қалдығы ешбір сақтау технологиясынсыз ашық аспан астында тұр. Ондағы стронций, уран және т.б. радиоактивтік элементтердің жартылай ыдырау уақыты миллион жылға барады, осы зиянды қалдықтар тиісті технологиямен сақталмаса, қамтылмаса осынша уақыт зиянын тигізе бермек. Сондықтан, осындай мәселер аса көңіл бөлуді қажет етеді. Тағы бір Барсакелместегі бактериологиялық сынақ аймағы болған полигон да қараусыз ашық күйде қалып отыр.Ол да тірі табиғатқа орасан зор зиян келтіруде.
  • Байқоңыр ғарыш айлағының да экологияға тигізетін зиянын айтпай –ақ қойсақ та болады.
  • Аралда бола ма, Семейде бола ма экологиялық апаттың зардабын шегетін - жергілікті халық. Әрбір халық өз тағдырын өзі жасайтыны рас болса, Арал апаты бізге неге сабақ болмайды? Оған деген хайуандық көзқарас неге бүгін Каспий дегенде өзгермейді? Осыны ойлағанда кезінде қазақ жерінде болған Ф.Достоевскийдің “бұл халықты жойып жіберіп, орнына басқаларды әкеліп орналастыру керек ...” дегені еске түседі. Сірә, қазақты біреу жойып жібермей - ақ өздері жойылу алдында тұрғанын “Қылмыс пен жазаның” авторы қалай ескермеді екен? Құран Кәрімнің “Күдіксіз бір қауым өзін өзгерпейінше, Алла оларды өзгерпейді!” [14,67] деген аятты көпшілік негізге алса абзал.
  • Әлемде әр түрлі аурулар пайда болуда. Қазіргі кезде өмір сүру ұзақтығы мен өлім деңгейін төмендету ағзаның төзімділігін жоғарылату арқылы емес, сыртқы қорғау және медициналық құралдардың көмегімен жүзеге асырылуда. Адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын және жақсылықтың, игіліктің көзі табиғатқа адамзаттың өзі үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан барлық адамдардың іс – әрекеті биосфераның негізгі функцияларын сақтаудағы талаптармен шектелуі тиіс. Сол талаптарды орындау ғана адамзаттың өзін –өзі жою қаупін ығыстыруы мүмкін. Табиғи ортаның жағдайына тікелей әсер ететін дәстүрлі түрде екі факторды бөліп көрсетеді: 1) табиғи үдерістердің нәтижесінде болатын экологиялық дағдарыс; 2) антропогендік іс –әрекеттің нәтижесінде туындайтын экологиялық дағдарыс. Біріншісіне жер сілкінісі, цунами, топан су сияқты табиғи құбылыстар жатады. Бірақ, айта кету керек бұл құбылыстардың өзі де қазіргі кезде адамзаттың табиғатқа немқұрайлы қарауынан болып отыр. Бұл дағдарыстарды адам тоқтата алмайды, бұл құбылыстардың салдарын минималды деңгейге жеткізу үшін уақытылы, ғылыми негізделген болжам жасай білу керек [38]. Табиғатқа антропогендік әсер келесі бағыттарда жүзеге асырылады: біріншіден, адамдардың өндірістік іс –әрекетінің нәтижесіндегі қоршаған ортаның ластануы; екіншіден, өндірістің ресурстік базасы ретінде қоршаған ортаның компоненттерін рационалды түрде пайдаланбау; үшіншіден, табиғатқа демографиялық қысым көрсету–жер бетіндегі адам санының өсуі,ғаламды қарқынды урбанизациялау және т.б. Негізігі экологиялық мәселелердің қатарына атмосфераны ғаламдық ластаудың салдары, климаттың жылу мүмкіндігі «парниктік эффект», ғаламның азондық қабатының тесілуі, қышқыл жаңбырдың жаууы және т.б.
  • Өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық білімі мен тәрбиесі қазіргі заман талаптарына сай емес. Бұл біріншіден экологиялық баланысты сақтаудағы мақсаттарға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігімен, экологиялық білімді қадағалайтын, басқаратын мемлекеттік –қоғамдық нәтижелі механизмдердің болмауымен байланысты. Экологиялық білімнің төмендігі кадрлық қамтамасыз етумен, яғни білікті мамандардың аз болуымен, материалдық - техникалық базасы деңгейінің төмен болуымен түсіндіріледі [38, 293].
  • Жастарға экология туралы тек теориялық тұрғыда ғана білім беріп қоймай, оған қоса оның ғылыми –зерттеу жұмыстарына қатысуға баулу керек, сонымен бірге табиғатты қорғау іс –әрекетінде эстетикалық, құқықтық, тәжірибелік әрекеттер үйлесім тапқанда ғана экологиялық тәрбие нәтижелі болмақ.

Жалпы, дамыған елдердің қатарына енудегі басты белгінің бірі таза ауыз сумен қамтылған болуы, ауыз су халық өмірінде өте маңызды рөл ойнайды. Біздің елімізде ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмеген. Халық тұтынатын ауыз судың 50% - ы гигиеналық талапқа сай емес. Әр түрлі ауыл – аймақтар сумен қамтамасыз етілмеген, ол туралы теледидардан, радиодан да айтылып жатады. Бірақ, ауыз сумен қамту басты әлі де болса басты мәселе болып қалуда. Дүниежүзілік өркениетті елдерде баяғыда-ақ ауыз суды хлормен тазартуға едәуір шектеу салған, өйткені ауыз суда хлоросформ және т.б. химиялық қоспалар ғалымдардың пайымдауынша, адам тәнінде залалды ісіктердің пайда болуына ықпал етеді. Сонымен Қазақстанда экологиялық жағдай оны жақсарту тұрғысынан кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты өнеркәсіп орындарының қазіргі тазарту жүйелерін жетілдіру немесе жаңарту керек. Сондай-ақ өндірістік қалдықтардың қоспасын тазартудың жаңа жүйесі мен әдістерін жасап, іске қосқан жөн. Оны жүзеге асыру еліміздің экономикалық жағдайына байланысты екені белгілі. Бірақ ретін тауып экология мәселесі шешілуге тиіс.
Халықтың жағдайын жақсарту үшін, елу елдің қатарына кіруіміз үшін осындай мәселер өзінің шешімін табу керек деп ойлаймыз. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, соның ішінде суды үнемдеу экологиялық мәдениеттің бір белгісі болып табылады.
Сапалы тамақ өнімдерін өндіру –нарықтық шаруашылықтың кезек күттірмейтін элементі болып табылады. Ол шаруашылық салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекет азық – түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұраныстарын қамтамасыз етеді [56].
Экологиялық таза өнім өндіру, тұтыну үлкен әлеуметтік – экономикалық мағынаға ие. Ол бір жағынан өндірістік –инновациялық кәсіпкерліктің арнайы түрін дамыту және екінші жағынан ұлттың денсаулығы, өмір сапасы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізу болып келеді.
Экологиялық таза өнім өндірісін мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарастыру керек, өйткені ол көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуімен, қоғамның саулығын қамтамасыз етумен байланысты. Экологиялық таза тағам өнімдерін пайдалануды арттыру халықтың өмірін, денсаулығын жақсартудың бір жолы.
Елімізде өнімдерді пестицидсіз және тыңайтқыштарсыз өсіріп қолдану ғана емес, соған қоса күннен –күнге азайып жатқан экологиялық таза аймақтарды ұлғайту қажет [56,121].
Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасының төмендеуі негізінен қоршаған ортаның ластануына байланысты болады. Ол өз кезегінде өсімдік бойында нитраттардың, пестицидтер мен ауыр металдардың көп жиналуына әкеп соқтырады. Нәтижесінде өсімдік өнімі сапасыз ғана емес, көбінесе зиянды, улы болады [57].
Жоғары сапалы экологиялық өсімдік және мал шаруашылығы өнімін өндіру – қоғамның тұрақты дамуының міндетті шарты.
Сапалы тамақ өнімдерін қамтамасыз ету үшін санитарлық –эпидемиологиялық бақылау ұйымдары өнім құрамына үнемі бақылау жүргізіп отыруы қажет. Оған қоса, өнім өндірушілерге негізсіз тауарларды экологиялық таза деп атауға тыйым салатын заңдар қабылданып, жарнамалау үшін терминді негізсіз пайдалануға жол берілмеуі тиіс [213].
Өскемен, Қарағанды сияқты қалалар да өндіріс қалдықтарымен ластанудан артта қалар емес. Осындай кемшіліктер жіберілмес үшін қомақты қаржы бөлініп, арнайы тексерістер, бақылаулар ұдайы жүргізіліп тұру керек, яғни экологиялық қауіпсіздіктің ережелерін сақтаудың бақылау механизмдерінің болуы қажет. Тек экология мәселесімен
айналысатын құқық органдарын құру, экология саласында арнайы полициялардың болуы, біздің елімізге аса қажет нәрсе.Экологиялық құқық бұзушылыққа байланысты қарастырылған айыппұлдың төленуі қадағалану керек, қарапайым мысал келтіретін болсақ, көп жерлерде ғимарат ішінде болсын, сыртта болсын темекі тартуға болмайды деп жазылып тұрғанмен ешкім оны орындамайды, сонымен қатар көпшілік орындарда темекі тартуға болмайды деген заң шыққанымен көшенің кез– келген бұрышынан заңды бұзып тұрған адамды көресің, біріншіден ол адамның экологиялық білімінің жоқтығын көрсетеді, екіншіден сол заңның орындалуын қамтамасыз ететін талаптың жоқтығы. Айыппұлдың төленуін қадағалау,талапты күшейткенде ғана нәтиже шығатындығы сөзсіз. Адам айыппұлды төлегісі келмегендіктен барлық талаптарды орындайтын болады, бұл талаптарды орындау бара бара әдетке, үйреншікті нәрсеге айналатын болады. Психологтардың айтуынша адам кішкентай кезінде барлық нәрсені жақсы қабылдайды, 22 жасында тұлға толық қалыптасып болады екен, яғни осы жасқа дейін қандай тәрбие алды, қандай білім алды сол бойынша ары қарай әрекет етеді, сондықтан бала күнінен бастап экологиялық тәрбие беру аса қажет. Бала –бақшадан бастап қоршаған ортаға байланысты арнайы тәрбие сағаттары жүргізілу керек. Экологияға қатысты талаптарды арнайы бөлінген полициялар арқылы күшейткен абзал.
Қазіргі кезде елімізде 24 млрд тоннадай өндірістік қалдық (оның жеті миллиардқа жуығы техногендік зиянды қалдықтар) жиналған. Осы зиянды қалдықтардан құтылу үшін, табиғатты қалыпты жағдайға келтіру үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек және оның қалпына келуі үшін де ұзақ уақыт керек. Барлық экологиялық жағдайды бақылап отыратын арнайы ұйым жұмыс істеу қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде елімізде болып жатқан экологиялық апаттардың бір бөлігі, әр түрлі сынақ орындарының ашық қалуы, сонымен қоса Қызылағашта, Семейде болған су тасқыны бақылау жасамағанның салдары, бақылау жасайтын мекемелердің болмауынан болып отыр. Тағы да бір айтатын жағдай елімізде шет елдік азаматтардың әр түрлі сынақ орындарын қалай болса солай пайдаланып, еркін жүруінде. Экология мәселесінде құқықтық саланың дамуы кешеуілдеп тұр. Экологиялық сала өзінің құқықтық жағынан шешілуін, экологияға байланысты атқарылатын жұмыстарөзінің іске асырылуын күтуде. Экологиялық жағдай одан сайын асқынбай тұрғанда әрекет етуіміз қажет. Осыған қатысты жастар арасында сауалнама жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет